№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


№  8  дәріс  тақырыбы.  Тұтас  педагогикалық  үдерістің  (ТПҮ)    мәні  және



Pdf көрінісі
бет143/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   293
Байланысты:
педагогика

№  8  дәріс  тақырыбы.  Тұтас  педагогикалық  үдерістің  (ТПҮ)    мәні  және 
құрылымы 
1.
 
Тұтас педагогикалық процестің мәні. 
2.
 
Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары. 
3.
 
Тұтас  педагогикалық  процестегі  танымдық  іс-әрекетінің  психологиялық-
педагогикалық негіздері 
Тұтас педагогикалық процестің мәні 
Қазіргі  қайта  құру  кезеңінде  тұтас  педагогикалық  процестің  мәні  өте  зор, 
өйткені  осы  кездегі  қоғамдық-өндірістік  қатынастың  дамуы  оқыту  мен  тәрбие 
бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді.
 
Орта,  жоғары  оқу  орындары  мен  мектептен  тыс  мекемелер  жүйесінде  білім 
беру  және  тәрбие  мақсатын  жүзеге  асыру  процесін  тұтас  педагогикалық  процесі 
ддеп атайды.  Білім  беру  мен  тәрбие  міндеттерін  толық шешу  үшін  сабақ  үстінде 
әрбір  тақырып  бойынша  оқуды  тәрбиемен  үйлестіріп  өткізу  –  оқу-тәрбие 
процесінің басты шарты. 
Педагогикалық  процесті  ұйымдастыру  барысында  оқушы  және  оқушылар 
коллективі бір жағынан тәрбие обьектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. 
Осыған  орай,  оқу  тәрбие  процесінде  мұғалімдер  мен  балалар  ынтымақтастығы, 
олардың  творчестволық  еңбек  етулеріне  зор  сүйеніш  болады.  Тәрбиенің 
субьектілері  мен  обьектілері  арасында  әр  түрлі  байланыстар  пайда  болады. 
Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылдар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат 
алмасуы,  ынтымақтастық  немесе  бірлестік  іс-әрекеті  т.б.  Мұндай  байланыстар 
педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді. 
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен 
тәрбиенің  мақсаты,  мазмұны,  формалары  мен  әдістері,  сонымен  қатар  нәтижесі. 
Бұл  компоненттер  бір-бірімен  тікелей  байланысты  түрде  іске  асырылады,  демек, 
педагогикалық процесс сонда ғана оң нәтиже береді. 
Тәрбие  мен  оқыту  процестері  бірте-бірте  өзін-өзі  тәрбиелеу  және  өз  бетімен 
білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, 
тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн. 
Педагогикалық  процестің  нәтижелі  болуы  оның  ішкі  қозғаушысы  күштеріне 
байланысты.  Қозғаушы  күш  деп  қойылатын  талаптар  мен  оларды  орындауда 
оқушылардың  мүмкіншілігі  арасындағы  қайшылықты  айтады.  Егер  қойылатын 
талап  оқушылардың  мүмкіншілігіне,  яғни  даму  дәрежесіне  сай  келсе,  онда 
қайшылық даму процесінің көзіне айналады. 
Оқыту  мен  тәрбие  процестерін  бір-бірінен  ажыратуға  болмайды,  бірақ 
бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тәрбие процесі – бұл күрделі 
диалектикалық  процесс.  Оған  әлеуметтік  ортаның,  үй  жағдайының,  түрлі 
адамдардың  ықпалы  ерекше  әсер  етеді.  Сондықтан  тәрбие  процесін,  оқыту 
процесісияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау өте қиын. Мысалы, 
оқушылардың мінез-құлқындағы адамгершілік сезім  мен сенімнің және дағдының 
бірлігін  тексеруге  бола  ма?  Әрине,  тексеру  өте  қиын,  өйткені  мұндай  қасиеттер 
балада жастайынан, бүкіл өмірі бойы қалыптасады. 
   Тәрбие  прцесі  әр  уақытта  динамикалы  (қозғалысты),  жылжымалы  болады. 
Содықтан педагогикалық ықпал бір балаға жағымды, ал екінші балаға теріс әсер 


 
 
Оқушы 
 
 
 
Ата-аналар 
 
Сынып 
ұстаздары 
 
Мектеп 
ұстаздары 
 
Мектеп 
әкімшілігі 
 
 
Сынып 
ұжымы 
 
Мектеп 
ұжымы 
етеді.  Осыған  байланысты  тәрбие  процесінде  баланың  көңіл-күйін,  психикалық 
жағдайын, тұрған орнын еске алған жөн. Сонымен қатар әр түрлі сыртқы және ішкі 
факторлар  балаға  өте  күшті  немесе  өте  әлсіз  әсер  етуі  мүмкін.  Бұл  жағдайды  да 
мұғалім оқу-тәрбие прцесінде естен шығармауы қажет. 
Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез 
іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде 
бақылау,  жаттығу  жұмыстары  және  сұрақ-жауап  арқылы  оқушылардың  білімін, 
іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады. 
Сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы 
факторлар  әсер  етпейді.  Мысалы,  металл  тотығының  гидраты  мен  қышқыл 
арасындағы бейтарап реакцияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болар 
ма  екен?  Әрине,  басқа  анықтама  беруге  болмайды,  өйткені,  бұл  реакцияның 
нәтижесінде  тек  қана  тұз  бен  су  пайда  болады.  Мұндай  реакцияны  бейтарап 
реакция деп атайды. 
Оқыту мен тәрбие процестері – оқытудың даму функциясын жүзеге асырудың 
негізі. Бұл екі процесс жеке адамды жан-жақты дамытып, қалыптастырудың үстем 
функциясы болады. 
Жеке  индивидке  қатысты  жоғары  деңгейлі  жүйе  ретінде  қарастырылатын 
оқушы ұжымында, оқушының тікелей жұмысы қажетті. Мұғалім жеке оқушының 
педагогикалық процестің басқа да кіші жүйелерімен байланыстырушы орта буыны 
болып табылады (4 суретті қараңыз). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мұғалім 


 
 
Педагогикалық процестегі басқару қатынастарының қабаттары 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет