Қоздырғыштың ену орнында қабыну ошағы қалыптасады. - Қоздырғыштың ену орнында қабыну ошағы қалыптасады.
- Ал қан жұқпалы ауруы деп аталатындарда кiру қақпасында қоздырғыш көбеймейдi, ол тiкелей қанға түсiп, гематогендi жолмен тропты мүшелеріне жетедi.
Жұқпалы аурулардың клиникалық сипаты: - инкубациялық,
- продром (алдын-ала бiлдiрушi),
- қызу,
- басылу және
- реконвалесценция кезеңдерiнiң циклды ағымдарының алмасуы болып табылады.
Жұқпалы аурулардың ағымында қандай кезеңдерді ажыратуға болады? - Инкубациялық кезең қоздырғыштың енуiнен бастап аурудың бiрiншi клиникалық симптомдары байқалғанға дейiн есептелiнедi. Оның ұзақтығы әр түрлi жұқпалы ауруларда әр қилы болады – бiрнеше сағаттан бiрнеше айларға дейiн.
- Продромальдi кезең немесе алдын-ала бiлдiрушi кезеңi көбiне анықталмаған аурудың алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiмен сипатталады (қалтырау, дене қызуының жоғарлауы, жалпы селқостық, бас ауру және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |