1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар



бет26/42
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#124480
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
lektsii mamnd

Бірінші кезеңде– жобалау нәтижесінде жүйені басқарушылардың құзыреттілік сапаларын дамыту деңгейі. Онда жүйенің түрлі деңгейлеріндегі басқарушылар мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіліктері қалыптасып, одан әрі дамытыла бастайды. Бұл кезеңде олардың жобалау барысындағы әлеуметтік – педагогикалық, тұлғааралық қарым-қатынастар негізінде өз әрекетіің мақсатын айқындай алушылық, құндылықтық, өзін – өзі дамытушылық көзқарастары өзгеріп, жаңа сапалары қалыптаса бастайды. Жаңа құзыреттілік сапалары өзара қарым – қатынастың жаңа түрлерін қалыптастырып, нәтижесінде жүйедегі педагогтардың өз әрекеттерін ұйымдастырудағы құндылықтық мақсаттары өзгере бастайды.
Екінші кезең– білім беру процесінде, педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында қалыптасқан іс – әрекеттерді, қарым-қатынастарды өзгере бастауы, дамуы. Онда түрлі деңгейлердегі жүйелерде басқарушылық іс- әрекеттер мазмұнында, өзара қарым - қатынаста өзгерістер пайда болды Бұл алдыңғыға қарағанда күрделірек, өйткені бұндағы әрекеттер бір адамға емес, адамдар тобына, немесе, басқарылушы субъектілерге қатысты. Іс - әрекеттерді, қарым-қатынастар мен әдіс - тәсілдерді өзгерту тәжірибеде нормаға айналып кеткенше қадағалау мен қалыптастыруды қажет етеді және жаңа стандарттық жағдайлар тудырады. Бұл жағдайда негізінен қалыптасқан әрекет түрлерін өзгерту жүзеге асырылып, топтар мен адамдар көзқарастары түбегейлі болмағанымен ішінара өзгере бастайды.
Үшінші кезеңде – ұйымдағы басқару субъектілері (педагогтар, білім алушылар, ата - аналар бірлестіктері, т.б.) ұжымды басқаруға қатыстырылып, түрлі деңгейлердегі жүйелерде ұйымдастырушылық - құрылымдық өзгерістер пайда болады, педагогикалық әрекеттердің мазмұны мен әдістері жаңарып, педагогтар тарапынан білім беру процесінде, сабақтардың құрылымына өзгерістер енгізіле бастайды. Бұл күрделі міндет, өйткені ол қосымша құрылымдар енгізу емес, қалыптасқан құрылым мазмұнына өзгеріс енгізуге байланысты. Соған орай, өкілеттіктерді, міндеттер мен жауапкершіліктерді, құрылымдық бағыныштылықты қайта бөлісу, оны талқылау мен реттеп отыру нәтижесіндегі өзгерістер ұйым мүшелерінің, жалпы ұжымның, білім алушылар мен педагогтардың іс – әрекеттік тәртіптері мен көзқарастарының, өзара қарым- қатынастарының жаңа сапасын әкеледі.
Төртінші кезеңде– білім беру процесінде, педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында қалыптасқан басқару қызметтері – мақсат қою, міндеттер мен күтілетін нәтижелерді жаңаша нақтылау жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда түрлі деңгейлердегі жүйелерді басқарудың стратегиялық мақсатына бағдарлы өзгерістері, яғни, жүйені әрбір компоненті нәтижелерінің жалпы жүйе мақсатына, күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі қамтамасыз етілді. Осылайша, басқарушылар мен педагогтардың өзіндік мақсаттарын анықтау арқылы құндылықтық бағыттарының қалыптасуына, өзін – өзі дамытушылық көзқарастары ғана емес, жалпы білім беру ұйымының, білім беру процесін ұйымдастыру мақсатына сай ұйымның даму стратегиясын өзгертуге ықпал етуге мүдделі болуы қамтамасыз етіледі.
Бесінші кезеңде– жүйенің ұйымдастырушылықөзгерістері, жаңа сапаға өтуі –педагогикалық жүйенің мақсатқа сәйкес даму өзгерістері жүзеге асырылады. Осы деңгейде педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында, білім беру процесін басқаруда жаңа бағыттар, тұжырымдамалық өзгерістер пайда болады. Бұндай түбегейлі өзгерістер біртіндеп дамытуды қажет ететіндіктен, әрқайсысының орындалуы өзінің алдындағы деңгейдің орындалуына тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан, жаңа стратегиялық міндеттерді орындау қалыптасқан басқару құрылым жағдайында мүмкін емес.
Жобалау арқылы педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктеріндамыту үшін,ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыруға жағдайлар туғызылды. Олар ұжым жағдайында тұрақты түрде қызмет істейтін арнайы семинарлар мен практикалық жұмыстың тәжірибелік алаңдары ретінде ұйымдастырылды.
І. Дайындық кезеңі.
Мақсаты: педагогикалық ұжымды инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлығын қамтамасыз ету. Мазмұны:
1. Педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлық деңгейі диагностикалау.
2. Ақпараттық база төмендегіше құрастырылады:

  • Білім беру саласындағы жаңалықтар базасы жасалады;

  • Тақырыптық семинарлар жүргізілді, әдебиеттермен, жаңа

әдістемелермен қамтамасыз етіледі;

  • Педагогтарды өз проблемалары бойынша қалалық семинарлар,

ашық сабақтар, облыстық институттың курстары мен теориялық семинарларына жүйелі қатысуы ұйымдастырылады.
3. Университеттен таңдалған ғылыми жетекшілермен және кеңесшілермен байланыс жасалып, оларды семинарларға тарту, инновациялар туралы ғылыми ақпараттармен танысу жүзеге асырылады.
4. Инновациялық жаңалықтар мен технология түрлері педагогтардың қажеттіктері бойынша таңдалады.
5. Педагогтар, сонымен қатар, өз пәндері бойынша білім алушылардың қажеттіктері бойынша ізденістік инновацияларды таңдауға да жағдай туғызылады.
6. Жобаны жүзеге асыруда болуы мүмкін кедергілерді, сәйкессіздіктер мен кері нәтижелеріне болжау жасалады.
7. Білім алушыларды, ата-аналарды жоба жұмысымен таныстырып, жұмысқа белсенді қатысуға мотивациялау жүргізіледі.
Педагогикалық жобалау кезеңдері :

      1. Ұйымдастырушылық кезең

Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды теориялық қамтамасыз етуге даярлық жұмысын жүргізу.
Мазмұны:

  1. Иерархиялық түрдегі әдістемелік қызмет құрылымына өзгерістер енгізу: матрицалық шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдарын, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топтар құрылады;

  2. Педагогтардың ғылыми - әдістемелік, инновациялық білімдерін толықтыру үшін тақырыптық семинарлар мен тренингтер жүргізіледі;

  3. Педагогтардың зерттеушілік сапаларын дамыту, зерттеу тақырыптары бойынша іс тәжірибелерін жүргізуге жағдай туғызылады;

  4. Ғалымдармен байланыстар нығайтылып, жеке және топтық кеңес беру, семинарлар өткізу үшін филиалдық жұмыстар басталады;

  5. Педагогтарды ынталандыру ережелерін құрастырылды;

  6. Өзара шараларға, сабақтарға қатысу, дөңгелек үстел, жобаларын қорғау, шығармашылық есептер тыңдау, презентациялар жоспар бойынша орындалады.

2.Жүзеге асыру кезеңі
Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге жүзеге асыруын қамтамасыз ету.
Бұл кезеңнің мазмұны:

  1. Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дайындық кезеңі бойынша аралық диагностикалау;

  2. Бағдарлама бойынша теориялық білімді Д.Колб әдісімен тақырыптық семинарлар, іскерлік ойындар, практикумдар, тренингтер түрінде жүргізу, оны келесі семинарға дейінгі аралықта тәжірибеде бекіту, талдау, әріптестерімен талқылау;

Бағдарлама бойынша практикалық, ғылыми - әдістемелік жұмыстарды төмендегі бағыттарда жүргізу: сабақтарға қатысу, талдау сияқты дәстүрлі әдістемелік қызметтер; сонымен қатар, матрицалық түрдегі шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдары, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топ; оқу зертханаларында тәжірибелік жұмыстарды шыңдау;
Ұжымдағы іс әрекеттердің мазмұндық өзгерістері: сыныпішілік, сыныптаралық, ұжымдық жобалар жасалуы; білім беру жобаларымен қатар, тәрбиелік, әлеуметтік мәнді жобалар жасалуы; білім алушылар мен педагогтар және ата- аналардың қатысатын бірлескен жобалар пайда болуына жағдайлар туғызу;
Басқару құрылымының өзгеруі, матрицалық құрылымдар пайда болуы, педагогтар ұжымының, білім алушылардың, ата – аналардың түрлі тақырыптадағы инновациялық жобаларға белсенді қатысуы.

  1. Бақылау -бағалау кезеңі

Мақсаты: Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудағы
үтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтау.
1.Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудың қорытындыларын бағалау көрсеткіштері:

  • Педагогтардың жаңалықтарға көзқарасы, оларды қабылдай алуы;

  • Жаңалықтарды меңгеруге даярлығы;

  • Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;

  • Педагогтардың шығармашылық белсенділігі;

  • Өзара қарым қатынастарының деңгейі.

Берілген параметрлер мен өлшемдер бойынша педагогикалық ұжымның жобалау қызметі нәтижесіндегі көрсеткіштерді салыстыру арқылы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтауға болады. Ол үшін педагогикалық ұжымда жүргізілген сауалнамалар мен құрастырылған жобалардың нәтижелері жинақталады. Сонымен қатар, олардың өлшемдері түрліше болғанымен, нәтижесін есептеудің коэфициенті зерттеу қорытындыларын жүйелеу үшін өзара сәйкестендірілді.
Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Безрукова В.С. Проективная педагогика: Учеб. Пособие для инженерно-педагогических институтов и индустриально-педагогических техникумов.- Екатеренбург, 1996.

  2. Дитрих Я. Проектирование и конструирование: Системный подход/ Пер. с польск.- М.,1981.

  3. Заир-Бек Е.С. Основы педагогического проектирования.-СПб., 1995.

Қосымша :
4.Громыко Ю.В. Проектирование и программирование развития образования.-М., 1996.
5.Педагогические оновы проектирования образовательных систем нового вида.- СПб., 1995.
6.Проектирование профессионального педагогического оброзования/ В.А. Болотов, Е.И. Исаев, В.И. Слободчиков, Н.А. Байденко// Педагогика.-1997.-№ 4.

11 дәріс тақырыбы. Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық процесс субьектілерінің өзара әрекеті ретінде


Жоспар

  1. Педагогикалық қарым-қатынастың мәні мен мазмұны

  2. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары

  3. Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет