№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


№12  дәріс  тақырыбы.    Тәрбие  үдерісінің  формалары  мен  әдістері



Pdf көрінісі
бет178/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   293
Байланысты:
педагогика

№12  дәріс  тақырыбы.    Тәрбие  үдерісінің  формалары  мен  әдістері, 
құралдарының жүйесі   
1.
 
Тәрбие әдісі, формасы, құралы туралы жалпы түсінік. 
2.
 
 Тәрбие әдістерін  топтастыру. 
3.
 
 Тәрбие  әдістеріне сипаттама.  
 
Тәрбие әдісі, формасы, құралы туралы жалпы түсінік. 
Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін педагог оның теориялық 
негіздерін түсініп, оның мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, формаларын, әдістерін 
және  құралдарын  ажырата  алуы  керек.  Формалар  мен  әдістер  педагогикалық 
процеске  қатысушылардың  іс-әрекетінің қозғаушы  күші  болып  табылады,  соның 
арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады. 
Тәрбие  әдістеріне  педагогикалық  әдебиетте  бірнеше  анықтама  берілген: 
Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері 
мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С.Марьенко бойынша тәрбие әдісі 
–  жеке  адамға  тікелей  және  жанама  ықпал  жасау.  В.А.Сластенин  тәрбие  әдісін 
тәрбиешілер  мен  тәрбиеленушілердің  іс-әрекетінің  өзара  байланыс  тәсілдері  деп 
тұжырымдайды. 
Тәрбие  жұмыстарының  әдістері  тәрбиенің  мақсатына,  принциптеріне  және 
мазмұнына,  балалардың  жас  және  дербес  ерекшеліктеріне,  олардың  тәрбиелілік 
дәрежесіне  байланысты  таңдалады  және  тәрбие  жұмыстарының  мақсаттары  мен 
мазмұнымен анықталады. 
Тәрбие 
әдісінің 
көмегімен 
оқушылардың 
әр 
түрлі 
іс-әрекеттері 
ұйымдастырылады,  мақсатқа  сәйкес  бағытталады,  олардың  адамгершілік 
тәжірибесі  дамиды,  тәрбие  әдісінің  көмегімен  оқушылардың  дүниеге  көзқарасы 
қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске 
асырылады.  Барлық  тәрбие  әдістері  бір-бірін  толықтырады.  Әдістердің  бірлігі 
тәрбие  жұмысына  игі  әсер  етеді,  балалардың  білімін,іскерлігін  және  дағдысын 
тереңдетеді,  қоғамдық  өмірге,еңбекке  баулиды,  адамгершілік  тәжірибесін 
байытады, жалпы мәдениетін, ой-өрісін кеңейтеді. 
Тәрбие формасы – бұл тәрбие процесінің сыртқы түрі. Форма мен мен мазмұн 
бір-бірімен өзара байланысты, себебі, мазмұн қалыптасады, ал форма мазмұнмен 
толтырылады. 
И.П.Пидкасистый  тәрбие  формаларын  сандық  критерийге  негіздеп  жіктейді. 
Бұл  критерий  бойынша  тәрбие  формалары  жекелеме,  шағын  топтық,  топтық 
(ұжымдық),  және  жалпы  болып  бөлінеді.  Тәрбие  процесінің  тиімділігі  оны 
ұйымдастыру формасынан тәуелді. Сонымен қатар мектептен тыс тәрбие жұмысы,  
тәрбиелік әсер ету әдістеріне байланысты сөздік, көрнекі, практикалық формалары 
да белгілі. 
1.
 
Тәрбие  құралдарына  іс-әрекеттің  түрлері,  көрнекі  құралдар,  көптеген 
комммуникациялық  құралдар,  педагогикалық  ықпал  жасау  құралдары  (мұғалім, 
ата-ана,  ересек  адамдардың  сөзі,  олардың  өнегесі)  жатады.  Педагогикалық 
әдебиетте  оған  тар  мағынада  сөздері,  кітаптарды,  кинофильмдерді,  өнер 
туындыларын,  т.б.  тәрбие  мақсаттарына  қажетті  нәрселерді  жатқызады.  Кең 


мағынасында іс-әрекет түрлерін: оқу, қоғамдық-пайдалы еңбек, спорттық ойындар, 
үйірме жұмыстарын жатқызады. 
 Оқушы  тұлғасы  қалыптасуының  басқарылуын  қамтамасыз  ету  –  тәрбие 
құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. Тәрбие мақсаты толық орындалуы 
үшін тәрбие әдістерін, формаларын, құралдарын тиімді пайдалану қажет. 
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын 
қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін 
мұғалім  оның  теориялық  негіздерін  түсініп,    оның  мақсаттарын,  міндеттерін, 
мазмұнын, құралдары, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. 
Құралдары  формалар  мен  әдістер  педагогикалық  процеске  қатысушылардың  іс-
әрекетінің қозғаушы күші болып табылады,   соның   арқасында   жеке   тұлғаның   
қалыптасуы   жүзеге  асады (Н. Д. Хмель). 
Материалистік  диалектика  адам  табиғатын  биологиялық  пен  әлеуметтіктің 
(тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. 
Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте 
болады,  оларды  өзінше  қабылдайды,  яғни  осы  әрекеттестіктің  белсенді 
қатысушысы.  
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте 
әр  түрлі  іс-әрекеттің  орны  ерекше.  Адамның  психикасы  мен  санасы  қоршаған 
ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл 
ретте  индивидумның  іс-әрекеті  жеке  дара  емес,  басқа  адамдардың  (ата-ана, 
мұғалімдер,  оқушылар  т.б.)  іс-әрекетімен    тығыз  байланыста  жүзеге  асады. 
Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа 
адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы 
қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең 
маңызды  шарты  болып  табылады.  Педагогикалық  ықпал  етудің  амалдары  да 
осылар. 
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен 
мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық 
құралға  жеке  тұлғаның  әрекеттестік  жасайтын  ортасы  (табиғи,  әлеуметтік, 
материалдызқ,  рухани)  және  осы  әрекеттестікті  ұйымдастыратын  іс-әрекеттің 
түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.  
Педагогикалық  құралға  қатысушылардың  іс-әрекеті  мен  қарым-қатынасы 
педагогикалық  ықпал  ету  арқылы  жүзеге  асады.  Оқу-тәрбие  процесінің 
субъектілері-әрекеттестігінің  формалары  мен  әдіс-тәсілдер  арқылы  шешілетін 
белгілі  бір  мақсаттары  мен  міндеттері,  тиісті  мазмұны  бар,  логикалық  тұрғыдан 
аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.  
Ұйымдастыру  формалары  тұтас  педагогикалық  процеске  қатысушылардың 
қарым-қатынасы  мен  әрекеттестігінің  тәсілі  ретінде  де  қарастырылады. 
Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады: 
-  қатысушылар  құрамы  (жеке  даралық,  шағын  топтық,  топтық,  ұжымдық, 
жаппай); 
-
 
тұтас  педагогикалық  процестің  оқу  жұмысында  қолданылуы  (сабақ, 
семинар, факультатив, экскурсия); 


-
 
таным  іс-әрекетінің  сыныпта  және  сыныптан  тыс  уақыттағы  байланысы 
(бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы 
кездесу т.б.) 
-
 
оқушылардың  сыныптан  тыс  іс-әрекеті  кезіндегі  өзара  әрекеттестігі 
(ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.). 
Тұтас  педагогикалық  процесті  ұйымдастыру  формалары  әдістер  мен 
әдістемелік  тәсілдер  арқылы  жүзеге  асады.  Тәрбие  әдістері  дегеніміз  тәрбие 
мақсат-міндеттерін  шешуге  бағытталған  тәрбиеші  мен  оқушының  өзара 
байланысты  іс-әрекеті.  Педагогикалық  процеске    қатысушылардың  тәсілдері  мен 
нақты  әрекеттері,  оқушылардың  белсенді  іс-әрекетінің  ынталануы  тәрбие 
мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз 
әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады. 
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте 
өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен 
әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті 
тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен 
тәсілдері  әрқашан  бірін-бірі  алмастырып  отырады:  кей  жағдайларда  әдіс  тәсілге 
айналады. 
Педагогикалық  процестің  қозғаушы  механизімінің  негізгі  компоненттерінің 
өзара байланысы кесте түрінде  1 суретте. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет