Тұлға және қоршаған орта. Адам- әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі. Ол туған күннен бастап әртүрлі
әлеуметтік өзара әркеттерге қосылады. Әлеуметтік қатынастардың алғашқы
тәжірибесін бала сөйлеуді үйренгенге дейін алады. Бала есейген сайын қарым-
қатынас аясы да кеңейеді. Соған сәйкес тәжірибесі де молая бастайды. Ол тәжірибе
баланың өзінің ішкі жан дүниесінің бір бөлігіне айналады. Социумның бір бөлігі
ретінде жинақтаған субьективтік тәжірибе тұлғаның ажырамас қасиетіне айналады.
Адамның қоршаған ортамен өзара әрекеті «
әлеуметтену» түсінігі арқылы
ашылады. «Әлеуметтену» ғылымаралық түсінік және педагогикада кең
қолданылады.
Әлеуметтенудың қазіргі тұжырымдамаларын бастауларын А Бандура, Г Тарда,
Т Парсонс еңбектеріне көруге болады.
Қазіргі кезде әлеуметтену процестерін зерттеу осы ұғымды кең және тар
мағынасында қарастыруға мүмкіндік береді.