№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Бастапқы  және  орта  кәсіби  білім



Pdf көрінісі
бет9/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Бастапқы  және  орта  кәсіби  білім 
кәсіптік  мектептерде,  лицейлерде  және 
колледждерде алынады, ол жалпы орта білім алумен үйлестірілген. 
Кәсіби-техникалық білім беру аясында келесі мәселелер шешімін табады:  

 
кәсіби  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыбілімдік  стандарттарын  әзірлеу 
және енгізу, оларды еңбек нарығындағы ахуал мен экономикадағы құрылымдық 
өзгерістерді ескере отырып, жаңарту;  

 
кәсіби білімнің қолжетімділігін арттыруға жағдайлар тудыру;  

 
кәсіби білімнің мемлекеттік емес секторына қолдау көрсету;  

 
кәсіби білім жүйесінде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру мен дамыту;  

 
кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарында  кадрларды  даярлау  мен  қайта 
даярлау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. 
Бастапқы  кәсіби  білім  жұмысшыларды,  мамандар  мен  жұмыссыздарды, 
сондай-ақ  жұмыспен  қамтылмаған  халықты  дайындауды,  қайта  оқытуды, 
олардың біліктілігін арттыруды қамтиды.  
Сонымен  қатар,  біздің  елімізде  кәсіптік  мектептер  мен  лицейлер  жұмыс 
істейді.  Білікті  жұмысшыларды  дайындау  300-ден  астам  мамандық  бойынша 
жүзеге асырылады.  
Орта  кәсіби  білім  беру  мекемелерінің  қатарына  колледждер  жатады,  олар 
мамандарды орта кәсіби білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары мен жаңа 
оқу  жоспарлары  бойынша  даярлауға  көшкен.  Колледждерде  оқушылар 
контингентін  қалыптастыру  мен  мамандарды  дайындаудың  жаңа  тетіктері 
енгізілген,  яғни аймақтағы  еңбек  ресурстарына  қажеттіліктерді  ескере  отырып, 
шарттардың негізінде мамандарды дайындауға жұмсалған шығындар толығымен 
өтеледі.  Бұл  ретте  жаңа  мамандықтар  тек  қана  нақты  тапсырысшылар  болған 


жағдайда  және  аймақтық жұмыспен  қамту  бюросының  қорытындысына  сәйкес 
ұйымдастырылады. 
Орта  кәсіби  білім  беруді  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  меншік 
нысандарындағы колледждер қамтамасыз етеді.  
Жоғары  кәсіби  білімді
 
орта  білімі  бар  азаматтар  ала  алады.  Қазақстан 
Республикасында  жоғары  оқу  орындарының  келесі  түрлері  белгіленген: 
университет,  академия,  институт  және  оларға  теңестірілген  оқу  орындары 
(консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище).  
Жоғары білімнің құрылымында үш саты қарастырылған:  
1. жоғары базалық білім, ол «бакалавр» академиялық дәрежесінің берілуімен 
мамандықтың бағдары бойынша кең гуманитарлық және іргелі жаратылыстану-
ғылыми дайындықты көздейді;  
2.  «жоғары  білімді  маман»  біліктілігін  беретін  жоғары  арнаулы  білім 
(дипломды маман);  
3.  жоғары  ғылыми-педагогикалық  жоғары  білім  түлектердің  ғылыми  және 
педагогикалық жұмыстарға (жоғары оқу орындарында) араласуын көздейді.  
Қорытынды аттестаттаудан өткен тұлғаға «жоғары білімді маман» біліктілігі 
және «ғылым магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.
 
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарына кадрларды көпсатылы дайындаудың 
тиісті  құрылымдарын  дербес  анықтау  құқығы  берілген.  Жоғары  оқу  орнында 
жоғары  білімнің  жекелеген  сатылары  да,  барлық  сатылары  да  қолданылуы 
мүмкін.  Қазақстан  Республикасының  жоғары  кәсіби  білім  беру  жүйесі  164 
жоғары оқу орнын қамтиды, оның ішінде 47 мемлекеттік және 117 жекеменшік 
оқу орны бар [9-12].  
Білім беру жүйесіне арнап кадрлар дайындауды
 
орта арнаулы және жоғары 
оқу орындары жүзеге асырады.  
Шетелдік  студенттерді  оқыту  Қазақстанның  47  жоғары  оқу  орындарында 
жүргізіледі.  Оларда  Тәуелсіз  мемлекеттер  достастығы  мен  Балтика  жағалауы 
елдерін қоса алғанда әлемнің 43 мемлекеттен келген студенттер оқиды. Шетелдік 
студенттерді оқуға қабылдау шарттары – демократиялық түрде [9].  
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді арнаулы жоғары білімі немесе «магистр» 
академиялық дәрежесі бар мамандар алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 
негізгі нысандарына жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының 
докторантурасы жатады. 
Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлауды
 
білім беру ұйымдары, 
өзге де ұйымдар, ғылыми және оқу орталықтары, мемлекеттік жұмыспен қамту 
орталықтары  жүзеге  асырады.  Бұл  жұмыстар  мемлекеттік  бюджет  есебінен  де, 
шарттық негіздерде де жүргізіледі. 
Кадрларды қайта даярлау Республикалық біліктілікті арттыру институтында, 
ал  білім  беру  жүйесінің  ғылыми-әдістемелік  және  басшы  кадрларын  қайта 
даярлау – мұғалімдерді  жетілдірудің облыстық және қалалық институттарында 
жүргізіледі. 


Қазіргі  уақытта  жоғары  білікті  мамандарды  көпсатылы  дайындауға  көшу 
жүзеге асырылуда, яғни бакалавр – магистр – доктор Ph.D, осыған орай, жоғары 
білім  өндіріс  пен  нарықтың  тез  өзгеріп  отыратын  жағдайларына  бейімделген, 
жаңа  үлгідегі  мамандарды  дайындауға  мүмкіндік  беретін  бакалаврлық 
бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.  
Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  құрылымына  қызметтің  ғылыми  және 
өндірістік  салаларына  арналған  арнайы  да  икемді  бағдарламалар  бойынша 
жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми-зерттеу  институттарының  базасында 
магистрларды дайындау енгізілген.  
Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімнің  екінші  сатысында  Ph.D  докторлық 
бағдарламалар көзделген, мұнда оқу мен зерттеушілік қызметтің оңтайлы тепе-
теңдігі үйлесім тапқан.  
Жаңа  үлгідегі  мамандар  дайындау  жоғары  білімнің  Еуропа  аймағы  туралы 
Болония  декларациясына  және  білімнің  халықаралық  стандарттық  жіктемесіне 
сәйкестендірілген  үлгісі  бойынша  жүзеге  асырылады.  Ғылыми  және  ғылыми-
педагогикалық кадрларды дайындау жүйесін реформалау ғылым кандидаттары, 
докторлары және философия докторларын ғылыми дәрежелерінің қатар жүруін 
көздейді (PhD).  
Қазақстан  Республикасындағы  жоғары  білім  жүйесінің  қазіргі  тағы  бір 
ерекшелігі  оқудың  несиелік  нысанына  көшу  болып  табылады,  бұл  нысан 
бойынша  студенттер  университетті,  мамандықты  таңдауымен  қоса  оқу 
бағдарламасы мен оқытушылардың шамаман 50 пайызын да таңдап ала алады. 
Осылайша,  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарында  бакалаврлар  мен 
магистрларды  оқыту  несиелік  жүйе  бойынша  жүзеге  асырылады,  бұл  қазіргі 
қоғам үшін кадрлар дайындаудың барлық талаптарына сай және білім берудің ең 
ілгерілеуші үлгілерінің бірі болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет