1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Педагогикалық мамандық қоғамның рухани құндылықты бағыт-бағдары



бет15/42
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#124480
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
lektsii mamnd

2.Педагогикалық мамандық қоғамның рухани құндылықты бағыт-бағдары.
Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен нәтижелері жеке тұлға нәтижесінде құрылады. Педагогикалық әрекеттің гуманистік бағыттылығы жеке тұлғаның рухани қажеттілігін қанағаттандыру механизмін зерттеу мүмкіндігін береді. Педагогикалық әрекетті технологиялық әрекет деп атаймыз. Осыған байланысты педагогикалық әрекеттің операциялық талдануы қажет, ол педагогикалық есептерді шешу ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, тарихзи өзгеретін тәсілдерді ашады, әрекет бағыттарын түсіндіреді.
Қоғамдағы құндылықты қатынастардың аса маңызды элементтерінің бірі – құндылықты бағыт-бағдар.
Мұғалімнің құндылықты бағыт-бағдар – бұл стратегиялық өмір мұраттары және жалпы дүниетанымдық алғы шарт ретінде жас ұрпақтарты тәрбиелеуде танылған құндылықтардың педагогтың санасында бейнеленуі.
Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағыттарының жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген әрекет-қылық және іс-әрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықты бағыт тұлға түрткілеріне (мотивтеріне) себепші, реттеуші маңызды жағдаят (фактор) ретінде іске қосылады. Педагогикалық процестегі қозғаушы күш пен қарама-қайшылық. Тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу. Құндылықты бағыт-бағдарлардың негізгі мазмұны – адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең әрі тұрақты бейімділіктері, қылық-әрекет, мінез принциптері. Осыдан, қай қоғамда да тұлғаның құндылықты бағыт-бағдары тәрбие және мақсатты ықпал жасау нысаны ретінде қарастырылады. Олар арқылы еріктік күш салу, зейін, ой-өріс бағдарлары анықталады.
Құндылықты бағдардың дамуы –тұлға кемелінің белгісі, оның әлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себерші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі , белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік.
Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 12 жылыдық білім беру моделіне көшуде жаңа „Мұғалімдік мамандығым - мақтанышым“ рухани-адамгершілік білім жобасын құндылықты бағдардың іргетасы болмақ.
Жеке тұлғаның құндылық бағыттарын оның дүниетанымымен байланыстыруға болады. Өйткені, жеке тұлғаның құндылық деңгейі оның дүниетанымына тікелей байланысты
Адамның дүниетанымдық көзқарасы оның тiкелей өмiрлiк тәжiрибесiнен бастау алады және соған негiзделедi. Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмiр үндестiгi мен қарама-қайшылығы көрiнiс тапқан кезде ғана әсерлi және тиiмдi болып келедi.
Жеке тұлғаның дүниетанымы, дүниетанымдық бiлiмдер мен сенiмдер, дүниетанымдық көзқарастардың кең көлемге ие болуы және тереңдеуi қажеттiгiнен тұрады. Ал, қажеттiлiк дүниетаным сапасы ретінде сипат алады. Сенiм мен арман-мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бiр элементiнiң негiзiн құрайды, ол – қызмет-әрекеттiң бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементi – дүниетанымдық сенiм, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жiгерлi даярлық.
Жеке тұлғаның дүниетанымдық тұрғыдан даму мәселесін жетілдіруді психология ғылымы айқындайды. Жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаны қалыптастырудың негізі екендігі ғылымда дәлелденген.
Жеке тұлғаның дүниетанымы – ақиқаттың жалпы көрiнiсiнiң жоғарғы деңгейiмен суреттелетін әлеуметтiк мәдениет пен интеллектуалды және эмоционалды-жiгер сипаттарын топтастыратын феномен. Яғни, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған бiлiмдер мен оларды пайдалану бiлiктiлiгi, олардың ақиқаттылығы мен нәтижелiлiгiне деген сенiм, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекетке деген даярлық сияқты компоненттер өзара байланысты болып келедi.
Л.И.Божовичтiң тұжырымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы – бiршама кешiктіріліп келетiн құбылыс, ол адамның жеткiншек шағында пайда болады, оның қалыптасу негiзi жалпы тәрбиелiлiк бағыттылық, дүниетану мен дүниенi сезiну жүйесi ретінде көрініс береді. Ал, Б.Г.Ананьевтіњ пайымдауынша, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өзiне деген қатынасының ќалыптасуы жеке тұлғаның басқа қасиеттерiмен салыстырғанда ең соңғысы болып табылады. Ал, құндылық бағыттары – жеке тұлғаға қатысты iшкi жєне сыртқы ара қатынасының түрлi деңгейi мен формаларынан тұратын; жеке тұлғаның қоршаған дүниенi, өзiнiң өткен өмiрiн, бүгiнгiсi мен болашағын, сондай-ақ, өзiндiк “Мен” деген сезiмiнiң мәнiн ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлға дамуының когнитивтi, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелiлiк саласының бiрлiгi мен ара қатынасын бiлдiретiн интегралды жеке тұлғалық ќасиет. Құндылық бағыттары – адамгершiлiк сананың өте тиянақты және терең көрiнiсi, ол тек жекелеген iс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мiнез-құлық пен іс-әрекеттiң бүкiл барысында көрiнiп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелiлiк ұстанымын iске асырады. Мақсат пен мiндеттерге сәйкес барлық тәрбиелiк ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелiлiгiнiң интегралды көрсеткiшi.
Тұлғаның руханилыққа деген әлеуметтік–құндылықты көзқарасы білім беру процесінде оқыту мен тәрбиенің мазмұны, мұғалімдер мен оқушылардың өзара қатынас ерекшеліктері, сабақтан тыс тәрбиелік шаралар арқылы жүзеге асады. Рухани құндылықты бағдарлар оқушының дүниетанымы арқылы қалыптасады.
Біз тұлға бойында құндылықты бағдарлардың қалыптасу деңгейін А.Г. Харчев ұсынған деңгейлер негізінде анықталады:

  • Құндылықты бағдарлар- тұлғаның рухани келбетінің барлық жақтарын және оның тіршілік әрекетін қамтитын біртұтас жүйе ретінде қалыптасқан деңгей;

  • Құндылықты бағдарлар- өз бағыты бойынша тұлғаның сана өлшемдеріне сәйкес, бірақ адам тек өзі үшін ең маңызды деп тапқан рухани мақсат өлшемдерін ғана меңгерген деңгей;

  • Құндылықты бағдарлар- жүйесі жеткіліксіз меңгеріліп, адамның көптеген іс-әрекеті мақсатсыз істелетін деңгей;

  • Құндылықтар ес, ақыл арқылы сөз жүзінде ғана меңгерілген, бірақ практикалық әрекетте байқалмайтын даңгей;

  • Құндылық бағдарлардың тұрлаулы жүйесі жоқ, мінез-құлық негізінен бір сәтті импульстер және ниеттермен реттелетін деңгей.

Аталған деңгейлерге топтау үшін оқушының рухани тұлғасын төмендегідей көрсеткіштермен, өлшемдермен анықтауға болады:

  • танымдық өлшем- оқушылардың рухани құндылықтарды игеру деңгейі;

  • эмоциональды-құндылықты- оқушылардың құндылықты меңгерудегі мотивациясы, рухани құндылыққа қатынасы, дүниетанымдық көзқарастары, ұстанымдары қызығушылығы, пікірі, адамгершілігінің болуы;

  • тәлім-тәртіп- оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттегі белсенділік деңгейі: тәртібі, қарым-қатынасы, еңбек, оқу, сөйлеу мәдениеті, алған білімді практикада қолдану.

Рухани құндылық мәселесі жөнінде Қ.Қ. Шакаримова « Рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудегі құндылық бағдардың маңызы» деген мақаласында « рухани құндылық» ұғымын алты бағытқа бөледі.

  • Танымдық бағыт- ( таным мәдениеті, интеллект, білім, ақыл-ой мәдениеті, шығармашылық, ойлау, сананы жетілдіру, ой-өрісінің кеңдігі және т.б.).

  • Әлемдік бағыт –(азаматық, патриотизм, өмірлік позиция, ұжымшылдық, адам құқықтары және т.б.).

  • Салауатты өмір салты- ( экологиялық мәдениет, спорт, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, жағымсыз қылықтардан арылу, денешынықтыру және т.б.).

  • Адамгершілік бағыты- ( жеке тұлғаның құндылық қасиетері, сыйлау, мейрімділік және т.б.).

  • Ұлттық бағыт – ( салт-дәстүр, діни ғұрыптар, ұлтжандылық, жерін, елін сүю және т.б.).

  • Дүниетанымдық бағыт- ( ғылыми, білімділік, дүниені түсіну, ойтолғаныс, және т.б.).

Отандық ізденушілердің бірі Б.Қ. Игенбаева рухани адамгершілік құндылықтарды білім мазмұнына енгізу тәсілдері жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктерін ұсынады:
1. Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу;
2. Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру;
3. Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу.
Ал, А. Есжанов «Қазақтың ұлттық ұлағатты ұғымдары» еңбегінде қазақ халқының ұлағатты ұлттық ұғымдарының танымдық-тағылымдық мән жайы мен мағынасы аса терең мән берген Мысалы: Үш би: Үйсін Төле би, Арғын Қаз дауысты Қазыбек би, Алшын Әйтеке би. Үш жұрт: ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт және тағы басқа құндылық қасиеттерді топтастырған.
Олай болса, әрбір ұғымдық сөздерді топтастырып, оны тәрбиелік мәнін ашып көрсету арқылы оқушылардың ұлттық құндылық қасиетерін қалыптастыруға боладындығы ұсынылған.
Бүгінгі педагог мамандығы алдына қойылатын талаптар мазмұны ерекше. Осыған орай Жолдауда «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», - деп көрсетілген. Ал бұл қойылған міндеттерді жүзеге асыру, педагогтің шығармашылық сауаттылығы мен кәсіби құзыреттілігінің жоғары болуын талап етеді.
Педагогикалық шығармашылық мазмұнының, басқа мамандықтар шығармашылығынан ерекшелігі – оның бар мүмкіндігін ашып көрсететін таразылық салмағы - жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен болашағына деген, ата-анадан кейінгі жауапкершілікпен өлшенетінде. Өйткені, қоғам дамуы қаншалықты алға беттеген сайын, қоғам азаматтарының тұлғалық болмысының қалыптаса дамуына, кәсіби мамандануына, сол сияқты, оның ішкі жан дүниесінің рухани мәдениеттілігіне де соншалықты жаңа талаптар қойылады. Осыған орай, ҚР педагогикалық білім тұжырымдамасында: «...болашақ мұғалім интеллектуальды іс-әрекеттердің жалпы мәдениетімен қарулануы тиіс» деген талап қояды.Ал осы талаптарды жүзеге асырудың стратегиялық нысанасы - педагогикалық оқу орындарында, тек пән бойынша кәсіби маманды ғана емес, білім мен тәрбие саласындағы педагогикалық даярлықтың озық тәжірибелерімен, жаңа заманауи үлгілерімен, логикалық ойлауы жетілген, интеллектуалды дамыған, туған халқының өткені мен бүгінгі рухани-мәдениет қазыналарының құндылықтарымен сусындаған, мамандығына сәйкес іс-әрекеттерде шығармашылық ізденіске деген ықыластылығы мен құштарлығы бар болашақ мұғалімдерді тәрбиелеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің қоғам, адамзат өміріне түбегейлі енуі, бүгінгі техникалық, экономикалық білім саласындағы іргелі ғылымдардың жоғары көрсеткіштерге жетуі, әлемдік деңгейге көтерілуі, бүкіл Қазақстан халқының мақтаныш сезімін оятары сөзсіз. Бұл туралы Жолдауда Президентіміздің: «Біз – жас ұлтпыз және бұл біздің қолымыздан келеді» дегенсөзі бар. Дегенменде, осы жетістіктерімізге тән ұлттық мақтаныш сезіміміздің безбенінің екінші басында, халқымыздың мыңдаған жылдар бойы жасаған рухани-мәдениет қазыналары тұратыны әрбір зиялы азаматқа белгілі. Ол рухани қазыналар – сан-алуан өнердің тікелей қатысуымен жасалған құндылықтарымыз. Қазақстанның зиялы азаматтары, мемлекет, ғылым, білім, тәрбие саласындағы қайраткерлердің, бүгінгі таңда, ересектердің де, жастардың да, рухани мәдениетіміздің асыл арналары саналатын әдеби, тұрмыстық, кәсіптік өнердегі фольклорлық құндылықтарынан алыстағаны туралы пікірлерімен таныспыз. Осыған орай, мемлекеттік деңгейде «Этномәдени білім беру тұжырымдамасы», «Мәдени мұра бағдарламасы» қабылданды.
Педагогикалық тұрғыдан ой салып қараған ұстаз – жалпы тәрбие үрдісіндегі – адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, парасаттылық, отансүйгіштік, экологиялық т.б. тәрбие істері негізінен өнер пәндері мазмұнымен (әдебиет, музыка, дәстүрлі қолөнер, бейнелеу өнері) тікелей араласуымен өтетініне көз жеткізеді. Бұндағы негізгі идея, эстетикалық білім мамандықтары аясында, өнердің атқаратын қызметін, ұлттық өнер саласындағы рухани құндылықтарды тиімді пайдалана отырып, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру. Жолдауда: «...Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат және білімдерінің көлеміне негізделген дербес ғылыми база қажет» деген ұсыныс бар. Осыған орай педагогикалық білім беру тұжырымдамасында: «...ЖОО болашақ мұғалімдерді даярлаудың білім мазмұнын жандандырудың басты бағыты, еліміздің және адамзат тарихымен, мәдениетімен, Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерімен тығыз байланыста ұлттық рухани мәдениетімізді өрлету негізінде мұғалім тұлғасының шығармашылық потенциялын дамытуды қамтамасыз ету» деп көрсеткен. Өз елінің мәдениетін терең игеру – басқалардың мәдениетіне деген танымдық қатынасының тұғыры, ал жан-жақты интеллектуалды мәдениетті тұлға-рухани дүниетанымы толықсыған азамат.
Адамзат қоғамының рухани-мәдениет құндылықтарының тәлім-тәрбиелік білім көздерін анықтау, шығармашылықпен қолдана білу қабілеті жетілген педагог, шәкіртінің таңдаған мамандығының ғылыми-әдіснамалық, педагогикалық білім негіздерімен қарулануына, жас ұрпақ тұлғасын қалыптастыруға қажетті оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру (гуманизациялау) мен демократизациялау принциптерімен ұштастыра жүзеге асыру мүмкіндігіне ие етеді.
Пайдаланылғанәдебиеттер


1. Билер сөзі. —Алматы: Қазақстан, 1996. —237б.
2. Дулати М. Х. Тарих-и-Рашиди. Алматы.1999.
3. С.ШӘбенбаева, А.М ҚұдияроваЖ.Ә . Әбиев педагогика 2003ж.
4. Қазақстан Ұлттық энциклопедия. Алматы. 2001. 3 том. 398б.
5.Нұрмұратов С.Е., Сағиқызы А. Ұлттық рух мәселесі хақында // халықаралық конференция материалдары. Алматы 2006. 176 б.
8 дәріс тақырыбы. Мұғалімнің кәсіби қызметі және оның әлеуметтік –педагогикалық мәні
Жоспар
1. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы.
2. Мұғалім мамандығының әлеуметтік педагогикалық мәні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет