әлдеқайда күрделірек, өйткені бұл ретте шешуші роль атқаратын – таңдау
бостандығы. Міне, сондықтан да, білімнің табыстылығы көп жағдайда танымдық
мүдденің қалыптасу деңгейіне және тұтастай алғанда, оқушылық қызметке
байланысты, яғни тек қана сабақ беру нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар
тәрбие жұмысына да тәуелді.
Сонымен қатар, этика, эстетика және оқу жоспарында қарастырылмаған өзге
де ғылымдар саласындағы білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастыру, шын мәнінде оқытудың өзі болып табылатынын ескерген жөн.
Бұған қоса, В.В. Краевский, И.Я. Лернер және М.Н. Скаткин сияқты педагог-
зерттеушілер білім мазмұнының ажырамас бөліктері адамның оқу үдерісінде
меңгерген білімдері мен іскерліктерімен қатар, шығармашылық қызмет
тәжірибесі мен қоршаған ортаға деген эмоционалдық-құндылықтық қатынас
тәжірибесі деп санаған. Сабақ беру мен тәрбие беру біртұтас болмаса білім
берудің аталған элементтерін іске асыру мүмкін болмас еді. А. Дистервегтің өзі
біртұтас педагогикалық үдеріс дегеніміз, оның мазмұндық аспектілерінде
«тәрбиелеуші оқыту» мен «оқытушы тәрбиенің» біртұтас үдерісі екенін түсінген.
Сабақ беру мен тәрбие жұмысының өзара байланысы мұғалімнің
оқытушылық жұмыспен қоса сынып жетекшісінің функцияларын да қоса
атқаратындығынан да көрініс береді.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі сынып
жетекшісі – сабақ берумен қатар белгілі бір сыныптың оқушылар ұжымын
ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі жалпы жұмыстарды жүзеге асыратын
мұғалім болып табылады. Сынып жетекшісінің жұмысының мазмұны
мыналардан тұрады:
оқушыларды жан-жақты зерттеу, олардың іскерліктерін, сұраныстары мен
қызығушылықтарын анықтау, сынып белсенділерін құру, мінез-құлық
нормаларын және сынып пен мектептің намысы үшін жауаптылық сезімін
тәрбиелеу мақсатында мектептің жарғысын немесе «Оқушыларға арналған
Ережелерді» түсіндіру;
оқушылардың үлгерімін, тәртібін, қоғамдық жұмысын және бос уақытты
қалай өткізетінін бақылау;
сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыру;
оқушылардың ата-аналарымен жүйелі түрде өзара байланыс жасау,
сыныптың ата-аналар комитетінің жұмысын ұйымдастыру;
құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қолдану және т.с.с.
Сонымен қатар, сынып жетекшісі оқу жылына арналған оқу жоспарын
жасайды, оқу жылының соңында мектеп әкімшілігіне өзінің жұмысы туралы
қысқаша есеп береді.
Сынып жетекшісінің аса маңызды міндеті оқушылардың өзін-өзі басқаруын
дамыту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: