Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу
әрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі
анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына
жәрдемдеседі.
Модульдік оқу дәстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы
мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын
тауып, оның сапасын жақсартуға және тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: