мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі
мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға
байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр.
Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді,
ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да,
педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы
қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында,
дәстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тәрбие тәжірибесі,
іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық
еңбектер; әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие практикасы; арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған
бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тәрбиенің
тиімді соны технологиялары.
Сонымен,
педагогика
- тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам
тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогика
адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның
негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары
мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: