Тексеру
–
бұл білім, ептілік және дағдыларды
игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет – қимылдар жүйесі.
Мән – мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді
қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесі жөніндегі
мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шәкірттерінің қай білімді қандай
деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін
анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен
сапасын байқастырады. Қадағалау нәтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының
қаншама дәрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процес мүмкіндіктерін оқыту
– оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.
Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нәтижесі
бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді
қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пән
бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді.
Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тәртібі жақсарады, белгілі жұмыс
қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |