Үй тапсырмасы
. Мұғалім үй тапсырмасын хабарлайды, қысқаша орындалу
жолын түсіндіреді. Үй тапсырмасын орындау туралы нұсқау анық, қысқа,
бірізділікпен берілуі қажет.
Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке
және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін
элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):
1.
Жаңа білімді игерту.
2.
Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
3.
Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
4.
Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
5.
Білімді қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас,
ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.
Сабақтың құрылымы деп «сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің
өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін
қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1, 19).
Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру
негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің
бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді. Педагогтың шеберлігі
дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың
ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.
Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын.
Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын
алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі:
-
дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
-
дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
-
оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
-
сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1.
Достарыңызбен бөлісу: