№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


№11 дәріс тақырыбы. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен



Pdf көрінісі
бет157/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
 


№11 дәріс тақырыбы. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен 
мазмұны 
1
.
Тәрбие процесінің мәні мен мақсаты. 
2. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу  
3.Тәлім-тәрбие жұмысының диалектикасы мен ерекшеліктері  
4.Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері 
5.Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар 
6.Тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыру  
7.Бала  құқықтары  жөніндегі  халықаралық  құжаттар  идеяларының  тәрбие 
мазмұнында ескерілуі  
 
Тәрбие процесінің мәні мен мақсаты. 
Тәрбиенің мәні мен мақсаты және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам саясаты мен 
экономикалық жүйесіне байланысты туындайды..  Әрбір қоғамдық-экономикалық 
формацияларда адамдардың материалдық және рухани өмірлерінің үздіксіз өзгеріп 
отыруына сай, қарым-қатынастардың жаңа формалары туып, тәрбие мақсаты мен 
мазмұнына  жаңаша  идеялар  енеді.  Демек,  әрбір  қоғамдық-экономикалық 
формацияның  алмасуымен  әлеуметтік,  философиялық  және  діни  ой-пікірлер  де 
өзгеріске түсіп, тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне ықпал жасайды. 
 Тәуелсіз  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  жеделдету  кезенінде 
жеке  адам  проблемасы  жаңа  негізде  қаралып,  жаңа  адамды  қалыптастыру 
барысында әрбір жасөспірімнің субъективтік талап-тілегін, бейімін, қабілетін және 
тіршілік  өмір  сферасындағы  белсенді  саналы  шығармашылық  қасиетін  одан  әрі 
дамытады.  Осы  бағытта  тәрбиеге  жүктелетін  ең  басты  мақсат  –  қоғамға  қажетті 
адамгершілік  қасиеті  жоғары,  еңбексүйгіш,  ғылыми  дүниетанымы  қалыптасу 
үстіндегі,  эститикалық  талғам-сезімі  мен  дене  күші  мығым,  белсенді  өмірлік 
позициясы айқындалған жасөспірімді дамытып қалыптастыру. 
Үздіксіз  тәрбиенің  тұжырымдамасында  үздіксіз  тәрбиенің  негізгі  мақсаты  – 
дені  сау,  ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті, 
еңбекқор, іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 
 Тәрбие процесі дегеніміз, жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан 
қалыптастыруда, оларды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, 
әрбір  әрекетімен,қызметімен  қоғамда  өз  орнын  таба  білуге  үйретіп,  әрбір 
әрекетімен, қызтетімен қоғамға пайда келтіруден, өз жеке басына қанағаттанғанған 
сезіммен қарауға тәрбиелеу. 
 Қашанда  тұтас  педагогикалық  процестің  мәні  өте  зор,  өйткені  осы  кездегі 
қоғамдық - өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің 
толық  іске  асуын  талап  етеді.  Орта,жоғары  оқу  орындары  мен  мектептен  тыс 
мекемелер жүйесінде білім беру мен тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас 
педагогикалық  процес  немесе    оқу-тәрбие  процесі  деп  атайды.  едагогикалық  
процесс  дегеніміз  оқушылардың  мәдени  байлықтарды  меңгеруге  және  оларды 
еңбекке  және  қоғамдық  өмірге  дайындаудағы  бірлескен  іс-әрекеттері,  бұл 
ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады. 
Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей 
бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды: 


1.
 
Педагогикалық  жағдайлардың,  тәрбиелік  әсерлердің  нәтижесін  талдау, 
жоспарлау жұмысын реттеу; 
2.
 
Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; 
3.
 
Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; 
4.
 
Қорытынды есепке алу және бақылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет