2. Оқу-тәрбие практикасын ұйымдастыру және өткізу.
Педагогикалық практикасының басталуы алдында кафедра деканттарпен бірлесіп, бекіту конференциясын өткізеді, онда студентттерге педагогикалық практиканың мазмұны мен өткізілуі түсіндіріледі.
Оқу-тәрбие прктикасы жоғары оқу орнының жоспарына, мелекеттік білім беру стандартына ,барлық білім беру мекемелерініңнегізгі құжаттарына сәйкес бағытта өкізіледі. Оқу-тәрбие іс-әрекетін жүзеге асыру үшін студент-практикант білім беру мекемесіне бекітіледі. Бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау негізінде жетекші педагог-әдіскерлер, кеңесшілер тағайындалады. Әр курста оқу-тәрбие практикасы аяқталған соң, қорытынды конференцияда практиканың нәтижелері қорытындыланады. Соңғы аптада оқу-тәрбие практикасы бойынша білім беру мекемелерінің әкімшіліктерімен бірлесе отырып, қорытындыланып нәтиже шығарылады.
Жаңа білім ғасырында теориялық білімді терең меңгерген, жаңа технологиямен қаруланған, жан - жақты білімді, білікті мұғалім ғана еліміздің болашағына өз үлесін қоса алады. Кәсіптік практика кәсіптік білімнің негізгі білімдері бағдарламасының құрамдас бөлігі және білікті мамандарды кәсіби іс әрекетке дайындаудың тиімді формасы болып табылады. Осыған орай, болашақ педагог мамандарды бүгінгі қоғам талабына сай дайындау мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде жүйелі пайдалану қажет.
Педагогтік мамандыққа алғашқы болашақ мұғалімдерді дайындау, қалыптастыру кезеңінен басталады. Білім алушы өзінің бейімділігін, шеберлігін, алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастырғанда ғана мұғалімге тән іскерлік, шеберлік қалыптасады. Қазіргі заман мұғалімі – қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, жаңалыққа жаны сергек, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігімен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуы тиіс. Мұғалім қоғам талабына сай өзін – өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, балалармен қарым – қатынасқа түсе алатын ұйымдастырушылық қабілеті жоғары және мол тәжірибе жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзіреттілігі анық байқалып тұрады. Кәсіби құзыреттілік деп – педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық - педагогикалық және теориялық білімнің кәсіби біліктілігі мен дағдысының бір арнада тоғысуы. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және қарым – қатынас мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігіне талпынуы керек. А. Байтұрсыновтың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алу керек. Ал балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағымдап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт - бағдар беру, бұл – оқытушының қызметі. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практикадан өту кезінде студент - практиканттың іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында өз білімдерін дәлелдейді. Жоғарыда аталған іс – әрекеттер арқылы мысалы: Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға және белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, талдауға, түзетулер енгізіп отыруға деген белсенділігінен көрінеді.Болашақ мамандарды дайындаудағы негізгі міндет - студент практиканттың өз бетінше жаңаша жұмыс істеу қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы мақсатты іске асыруда жұмыс түрлерінің, сонымен қатар болашақ мамандардың кәсіптік білімін арттыруға деген талаптың жылма – жыл күшейіп отыруына байланысты, бүгінгі күні педагогикалық практиканың жаңа түрлері де енгізілуде. Осыған орай қазіргі кезде оқу жоспарында өндірістік практика 40% пайызға өсті.
Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.Кейінгі уақытта бұрын қалыптасқан ережеден ауытқып, педагогикалық практика тек бітіруіні курстарда ғана өткізіліп келді. Қазіргі студенттер Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігінің 2001 жылы дайындалған мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша білім алып жатса, бұл стандартта педагогикалық практика 1-курстан басталады, Бір ерекшелігі, 2004 жылы дайындалған мемлекеттік стандартта да барлық практиканың түрлері сақталып, ол 1-курста басталып соңғы курста аяқталады.Бұдан сал бұрын бітірген студентгерде бұл мүмкіндік болған жоқ. Мектепке тек 3-курста ғана келген студент-практиканттар бірден балалармен араласып кете алмайды, бейімделу уақыты үздікке созылды. Педагогикалық практика алдында 3-курс студенттерінен алынғак бақылау сұрақтарына алынған жауаптардан, жүргізілген әңгімелерден, мектепке баруға деген қорқынышты, сенімсіздікті, өздерінің үлкен сынға үшырауы мүмкін деген ойдың мазалауын байқадық. Студенттердің барлығы дерлік балалар өздерін қалай қабылдайды, мектеп ұжымы — «практикант» балалар арасында тығыз байланыс бола ма?! Міне, студентгердің практика алдындағы ойлары осыны қамтиды. Біздің ойымызша, бұл олардың мектеппен, оқушылармен байланысының болмағандығының нәтижесі. Егер студенттер 1-курстан бастап практикада болса, жоғары курста мұндай келеңсіз құбылыстар кездеспеген болар еді, Бұған дәлел ретіндс 1-курс студенттерінің педагогикалық практикадан кейінгі нәтижелерді талдауын келтіруге болады. Олардың күнделікке түсірген ойларынан, сонымен қатар "Мектеп - бірінші курс студентінің көзқарасымен" шығармасынан көп жағдайдың мәнін білуге болады. Студенттер күндсліктеріндегі жазбаларында көргенін сипаттап, оған талдау жасамаған, ал шығармада олар өздерінің алғашқы әсерлерін ерекше көрсетіп, практиканың маныздылығын жан-жақты, өр кырынан сипаттаған.
Студенттердің барлығы да бұл практиканың дер кезінде ендірілгенін, оның қажет екенін жазады. Олардан үзінді келтірер болсақ: "... Мен мектепке оны кеше бітірген оқушы ретінде емес, мұғалім ретінде қарап және ол жерді өзімнің болашақ жұмыс орным ретінде қабылдай бастадым" десе, келссі бір студент: "Мектеп - бұл керемет мекеме, онсыз өмір қызық болмас еді. Мен мұны практикаға барған кезден жақсы түсіндім" деп жазады.Көптеген студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алды, өз таңдауларының дұрыстығына көздері жетті, сабақ құрылымы туралы алғашқы түсініктері қалыптасты. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренді. Осы қарым-қатынастар балалардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, өз еңбектерінің нәтижелігін зерделеуге талпындырды. Бұл айтылғандардың барлығын студенттік аудиторияда сезіну мүмкін емсс екені айтпаса да белгілі.Жоғарыдағы студенттер 2-курста ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практикадан өтеді. Бұл практиканың мақсаты — болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалык бағыттауды одан әрі жетілдіру, сонымен қатар оқу-тәрбие міндеттерін шешуді талдау ыңғай тұрғысынан дамыту, гылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және әдістерімен таныстыру. Демек, үздіксіз практиканы ендіру нәтижесінде студенттерді бірінші курстан бастап педагогикалық қызметке жүйелі түрде және оларды үшінші курста өтетін практикаға біртіндеп дайындаута мүмкіндік береді.Үздіксіз педагогикалық практика жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:1) психологиялық-педагогикалык диагностика және тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша практика (1-курс);2) ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практика (2-курс);3) бастауыш мектептегі алғаш сабақ беру практикасы (3-курс);4) оқу-тәрбие практикасы (4-курс).Әр курстың студенттері үшін орындауға міндетті тапсырмалардың жүйесі анықталған. Біздің ойымызша, бұл тапсырмалар жүйесі жыл сайын психологиялық-педагогикалық циклдар пәндерінің мазмұнына қарай ықтиятталуы тиіс, яғни міндеттер жәнс студентгер іс-әрекеттерінің мазмұны біртіндеп күрделенуі қажет. Олар ең алдымен болашақ мұғалімдердің мүмкіндігінше кәсіби бағытының деңгейін кетеруді қалыптастырады (педагогикалық мамандыққа кызығушылығын, балаларға деген сүйіспеншілігін, жұмысқа жауапкершілік және шығармашылық қарым-қатынасты).
Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді.Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:- студенттсрді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;- нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту;- болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс:- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;- оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу;- педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т.б.);- оқушылардын оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу;- балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау);-мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен және тәрбис ісіне қатысы бар барлық адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу;- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау;- ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу.Қорыта айтқанда, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуында үздіксіз практиканың алатын орны ерекше. Ол педагогикалық оқу орны мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде жүзеге асырылады. Нақты жүзеге асырудың тікелей жолы - студенттер үшін "Мектеп күнін" өткізуді қайтадан қалпына келтіру (бұрын болған). Бұл педагогикалық оқу орындарының студенттері аптаның бір күнінде толығымен мектепте болып, алдына қойған міндеттерге жетудің тікелей жолы. Өйткені, қазіргі 1,2-курс студенттері практикаға сабақтан шыккан уақытта барады, бұл кезде студентгердің қандай да бір нәрсеге үйренуге деген қызығушылығы төмен болады деп ойлаймын.Сонымен қатар, қазір белгілі болғанындай, республика мектептері 2008 жылдан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкелі отыр. Осы мәселені ескере отырып студентгерді 12 жылдық білім беру бойынша бағдарламалармен жұмыс жүргізіп жатқан мектептердегі экспериментальды сыныптарға практикадан өтуге жіберуді де қазірден бастап ойлағанымыз дұрыс.
Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның бәрi студенттердiң педагогикалық практикасын жетiлдiру проблемасының теориялық және практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.Педагогикалық практиканы табысты өткiзу үшiн, бiздiңше, студенттердiң кәсiби бiлiмдердi, iскерлiктер мен дағдыларды саналы игеруге шығармашылықпен және үлкен жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек.Теориялық талдау материалистiк iлiмдегi адам iс-әрекетiнiң өзгертушiлiк сипаты жөнiндегi, практиканың ролi жөнiндегi, оның басым мәнi және теориямен байланысы жөнiндегi iлiмдерге сүйенедi; практика таным шынайылығының, практикалық iс-әрекетке жетекшiлiк жасау қызметiн атқаратын теория ақиқаттығының шешушi және жалғыз критерийi болып табылады деген принциптiк әдiснамалық қағидаларына негiзделедi.Практиканың ролi жөнiндегi идея қазiргi философияда одан әрi жалғасын тауып отыр. Бiз практиканы заттық iс-әрекет ретiнде қарастыратын көзқарасты (Н.К.Вахтомин, В.А.Восонович, П.В.Копнин) жақтаймыз. Көрнектi психологтардың (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.Ф.Ломов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн және т.б.) еңбектерiнде практика адамзат iс-әрекетiнiң маңызды және шешушi компонентi ретiнде қарастырылады.Зерттеудiң мақсатын және мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, бiз жұмыс барысында Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко ұсынған және негiздеген студенттердiң теориялық және практикалық даярлығының бiрлiк принципi; педагогикалық практиканың болашақ кәсіптік оқыту педагогын даярлау жүйесiндегi орны; педагогикалық практиканың құрылымы; педагогикалық шеберлiктi игеру бойынша жаттығулар жүйесi; студенттердi оқытудың маңызды құралы ретiндегi педагогикалық практика мәселелерiн талдадық.
Педагогикалық практика проблемасының қазiргi педагогикадағы жай-күйiн талдау зерттеулердiң басым көпшiлiгiнiң болашақ педагогтардың кәсiптiк даярлығын жетiлдiруге арналғандығын көрсетедi, атап айтқанда, педагогтар шеберлiгiнiң негiзiне психологиялық-педагогикалық талдау жүргiзiлдi (А.П.Акимова, О.А.Абдуллина, В.К.Елманова, З.Ф.Есарева); педагогикалық шеберлiктiң кәсiптiк сипаттамасын зерттеу одан әрi жалғасуда (Н.А.Половникова, Н.А.Рыков, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков және т.б.); педагогикалық практиканы ұйымдастыру зерделенуде (О.А.Абдуллина, Е.В.Бондаревская, З.И.Васильева, Э.А.Гришин, В.К.Розов, А.П.Сейтешев, В.А.Сластенин және т.б.); болашақ педагогтардың практика процесiнде кәсiби-педагогикалық iскерлiктерi мен дағдыларын қалыптастырудың ерекшелiктерi анықталуда (Е.И.Антипова, В.В.Воровьева, Н.З.Еловая, Б.Д.Красовский, Г.А.Засовина, Е.Б.Орлова, В.Н.Овчинникова және т.б.).Ал болашақ педагог даярлығы жүйесiндегi педагогикалық тапсырмалар проблемасы әлдеқайда аз дәрежеде зерттелген. Бұл мәселе (Н.А.Смирнова) жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн жұмыс бойынша берiлетiн педагогикалық тапсырмалар түрiнде әртүрлi аспектiлерде қарастырылған; студенттердiң танымдық белсендiлiгiн және шығармашылық қабiлеттерiн дамытудағы тапсырмалардың ролi (Р.А.Низамов); студенттердiң педагогикалық iс-әрекетiне зерттеушiлiк көзқарасын қалыптастыруға арналған тапсырмалардан тұратын ғылыми-педагогикалық нұсқау (В.М.Духовная, С.А.Зимичева). Сондай-ақ Н.В.Кузьмина педагогикалық мәселелер жүйесi ретiнде қарастырған репродуктивтiк және модельдеу жүйесi және О.А.Абдуллина зерттеп, әзiрлеген оқу-зерттеу тапсырмалары теориялық және практикалық жұмыстардың тоғысы болып табылады. В.А.Сластениннiң пiкiрi бойынша, нақты тапсырмалар студенттердiң өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң мәндi дәлелдерiн қалыптастыру үшiн, тапсырманы орындау процесiн өз бетiмен бiлiм алу iс-әрекетiмен жақындастыру үшiн жағдайлар туғызады. Нақты тапсырма студенттердiң өзiн-өзi әлеуметтiк, кәсiптiк және адамгершiлiк тұрғыдан танып-бiлуiне ықпал ететiн өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң әлеуметтiк-мәндiк себеп-салдарын қалыптастыру үшiн жағдай жасайды дей келе, «іс-әрекет мақсатымен және оны жүзеге асыру шартымен сәйкес келетін педагогикалық жағдайлар - педагогикалық тапсырма болып табылады» - деп анықтама береді. Г.М.Коджаспирова «Педагогикалық тапсырма туындаған педагогикалық жағдайлар мен оны шешу негізіне бағытталған, қажетті әрекеттер жоспары» деп қарастырады.
Біз авторлардың осы аталған тапсырма ұғымдарына берген анықтамаларына тоқталамыз, оларды қолдай отырып, зерттеу пәнімізге қарай: «Тапсырма дегенiмiз мақсат қоюдан бастап нәтиже алғанға дейiнгi педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы», деп өз анықтамамызды береміз.
Тапсырмалар құрастыруда мынадай талаптарды қанағаттандыруын қарастырдық: тапсырманың педагогикалық үрдістің барлық маңызды белгілерін қамтуы; кез-келген педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда жалпы мәнге ие болуы; педагогикалық үрдісте кез-келген жағдайда бақылау жасау мүмкіндігінің болуы.Сонымен қатар педагогика ғылымында жинақталған теорияны оқып-үйрену, университет студенттерінің педагогикалық практикасын ұйымдастырудың бастапқы деңгейін зерттеу, бізге студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін қамтамасыз ететін келесі шарттарды анықтауға мүмкіндік берді:- практика барысындағы сабақтастық және студенттердің курстан курсқа өткендегі іс-әрекетінің көлемі мен мүмкіндігінің артуы;- студенттердің практика барысындағы нақты рөлі мен функцияларын анықтау;- студенттердің практиканың алғашқы күндерінен-ақ оқу-тәрбие жұмысына белсенділігін арттыру шараларын ұйымдастыру;- практика бағдарламасына студент-практиканттардың оқушылармен өз бетінше тәрбие жұмысына жетекшілік етуге арналған тапсырмалар жиынтығын қосуы;- студенттердің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру деңгейіне байланысты дифференциалдық келіс;- практика бағдарламасына педагогикалық практика тиімділігін арттыру шарттарын енгізу.
Студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін арттыру тек шарттарды анықтауды ғана емес, сондай-ақ осы үрдіске педагогикалық жетекшіліктің ғылыми негізделген жолдарын да талап етеді. Осыған орай бiздiң жұмысымызда студенттердi оқу-тәрбие практикасы кезеңiнде оқытудың әдiстерi мен тәсiлдерiнiң жүйесi зерттелiп, әзiрлендi.Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес педагогикалық практиканы жетілдіру, теория мен практика арасындағы алшақтықты жою үшін кешенді тапсырмалар құрастырылды.Кешен (латынша complex, байланыс, үйлесiм) - нәрселермен құбылыстардың бiртұтас жиынтығы, жекелеген психологиялық және педагогикалық процестердi бiртұтас етiп, бiрiктiру.Кешенді тапсырмалар:- педагогикалық үрдіс мақсатының, мазмұнының, құралдары мен нәтижелерінiң бiрлiгiн;- студенттердiң репродуктивтi әрекеттерін шығармашылық iс-әрекетке бағыттайтын пәнаралық бiлiмдері мен iскерлiктерін;- педагогикалық процеске қатысушылардың жоғары деңгейлі тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастырады;-жүйелі күрделенген педагогикалық жағдаяттарды жасап, оларды шешу тәсілдерін моделдей отырып педагогикалық практика барысында теория мен практиканы интеграциялаудың тұтас жүйесін ұйымдастырады. Сол арқылы студенттер тәрбие әрекеттерінің мәні мен мазмұнының механизмдерін меңгереді. Бұл болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын кәсіптік мектептегі тәрбие жұмысына даярлығына қажет алғышартты қалыптастырады.Қарастарылған кешендi тапсырма ұғымына өз тарапымыздан анықтама береміз: «Кешенді тапсырма - мақсат қоюдан (мәселелер қоюдан) нәтиже алғанға дейiнгi тұтас педагогикалық үрдісті қамтамасыз ететiн, педагогикалық мәселелер жүйесiн шешуге бағытталған логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы».Зерттеу барысында бұл кешендi тапсырмалар келесi басты қағидалар негiзiнде құрылды:1) кешендi тапсырмаларды орындау үшiн пәнаралық бiлiмдер мен iскерлiктер қажет болды;2) педагогикалық процестiң барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасы негiзiнде мақсаттың, құралдардың және орындалған нәтижелердiң бiрлiгiн қамтамасыз ететiн жүйелiк-iс-әрекеттiк амал-әдiс таңдалынып алынды;3) кешендi тапсырмаларды репродуктивтiктен шығармашылыққа дейiнгi өзгермелi тәсiлдермен орындауға мүмкiндiк берiлдiКешендi тапсырмаларды аталған қағидалардың негiзiнде құрастырудың әдiстемесi оларды практика мәселелерiн шешудiң және оны ұйымдастырудың құралы ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бердi.Зерттеуде кешендi тапсырманың моделi ұсынылды
1. Мамандық бойынша сабақтарды бақылау.2. Мамандық бойынша сыныптан тыс және сабақтан тыс сабақтарды бақылау.3.Сынып жетекшiсiнiң тәрбиелiк жұмысын бақы-лау..Жалпы кәсiптiк мектеп көлемiндегi тәрбие жұмысын бақылау.5.Қоғамдық ұйымдар жұмы-сын бақылау.
1.Кәсiптiк мектеп қызметкерлерiмен, оқу iсi меңгерушiсiмен, тәрбие жұмысын ұйымдастырушымен, психологиялық қызмет көрсетушiлермен, әдiстемелiк комиссиямен: оқытушылармен, өндiрiстiк оқыту шеберлерiмен, сынып жетекшiлерiмен әңгiмелесу.2.Университет оқытушылары-мен (әдiскермен, педагогика, психология, арнаулы кафедра оқытушыларымен) топтық және жеке кеңес өткiзу. 1.Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлаудағы жаттығулар.2.Құрал-жабдықты сабаққа даярлаудағы жаттығулар.3.Сабақтарды, тәрбие шараларын талдаудағы жаттығуар.4.Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстар өткiзудегi жаттығулар.5.Өз сабағын өткiзудегi жаттығулар6.Оқу тобында тәрбие жұмыстарын өткiзудегi жаттығулар7.Есептiк құжаттарды құрастырудағы жаттығулар. 1.Бағдарлық (кiрiспе) конференция.2.Қорытынды конференция3.Қатысқан сабақтарды, практикалық сыныптан тыс iс-шараларды талқылау.4.Студенттердiң сабақтарын талқылау.5.Қатысқан тәрбие шараларын талқылау
Пайдаланған әдебиеттер
1. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. - Алматы: КазПИ,1991.
2. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. - Ал-маты: Педагогика, 2000.
3. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. - Москва: Академия, 2004.
4Кенжебеков Б.Т. Педагогика ғылым-дарының.докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авто-рефераты. Жоғарғы оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби қүзіреттілігін қалыптастыру. - Қарағанды, 2005.
№14 дәріс тақырыбы. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өз білімін көтеру және олардың үздіксіз білім жағдайында педагогтың кәсіби қалыптасуындағы рөлі.
Жоспар
1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері.
2. Мұғалімнің кәсіби білімін көтеруі.
3. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |