№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет78/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   293
Байланысты:
педагогика

әскери педагогика 
зерттейді.  
Әлеуметтік  педагогика 
ауқымында  отбасы  педагогикасы,  мәжбүрлі  тәрбие 
(первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда.  
Өз дамуында әрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар 
арнайы  педагогика 
аймағында  зерттеледі.  Есітпейтіндер  мен  мылқаулар  оқуы 
және тәрбиесімен 
сурдопедагогика

зағиптар- 
тифлопедагогика

ақыл-есі кемдер- 
олигофренопедагогика 
шұғылданады.  
Педагогика  ғылымдарының  арнайы  тобын  жекеленген  немесе 
пәндік 
әдістемелер 
құрайды.  Олар  оқу-тәрбие  мекемелерінің барша  типтерінде  өтілетін 
нақты оқу пәндерінің оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын ашып, мұғалімдерге 
ұсынады. Өз пәнін оқыту әдістерімен әрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы 
міндетті.  Педагогиканы  оқыту  әдістемесі  де  жоқ  емес.  Қолыңыздағы  оқу  құралы 
осы әдістеме талаптарына лайық жазылған. Соңғы он жылдықтарда педагогиканың 
барша  салалары  дәстүрлі  әдістемелерден  ерекшеленген,  нақты  жағдайларда 
жоғары  нәтижеге  жеткізуші  ең  тиімді  деген  жолдар  мен  тәсілдерді  түзуге 
көмектесетін жекеленген технологиялар жасау бағытында дами бастады.  
Тәрбиеге  байланысты  жаңа  ғылым  салалары  педагогиканың  дәл  және 
техникалық білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар – кибернетикалық, 
математикалық,  компьютерлік  педагогика,  суггестология  (гипноздық  сендірумен 
жедел оқыту жүйесі) және т.б.  
Осы  заманғы  педагогика  адам  жөніндегі  басты  ғылымдардың  бірі  ретінде 
ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.  
Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде танылған. 
Бұл  жүйеде  мектеп  педагогикасы  маңызды  орынға  ие.  Себебі  тәрбие  процесі 
әсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны жоғары кәсіптік 
деңгейде  басқара  білу  қажет.  Өз  проблемаларын  шешу  барысында  педагогика 
көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет