№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті



Pdf көрінісі
бет17/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті. 


Зерттеуші мен тәжірибеші қызметтерін біріктіреді: ол білікті зерттеуші бола 
жүріп, бала туралы, педагогикалық үдеріс туралы жаңа мәліметтер алуға ықпал 
етуі  тиіс,  сөйтіп  осы  жаңа  мәліметтерді  практикада  қолдануы  қажет.  Педагог 
көбіне  ғылыми  әдебиеттерден  өз  жұмысының  нәтижелерін  қорытындылауға 
қажетті,  өз  тәжірибесіндегі  нақты  оқиғаларды  түсіндіретін  немесе  туындаған 
мәселелерді  шешуге  септігін  тигізетін  мағлұматтарды  таба  алмайды.  Сөйтіп, 
жұмыстағы  ғылыми  көзқарас  педагогтың  әдістемелік  қызметінің  негізі  болып 
табылады. 
Педагогтың  ғылыми  жұмысы  оқушылар  мен  балалар  ұжымын  зерттеу,  өз 
жұмысының  нәтижелерін  қорыту  мен  әртүрлі  әдістердің  өзіндік  «банкін» 
қалыптастыру,  ал  әдістемелік  жұмысы  –  қандай  да  бір  салада  іскерліктерін 
жетілдіруге  ықпал  ететін  әдістеме  тақырыбын  таңдау  және  әзірлеу, 
педагогикалық  қызмет  нәтижелерін  бекіту,  бір  сөзбен  айтқанда,  орындау  және 
жетілдіру. 
Педагогтың басқарушылық іс-әрекеті. 
 Оқушылардың  тобымен  жұмыс  жүргізетін  кез  келген  маман  қандай  да  бір 
дәрежеде  оның  қызметін  ұйымдастырумен  айналысады,  бірлескен  жұмыстың 
мақсаттарын белгілеп, оған қол жеткізу үшін еңбек етеді, яғни, сол топқа қатысты 
басқару функцияларын атқарады.  
Мұғалім-тәрбиешінің  қызметінде  басқарушылықтың  орын  алуының  басты 
белгілері  –  алға  мақсат  қою,  оған  қол  жеткізу  үшін  белгілі  бір  тәсілдерді 
пайдалану және ұжымға ықпал ету шараларын қолдану болып табылады. 
Балалардың  тобын  бақара  отырып,  педагог  бірнеше  функцияны  атқарады: 
жоспарлау  және  ұйымдастыру  –  жоспардың  орындалуын  қамтамасыз  ету, 
негіздеу  және  ынталандыру  –  педагогтың  өзін-өзі  және  басқаларды  алға 
қойылған мақсатқа қол жеткізу жолындағы жұмысқа жұмылдыруы. 
Психологиялық-педагогикалық ғылымда педагогикалық қызметтің мынадай 
құрылымы берік қалыптасқан:  негіздеу, мақсат,  қызметті жоспарлау, ағымдағы 
ақпараттарды  өңдеу,  жедел  образ  және  концептуалдық  үлгі,  шешім  қабылдау, 
әрекет ету, нәтижелерді тексеру және іс-әрекеттерді нақтылау. 
Мәдени-ағартушылық іс-әрекет – педагог еңбегінің құрамдас бөлігі. Ол ата-
аналарды педагогика мен психологияның әртүрлі салалаларымен таныстырады, 
ал  оқушыларды  өзін-өзі  тәрбиелеудің  негіздерімен  таныстырады,  жаңашыл 
психологиялық-педагогикалық  зерттеулердің  нәтижелерін  танымалдандырады 
және  түсіндіреді,  психологиялық-педагогикалық  білімдерге  деген  қажеттілікті 
және  оларды  ата-аналардың  да  оқушылардың  да  пайдалануға  деген  ынтасын 
қалыптастырады. 
Педагогикалық  мамандықтың  барлық  қасиеттерін  ашатын  негізгі 
функционалдық бірлік ретінде педагогикалық іс-әрекет танылады, ол мақсат пен 
мазмұнның тұтастығын білдіреді. Бұл ретте, бір жағынан педагогикалық қызмет 
оның  барлық  түрлері  мен  нысандарында,  яғни  тәрбиеде  немесе  оқытуда, 
экскурсияда немесе сабақта көрініс беретін жалпы сипаттың белгісі  іспетті.  Ал 


екінші жағынан, педагогикалық іс-әрекет диалектикалық тұрғыда оның жалпыға 
бірдей  бірұтастығы  да,  жеке  бөліктердің қайталанбайтын  бірегейлігі  де  көрініс 
беретін ерекше сипат болып табылады [9]. 
Қандай да бір педагогикалық іс-әрекеттің жүзеге асырылуын талдай отырып, 
педагогикалық  қызметтің  қисынын  анықтауға  болады.  Шындығында  да, 
мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті алға қойылатын міндетті қалыптастырудан, 
құралдарды,  мазмұнды  анықтаудан,  оны  шешудің  жолдары  мен  өз  іс-
әрекеттерінің күтілетін нәтижелерін анықтаудан басталады. Теориялық тұрғыдан 
шешілген  мәселе  тәжірибелік  өзгеру  сатысына  көшудің,  оны  жүзеге  асыру 
барысында  мұғалімнің  іс-әрекетінің  жоспарлануы  мен  нақты  қол  жеткізген 
нәтижелерінің арасында белгілі бір сәйкессіздіктің бар екендігі анықталады. Осы 
кезде  ахуалды  талдау  және  алға  қойылған  міндетті  шешудің  оңтайлы  жолын 
анықтау  қажеттілігі  туындайды,  сөйтіп,  іс-әрекет  тәжірибелік  қимыл  түрінен 
қайтадан  танымдық  мәселе  түріне  ауысады,  оның  шарттары  неғұрлым  толық 
бола бастайды.  
Осылайша,  педагогтың  іс-әрекеті  әрқилы,  түрлі  санаттар  мен  деңгейлердегі 
сарқылмайтын  міндеттерді  шешудің  үздіксіз  үдерісін  білдіреді.  Педагогикалық 
іс-әрекет нәтижелі, тиімді болуы үшін мұғалімнің мыналарды білуі шарт: 
іс-әрекеттің психологиялық құрылымын, оның даму заңдылықтарын; 
адам қажеттіліктерінің табиғатын және қызметтің негіздерін: 
адамның әртүрлі жас ерекшеліктеріне қарай атқаратын іс-әрекеттің жетекші 
түрлерін. 
Сонымен қатар мұғалім:  
адам  іс-әрекетінің  таңдаушылық  сипатын  ескере  отырып,  іс-әрекетті 
жоспарлай  білуі,  балалар  мен  жасөспірімдердің  жас  ерекшеліктерін,  жеке 
қасиеттерін,  олардың  мүдделерін  мен  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  оның 
нысандары мен мәнін анықтай білуі; 
негізді қалыптастыра және іс-әрекетті ынталандыра білуі; 
балалардың  іс-әрекеттің  негізгі  құрылымдық  бөліктерін  игере  білуін 
қамтамасыз  ете  отырып,  ең  алдымен  мақсат  қою,  жоспарлау,  өзіндік  бақылау, 
өзін-өзі  бағалау,  әрекеттер  мен  операцияларды  орындау  іскерліктерін  дамыта 
білуі қажет [10].  
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін ашатын ақпараттардың қорытынды бөлігі 
ретінде  мұғалімнің  іс-әрекетін  тағы  екі  аспектінің  тұрғысынан  қарастырып 
көрейік:  
біріншіден, педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдылық сипатын атап өту керек. 
Мұғалім,  өзінің  іс-әрекетін  негізінен  мектептің  педагогикалық  ұжымының 
мүшесі  ретінде  іске  асырады,  ал  мектеп  болса,  өз  кезегінде  бірыңғай  жоспар 
бойынша  жұмыс  істейді,  бір  ұстанымды  ұстанады,  ерекше,  бірегей 
психологиялық ахуалды қалыптастырады және мұғалімнің тұлғасына қандай да 
бір ықпал етеді; 


екіншіден,  мектепте  баланың  дамуына  шартты  түрде  педагогикалық  іс-
әрекеттің  жиынтық  субъектісі  деп  аталатын  құбылыс  қатты  әсер  етеді,  кең 
мағынада  айтсақ,  балаға  мектептің  барлық  педагогикалық  ұжымының  әсері, 
басқаша  айтқанда,  нақты  бір  сыныптың  оқушыларымен  жұмыс  істейтін 
мұғалімдер  тобының  әсері  деуге  болады.  Қазіргі  уақытта,  білім  беру  саласын 
басқарудың  мемлекеттік  принципі  барынша  айқындала  түскен  сәттерде, 
педагогикалық  қызметтің  жиынтық  субъектісі  деген  ұғым  неғұрлым  кең 
мағынаға ие бола бастады, оған білім беру үдерісінің барлық мүшелері қосылады: 
оқушылар  мен  олардың  ата-аналары,  қосымша  білім  беру  мұғалімдері  мен 
педагогтары,  әлеуметтік  педагог  пен  психолог,  сонымен  қатар,  өндірістік, 
мәдени, ағартушылық жұртшылық өкілдері.  
Демек,  мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекеті  балалардың  танымдық 
қызығушылықтарын  дамыта  және  қолдай  білген  кезде,  сабақ  үстінде  ортақ 
шығармашылық  ахуалды,  топтық  жауапкершілікті  және  сыныптастардың 
табысқа жетуіне мүдделілікті түсіндіре білген кезде ғана сәтті болмақ. 
Педагогикалық  іс-әрекеттің  түрлері  көп  болғаныдықтан  оның  атқаратын 
қызметтері де жеткілікті. 
Диагностикалық  қызмет  –  бұл  оқушылардың  дамуын,  тәрбиелік  деңгейін 
зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі, әрі жүйелі 
ұйымдастыру  үшін  психологпен  бірлесе  отырып,  оқушыларды  әр  түрлі 
әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық 
қызмет деп атайды.  
Бағыттаушы-болжаушылық  қызмет  –  мұғалімнің  тәрбиелік  іс-әрекеттің 
бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті. 
Мұғалім  өз  іс-әрекетінің  мақсаттары  мен  міндеттерін  алдын-ала  болжап, 
анықтайды. 
Конструктивті-жобалаушылық  –  педагогтың  оқушылар  меңгеретін  білім 
мазмұнын  таңдап,  ұйымдастыру,  оқушылардың  іс-әрекетін  жобалау,  өзінің 
болашақ  әрекетін  және  мінез-құлқын  жобалауға  бағытталған  іс-әрекет.  Бұл 
қызмет  барысында  мұғалім  өз  іс-әрекетіне  қажетті  әр  түрлі  жоспарлар  мен 
жобаларды әзірлейді.  
Ұйымдастырушылық – педагогикалық үдерісті, оқушылар  іс-әрекетін жүзег 
асыруға  бағытталған  іс-әрекет.  Мұғалім  нақты  міндетерді  анықтап,  оларды 
ұйымдастыру  формаларын  таңдап,  оқушылармен  өзара  байланыстылықты 
таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады.  
Ақпараттық-түсіндірмелік 
–қажетті 
ақпараттарды 
жинақтап, 
оны 
оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет. 
Коммуникативті-ынталандырушы  –  бұл  мұғалімнің  педагогикалық үдеріске 
қатысушылармен  қарым-қатынас  орнатып,  олардың  іс-әрекетін  ынталандыруға 
бағытталған іс-әрекеті.  
Талдау-бағалау  –  бұл  мұғалімнің  педагогикалық  үдерістің  жеткен 
нәтижелерін  мақсатпен  салыстыруға,  оның  деңгейін  анықтауға  бағытталған  іс-


әрекет.  Талдау-бағалау  қызмет  мұғалімге  өзінің  жіберген  кемшіліктерін 
болашақта  болдырмауға,  нәтижелі  жұмыс  жүйесін  жасауға  және  т.б  мүмкіндік 
береді. 
Зерттеу-шығармашылық  -  педагогтың  өз  іс-әрекетін  жетілдіре,  дамыта 
түсуіне  мүмкіндік  беретін  ізденіс  жұмысы.  Педагогтың  зерттеушілік  қызметі 
өзінің  жеке  зерттеу  тақырыбы  бойынша  немесе  оқушылардың  ғылыми 
жұмыстарына басшылық жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін. 
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 
«Педагогикалық іс-әрекет» ұғымына анықтама беріңіз. 
Психологиялық-педагогикалық ғылымда іс-әрекеттің қандай түрлері бар? 
Педагогикалық іс-әрекеттің жүйе құраушы бөлігін атап және оны сипаттаңыз. 
Психологиялық-педагогикалық  ғылымдағы  мақсатты  қалыптастыру  нені 
қамтиды? 
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі нысандарының мәнін ашыңыз. 
Педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны неде? 
Педагогикалық  іс-әрекеттің  мәні  оқушылардың  оқу-танымдық  және 
тәрбиелеуші қызметін басқару екендігі неліктен? 
Оқушылардың оқу-танымдық қызметін басқарудың қандай кезеңдері бар? 
Педагогикалық іс-әрекеттің құралдарын сипаттаңыз. 
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері қалай тексеріледі? 
Мұғалімнің 
сабақ 
беруі 
мен 
тәрбие 
жұмысының 
ең 
басты 
айырмашылықтарын сипаттаңыз. 
Мәдени-ағарту жұмысы педагог іс-әрекетінің қажетті құрамдас бөлігі екендігі 
неліктен? 
Негізгі әдебиеттер: 
Философский словарь. Под ред. И.Т. Фролова. М.: Политиздат, 1991. 520 с. 
Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М.: Педагогика-пресс, 1996. – 
534 с. 
 Ломов Б.Ф. Вопросы общей, педагогической и инженерной психологии. - М.: 
Педагогика, 1991. - 296 с. 
Педагогический словарь / Под ред. Коджаспировой Г.М., Кожаспирова А.Ю. 
– М.: Издательский центр «Академия», 2000. – С. 163. 
Сластенин  В.А.  Современные,  подходы  к  подготовке  учителя  // 
Педагогическое образование и наука, 2000. - № 1-С.-75-79. 
Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. 2-е изд. - М.: Политиздат, 
1977. - 304 с. 
Педагогика /Под ред. П.И. Пидкасистого. - М., 1998. – 326 c. 
Психолого-педагогический  словарь  для  учителей  и  руководителей 
общеобразовательных  учреждений.  /сост.  В.А.  Мижериков.  Ростов  на  Дону: 
Феникс, 2007. – 158 с. 


Введение  в  специальность:  Учебное  пособие  для  студентов  педагогических 
институтов  /Л.И.  Рувинский,  В.А.  Кан-Калик,  Д.М.  Гришин  и  др.  -  М.: 
Просвещение, 1988.  
Смирнов В.И. Общая педагогика в тезисах, дефинициях, иллюстрациях. М., 
2005. – 170 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет