№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері



Pdf көрінісі
бет14/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   293
Байланысты:
педагогика

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері. 
Педагогикалық  іс-әрекет  әлеуметтік  маңызды  іс-әрекеттердің  маңызды  бір 
түрі. Бұл  іс-әрекет  түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын  іс-әрекет 
болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады:  
конструктивті, 


ұйымдастырушылық, 
коммуникативті іс-әрекеттер. 
Педагогтың конструктивті іс-әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, 
жоспарларын  құрастыру  түрінде  жүзеге  асады.  Конструктивті  іс-әрекет 
конструктивті-мазмұндық, 
конструктивті-оперативті, 
конструктивті-
материалдық іс-әрекеттерден құралады. Конструктивті мазмұндық іс-әрекет оқу 
материалын таңдау, педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау, сабақ, тәрбиелік шара 
жоспарын әзірлеу сияқты іс-әрекеттерден құралады. 
Конструктивті-оперативті  іс-әрекет  педагогикалық  үдерістегі  мұғалім  мен 
оқушының  іс-әрекеттерін  жоспарлау,  қолданылатын  әдіс-тәсілдері  таңдап, 
оларды құрастыру түрінде жүзеге асады. 
Конструкивті-материалдық  іс-әрекет  педагогикалық  іс-әрекетке  қажетті 
материалдық  техникалық  базаны  құрастыру,  ұйымдастыру  түрінде  іске  асады. 
Яғни,  мұғалім  сабағына  қажетті  техникалық,  көрнекілік  құралдарды  әр  түрлі 
жабдықтарды анықтайды. Конструктивті  іс-әрекет мұғалім жұмысының жүйелі 
әрі  нәтижелі  болуының  кепілі  деп  айтуға  болады.  Мұғалім  өзінің  және 
оқушылардың іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алса, ол нәтижелі жұмыс жасауына 
ықпал етеді. 
Педагогтың  ұйымдастырушылық  іс-әрекеті  конструктивті  іс-әрекеттің 
жалғасы  деп  айтуға  болады.  Мұғалім  өзі  құрастырып,  өзі  жоспарлаған  іс-
әрекеттерін нақты  іс-жүзінде  жүзеге  асырады.  Оқушылардың  білі  алу  үдерісін, 
тәрбиелеу  үдерісін  ұйымдастырады.  Олардың  жүйелі  білім  алуын,  олардың 
таным үдерістерін басқарады. Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттерін, әр түрлі 
тәрбиелік  шараларды,  балалар  ұжымының  іс-әрекетін,  ата-аналардың  бала 
тәрбиесіне  қатысты  іс-әрекеттерін  және  т.б.  шараларды  ұйымдастырады.  Бұл 
педагогикалық  іс-әрекет  құрылымындағы  маңызды  іс-әрекеттердің  бірі  болып 
табылады. 
Педаготың 
коммуникативті 
іс-әрекеті 
педагогикалық 
үдеріске 
қатысушылармен  қарым-қатынас  орнатуға  бағытталған  іс-әрекеті.  Мұғалім 
оқушылармен, мұғалімдер ұжымымен, ата-аналармен үйлесімді қарым-қатынас 
орната  алуы  керек.  Коммуникативті  іскерлік  мұғалімнің  педагогикалық  іс-
әрекетіндегі  маңызды  құрал  деп  айтуға  болады.  Мұғалім  өзінің  сөзі  арқылы 
оқушыға  білім  беріп,  оның  тәрбиесін  ұйымдастырады.  Сондықтан  да  жақсы 
мұғалім  болуы  үшін  педагогикалық  қарым-қатынас  құпияларын  меңгеру 
маңызды болып табылады. 
Бұл 
аталған 
педагогикалық 
іс-әрекеттің 
құрылымдары 
өзара 
байланыстылықта, тұтастықта, бір жүйеде жүзеге асады.  
Педагогикалық іс-әрекет пен оның алуан түрлі аспектілерін зерттеумен Ш.А. 
Амонашвили, Д.М. Гришин, В.А. Кан-Калик, Н.В. Кузьмина, А.Н. Леонтьев, В.А. 
Мижериков,  П.П.  Пидкасистый,  С.А.  Рубинштейн,  Л.И.  Рувинский,  В.А. 
Сластенин, Смирнов В.И., Н.Д. Хмель және т.б. отандық және шетелдік ғалымдар 


айналысқан, олардың ғылыми зерттеулерін талдай отырып, біз педагогикалық іс-
әрекеттің негізгі түрлерін біле аламыз, оларға мыналар жатады:  
сабақ беру (сабақ жүргізу); 
тәрбие жұмысы;  
ғылыми-әдістемелік жұмыс; 
басқарушылық іс-әрекет;  
мәдени-ағартушылық іс-әрекет; 
өздігінен білім мен тәрбие алу; 
сыныптан тыс жұмыс. 
Енді осылардың әрқайсысының ерекшеліктерін тереңірек қарастырайық. 
Сабақ  беру  (сабақ  жүргізу)  –  мұғалім  іс-әрекетінің  бұл  түрі  негізінен 
оқушылардың танымдық қызметін басқаруға бағытталады [8].  
Сабақ жүргізу оқытудың көптеген қырларының бірі, ол тек оқушымен тығыз 
өзара әрекет ету арқылы ғана тікелей және жанама нысанда жүзеге асырылады. 
Бірақ, бұл өзара әрекеттер қандай нысанда болмасын, сабақ беру үдерісі белсенді 
түрдегі үйрету үдерісінің қатар жүруін талап етеді.  
Оқушылардың қызметі қамтамасыз етіліп, мұғалімнің ұйымдастырылуы мен 
бақылауында  болғанда  да,  яғни,  оқыту  үдерісі  сабақ  беру  мен  үйрену 
мақсаттарының  ортақтығымен  қамтамасыз  етілгенде  де  осылай  болады.  Оқыту 
үдерісін  дайындау  мен  іске  асыру  барысында  мұғалім  бір  жағынан  оқу 
ақпараттарын  іріктеп,  жүйелеп,  құрылымдап,  оны  оқушыларға  ұсынады,  ал 
екінші  жағынан  –  оқушылардың  оқу  міндеттеріне  сәйкес  тиімді,  рационалды, 
қызметті ұйымдастырады. 
Педагогикалық  іс-әрекеттің  тағы  бір  түрі  –  тәрбие  жұмысы,  ол  тәрбие 
ортасын  ұйымдастыруға,  және  оқушыларды  тәрбиелеу  ісін  қоғам  алға  қойған 
міндеттерге сәйкес мақсатты түрде басқаруға бағытталады. 
Тәрбие  жұмысы  кез-келген  ұйымдастырушылық  нысанында  жүзеге 
асырылады,  мақсатқа  тікелей  қол  жеткізу  міндетін  ұстанбайды,  өйткені  оның 
нәтижелері  оқу  үдерісіндегі  сияқты  соншалықты  сезілмейді.  Бірақ, 
педагогикалық  қызметтің  тұлғаның  деңгейі  мен  сапасын  білдіретін  белгілі  бір 
хронологиялық  шектері  бар  болғандықтан,  тәрбиеліліктің  түпкі  нәтижелерінің 
белгілі  бір  дәрежеде  салыстырмалылығы  туралы  айтуға  негіз  бар,  олар 
тәрбиеленушілердің  санасындағы,  мінез-құлқындағы  және  қызметіндегі  оң 
өзгерістер түрінде көрініс береді. 
Сабақ беру мен тәрбие жұмысы дегеніміз бір үдерістің екі тармағы екендігін 
атап айту керек: тәрбиелік ықпал етпей сабақ беру мүмкін емес, оның тиімділік 
дәрежесі  қаншалықты  ойластырылғандығына  байланысты  болмақ.  Дәл 
осылайша, тәрбиелеу үдерісі де оқыту элементтерінен тыс мүмкін бола алмайды. 
Мәні  мен  мазмұнын  ашу  үшін  көптеген  зерттеулер  жүргізілген  оқыту  –  тек 
шартты түрдегі құбылыс, неғұрлым терең тану үшін оны тәрбиеден бөлек жеке 
қарастырады.  Біртұтас  педагогикалық үдерістің осындай  екі  тармағының  өзара 


байланысын ашып көрсете отырып, бірқатар айтарлықтай өзгерістерді де ескеру 
қажет, атап айтқанда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет