1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар



бет12/42
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#124480
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
lektsii mamnd
Проблемы моделирования электронных устройств sro-1, Расчет установившихся режимов в электроэнергетических системах срс-5, Сабыр Аружан 5 лаб элмашины
3.12 жылдық білім беру жүйесі. Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда – 13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылданған
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты: қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; өзін-өзі дамытуға; өз ойын еркін айта білуге; өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім; жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайыҚазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсеке басы білім, ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігінде» деген. Ендеше, ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімін қамтамасыз ету керек. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің барысы әр түрлі педагогикалық әдіс - тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттырады.Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан - жақты дамуын қамтамасыз етуі керек. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі. Кезінде Елбасы «21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп айтқан болатын. Егемен еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кірігуі, Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі, білім беру жүйесіндегі қазіргі уақытта болып жатырған соны өзгерістердің көрінісі болып отыр.Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,- деген сөзі жай айтыла салған жоқ.
Еліміздің болашағы мен көркеюі, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және шығармашылыққа баулу мәселесі туындайды. Онсыз мектептің инновациялық үдеріс сатысынан өтпей дамуы мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр. Себебі, мектеп келешек ел басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын гүлдендірер, мерейін өсірер жасампаз жандарды шыңдар бірегей орта, киелі орын екенін білеміз.Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған оқушы. Ал білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың өз - өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу - материалдарын терең ұғына білуге баулыу, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау - мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс - әрекетке қабілетті, озық ойлы, тапқыр да нәзік, сезімтал, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта - жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту - бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі - тұман,»- деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.Елбасымыз да өзінің халыққа арналған атты жолдауында «Адами капиталды дамыту» тарауында да білімнің адам өміріндегі, соның ішінде тәуелсіз Қазақстанды дамытудағы басты рөлі туралы айта кетіп, білімді дамытудың жолдарын айтқан.А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің басты қызметі - оқушы ұзақ жолды қысқарту үшін және сол жолдан қиналмай өтуі үшін керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін балаларға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бет алысын діттеген мақсатына қарай түзеп отыру.Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа өзгерістерге бет бұру үшін мынадай талаптарды ескеру керек деп ойлаймын:- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;-
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жеткізу;- Шығармашылық іс - әрекетіне және үнемі ізденісте болуына жағдай тудыру,- Өзіндік жұмыс түрлерін орындай алу,- Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру,- Ақпараттық технологияларды меңгерту,бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкін діктері әр түрлі болады. Дегенмен әр бала бір нәрсеге бейім болады. Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, бастауыш сынып балаларының қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушының шығармашылық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз - оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдыры ғын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс - әретті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының шығармашылығына бағыт - бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойлау қабілетін дамыту туралы «Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі»,- деп атап көрсете келіп, мұғалім баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.Оқушы бойындағы шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқу мен білім алуға деген ұмтылыс күннен - күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, ішкі дүниесінің сыртқы ортамен байланысы дамып, дүниетанымы арта түседі.Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын ала жоспарланған сұрақтар мен танымдық ойындар арқылы оқушы ынтасын, зейінін, ой - қиялын дамытуға септігін тигізуі керек. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту да - өзекті мәселелердің бірі. Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол тауып кетуі үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлеледі шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Жастарды белсенді, азаматтық ұстанымды, жауапты, жоғары адамгершілік, отансүйгіштік сезімді және көшбасшылдық қасиеттерді қалыптастырған, шығармашылық жағынана дамыған жеке тұлға тәрбиелеу» делінген, бұл бағдарламаның мақсаты екендігі бәрімізге белгілі.
Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал білім сапасын артыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру, түптеп келегнде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты.Өзекті мәселелердің бірі болып отырған «Қазақстан - 2030» жолдауында да, «Білім туралы» заңда даоқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардң пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушының оқу әрекетінің қалыптасуы, оқуға деген ынтасының артуы. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Сол себепті бастауыш сыныптарда 12 жылдық білім беруге толық көшудің алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгеру керек.
Ғылыми-технология өркендеп, барынша қанат жайған қазіргі таңдағы білім беру саясатындағы басым бағыт – 12 жылдық білім жүйесіне көшу болып табылады. Білім берудің аталмыш үлгісі әлем елдерінің 80%-ында қолданылуда. 1992 жылғы Еуропа Кеңесі Декларациясының келісімімен әлемдік білім беру кеңістігінде орта білім берудің 12 жылдық жүйесі жүзеге асырылып, экономикалық ынтымақтастық пен әлемнің даму ұйымына мүше елдер ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап-ақ білім берудегі күтілетін нәтижелердің жетістіктерін бағалауды халықаралық критерий бойынша жүргізуге салыстырмалы зерттеулер жасап, оқушылардың білімділігінің үлгісі мен білім берудің құзыреттілігіне баса назар аударуды. Білім беру саласын 12 жылдық жүйеге көшірудің басты негізі – жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру, яғни оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны, сондай-ақ білім алудың сан-салалы тәсілдерін, тәжірибеге бағдарланған білім негіздерін меңгеруі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында да жас ұрпақты әлемдік озық технологияны меңгертуге мүмкіндік беретін 12 жылдық білім беру жүйесіне көшірудің өзіндік ерекшелігі жан-жақты талданып, тәжірибе жүзінде іске асырылу үстінде. Ел Президентінің «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда» атты еңбегінде: «ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті мамандардың шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті – әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет», – деп, болашақ мамандарды дайындауға қойылатын талапты ерекше атап көрсеткен. Ал болашақ мамандыққа баулу ісінің түп арнасы мектеп қабырғасындағы білім негізінен бастау алары сөзсіз. Осыған орай, қазіргі кезде еліміздің білім беру жүйесінің мазмұнын жаңартып, жаңа заманға лайықтап құру мақсатында дүниежүзілік стандартқа сай келетін қазақстандық білім жүйесін қалыптастыру: білім тұжырымдамасына, заңнамаларға, бағдарламаларға өзгерістер енгізілуде. Соның бірі – қоғамның өркендеп-дамуына сай әлемдік білім кеңестігіне жол ашатын 12 жылдық білім жүйесіне көшу болып табылады.
Көне дәуір философтары: «Білім беру ағысқа қарсы қозғалысқа ұқсас. Егер тоқтаса, шарасыздан артқа кері кетеді», – дегендей, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – ғылым мен техниканың орасан жетістіктеріне қол жеткізу, жаңа инновациялық технологияларды қоғам өмірінің әр алуан саласына енгізу. Жалпы білім беретін мектептерді реформалау – білім беру саласын 12 жылдық жүйеге көшіру – Тәуелсіз Қазақстан Республикасын дамыған демократиялық мемлекет ретінде таныту, мемлекеттік білім беру жүйесін үздік әлемдік үлгі деңгейіне шығару идеясына келіп саяды.
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.
Қазақстандағы орта білім беру саласын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіру саясаты жаңа мазмұнды тұжырымдамалық сипатымен ерекшеленеді. Жалпы білім беру жүйесіндегі 12 жылдық білім беру стандартының жалпы қағидалары мен ұстанымдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында нақтыланып, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасында тұжырымдалған. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жеке тұлғаның даму кезеңдері мен жас ерекшеліктерін ескеру, білім беру саласындағы іс-әрекет түрлері 12 жылдық білім беру жүйесіне сай нақты көрсетіліп, әлеуметтік және тұлғалық маңызды проблемаларды өздігінен шеше алуға қабілетті және интеллектуалдық тұрғыдан құзыретті, рухани жағынан жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Сонымен бірге, өзіндік білім алу қызметін ұйымдастыруы, кәсіби білім алуы, оқу еңбегі мен қызметтің түрлері мен салаларында өзіндік шешім қабылдауы, қоршаған ортаға бейімделуі, т.б. мақсат пен міндеттерді өздігінен шеше білуге дағдылануы көрсетілген.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жеке тұлғаның мүддесін көздеуге, әр тұлғаның зерделі де, саналы тұрғыдан рухани дамуына негізделеді, яғни білім беру ісін ізгілендіру қағидасын ұстанады. Білімді ізгілендіру адамның тұлға ретінде жан-жақты дамуына, еркіндікке, бақытқа, өз қабілетін дамыту мен жұзеге асыру құқығына ие болуға мүмкіндік береді. Жаңа білім беру реформасының мәні мен маңызы азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланып, өз бетінше білім алу мен өмірлік ұстанымдарын тиімді құру, материалдық және моральдық жетістікке жету мүмкіндігін жүзеге асыруға негізделген. Қазіргі таңда жүзеге асырылуға бағытталып жатқан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қәсіптік және білім-біліктік дағдыны үйлесімді қалыптастыруға бағытталған. Аталмыш білім беру үдерісі ХХІ ғасыр азаматтарын шығармашылыққа баулып, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуға баулиды. Ал кез келген ортада бәсеке қабілетті болып жетілудің басты шарты білім көзіне негізделетіні анық. Бұл орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек», – деген сөзін басшылыққа алған жөн.
Білім берудің жаңа реформасы бойынша 12 жылдыққа көшу білім беру саласында білім алушыларды әлеуметтендіреді, оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастырады, жеке пәнді оқыту мен меңгертуде білім алушының білімі мен іскерлік іс-әрекеті, дағдысы мен икемі жаңа деңгейге көтеріледі. Білім беру жүйесі оқу пәндерін оқытуды ұйымдастыру инновациялық технологияларға негізделеді, пәнаралық өзара ықпалдастық барынша өрістейді, мектеп пен қоғамның өзара іс-әрекетін ұйымдастыру нәтижелері жан-жақты жолға қойылады.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу арқылы жеке тұлғаның кез келген ортада туындайтын қажеттілікке өзін дайындап, дұрыс бағыттай білуіне жағдай жасау. Білім алушы мектеп қабырғасында теория мен практиканы қатар меңгеріп, өмірге дайын адам болып шығуына қолдау көрсету.
12 жылдық білім берудің педагогикалық, психологиялық мақсаты мен міндетіне – жан-жақты дамыған, ой-өрісі кеңейген, ой түйіндей алатын жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеп шығару. Бұл мақсат пен міндетті жүзеге асыру жолында орындалатын басты жұмыс – білім мазмұны мен көлемін, әлемдік деңгейге көтеру, кәсіптік бағдар беру ісінде әр тұлғаның мүмкіндігі мен қабілет-қарымына қарай мамандыққа баулу, әр баланың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, білім мен тәрбие үдерісінде басшылыққа алып отыру, оқушының өзіндік ойлау, ойын еркін жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуді басты назарда ұстау.
12 жылдық орта білімге көшу барысында ерекше ескерілетін мәселе – білім беруге арналған оқу құралдары мен оқулықтардың баланың жас ерекшелігіне сәйкестігі, білім беру барысында балалармен жүргізілетін әдіс-тәсілдердің оқушының сапалы білім алуы үшін нәтижелі ұйымдастырылуы, білім беру ісінде баланың жас ерекшелігінің ескерілуі, оқушының білім деңгейінің көрсеткіші мен оны көтерудің тиімді жолдарын қолдану, білім мазмұнының өмірмен, ұлттық құндылықтармен байланыста жүргізілуі, білім беруде бақылау, байқау, оқушылармен жүргізілетін тәжірибе жұмысын ұтымды қолдану.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.
12 жылдық білім жүйесі бойынша оқытудың басты мақсаты: қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру екендігі зерттеліп тұжырымдалуда.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз – бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет.Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті.Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.
Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.
Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге бағытталған оқытудың басты мақсаты – адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.
Баланы оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады.
12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары – білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді. Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады.
Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу,оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.
Интеллектуалдық дайындық - баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой - өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады:
- Дифференциалдық қабылдау;
- Аналитикалық ойлау;
- Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі);
- Есте сақтау;
- Білімге қызығушылық;
- Ести отырып сөйлеу және түсіну,әр түрлі символдарды қолдана білуі;
- Қол қимылдарының,көру,қимыл кординацияларының дамуы.
12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім оқытудың әр алуан компоненттеріне сүйене отырып, әрбір технологияны өздік жолда әдіс – тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін,өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез — құлқында — мінезі, темпераменті, талабы, көзқарасы, талғамы байқалып, үнемі өзін — өзі үйретуі, өзін — өзі тәрбиелеуі, өзін — өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы,өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет