1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері мен функциялары



бет9/42
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#124480
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Байланысты:
lektsii mamnd

2. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері мен функциялары

  1. Оқу материалын іске асыру бойынша оқытушылық жұмыстары.

  2. Тәрбие беру жұмыстары.

  3. Оқытушылардың өздігінен білім алулары мен өзін-өзі тәрбиелеуі.

  4. Басқарушылық әрекет.

  5. Ғылыми-зерттеу жұмыстары.

  6. Мектептен тыс жұмыстар.

  7. Әдістемелік жұмыстар.

  8. Ұйымдастырушылық жұмыстар.

Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары:

  1. Диагностикалық.

  2. Бағыттылық-болжамдық.

  3. Конструктивтік-жобалық.

  4. Ұйымдастырушылық.

  5. Ақпараттық-түсіндірмелік.

  6. Коммуникативтік-ынталандырушылық.

  7. Аналитикалық-болжаушылық.

  8. Гностикалық.

  9. Педагогикалық процесс мұғалім іс — әрекетінін обьектісі

Адамның қандай да болмасын іс - әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес.
Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс - әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.Педагогикалық іс - әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады»’ Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары -ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс -әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс -әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс - әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс- әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.Диалектикалық - материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс - әрекеттің ролі жан - жақгы зерттелген.
Адам іс - әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 - шы жылдарында ғана мұғалім іс - әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс - әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу - тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту - тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс - әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс - әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтаспедагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкінемес (В.С. Ильин);-мұғалім іс-әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);-егер оқушының іс - әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалықеңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);-мектеп әкімшілігі іс - әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтаспедагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.Кондаков);-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқарушешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрідамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский);Мұғалім іс - әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына - мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.Қазіргі кезендегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақгалады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, зандылықтар туралы дербес білімдері бірте — бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес.
«Педагогикалық процесс» деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс - әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарлары эмпирикалық жолмен жинақгалған педагогикалық процестің әртүрлі жақтары жайлы білімдер болады.Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің білімдер сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенін бірлігі(А.Ф. Каптерев, М.А. Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушьшардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (АС. Макаренко); тұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т. Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В.С. Ильин, И.П. Радченко) және т. б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр - ол біртұтас педагогика-лық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақгарға эмпирикалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.Бір деңгейден (жеке құбылыстарды сипаттаудан) басқа тұтастыктың мәнін және оның бөліктері арасындағы өзара байланыстылығын анықтау деңгейіне көшу теориялық талдаута көшуді талап етеді. Жекелік абстрактылықтан нақтылыққа көшу күрделі құбылыстарды теориялық талдау әдісі болады, ал оны бірінші К.Маркс өзінің еңбектерінде бірінші болып сипаттап қолданады. Көрсетілген әдістің жасау ерекшеліктерін В.И. Ленин осы әдістің орнын және оны нақтылы ғылыми зерттеулерде философиялық және жалпы ғылыми талдау үшін қолдануды көрсетті.Затты теориялық қарастырудың объектісі болып заттын басқалармен байланысы мен дербес өздері емес, белгілі бір нактылықтың ішіндегі басқа заттармен заттың бірі байланысы, оған қатынасы бар. Бірақ бұл мұндай мүмкіншіліктің болуы, егер эмпирикалық зерттеулерде алдын ала теориялық қорытынды жасалып, ұғымдар мен анықтамаларда тұтастықтың жалпы жақтары мен байланыстары көрсетіліп белгіленсе ғана мүмкін. Онда тұтастыққа теориялык талдау заттық нактылықтың ішіндегі қатынастарын анықтау болады (А.Н. Шептулин).Қандайда болмасын объектіні тұтас қарастыру мүмкіншілігі оның әрбір элементтік бөлігін өз негізінде дербес жүйе ретінде есебінде қарастырылуы мүмкін яғни, таным, соның ішінде педагогикалық шындықгы тану, осы аспектіде нақтылы таным болады. Мұндай объектіні теориялық тәсілмен елестету, онда шындық әртүрлшігінің бірлігі ретінде оның өмір сүруінің әртүрлі ішіндегі бөліктер бірлестіктерінің формалары мүмкін болады, (Ж. М. Абдильдин). Біртұтас объектіні (немесе объективтік біртұтастықты) тұтастықтың ең кішкентай («кереге көзсіз») генетикалық бірліксіз елестету мүмкін емес.
Жүйелілік бағыттағы көзқараста педагогикалық процесті элементарлық бірлік «кереге көзі» қарастыру арқылы оны модель ретінде құрастыруға болады. Негіз болатын абстракцияда («кереге көзі») ең аз дегенде екі қасиеті болуы керек: а) өз нәрсенің мәнін, себептерін аша алуы б) басқалармен шегіне жеткен, жанама түрде емес (керісінше, оның өзі құбылыс басқа жақтары мен қасиеттерімен жанамаласады). Басқаша айтқанда, көрсетілген абстракция осы нақгьшы көп нақтылықтан абстракциялаудың шегі, соңы болады,бұдан әрі құбылысты кеселсіз сай бейнелеуге мүмкін емес. Немесе былайша айтуға болады: көрсетілтен абстракция дамыған біртұтастықтың дамымаған бастамасы, яғни тұтастық барлық басқа созылатын, шығатын тұтастық көз негізі (М.М. Розенталь).Элементарлық бірлікті («кереге көзді») марксистік педагогикада негіздеуге көптеген зерттеушілер, оның әртүрлі объектілеріне қатысты, ат салысты.(Н. Чакыров, А.П. Сидельковский, М.И. Алексеев, В.И. Загвязинский, Г.И. Легенький және т.б.). Бірақга бұл істелген жұмыстар нәтижесі жеткілікті дәрежеде емес еді, себебі оны жасаушьшар қойьшатын методологиялық абстракцияны анық көрсету мен оны қолдану жағдайына қойылатын талапты бұзған еді.
Белгілі бұл бағыттардың әлсіздігі мынадан байқалады, авторлардың ойларын белгілі бір дәрежеге жеткізе алмады, онда педагогикалық теория өзінің дамуының ғылыми негізделген қисынына ие бола алмады (М.А. Данилов).Педагогикалық процесті тұтас объект ретінде қайта жасауға бастапқы абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы объективті сол процестің өзара қарама - қайшы мәндерді шарасыз өтулері керек.

Пайдаланған әдебиеттер


1.Әбиев Ж.Ә., Бабаев А.М., Құдиярова А.М. Педагогика:оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2004. – 443 б.


2.Әленұлы Ш. Педагогика: ұлттық мектепке негізделген оқу құралы. Алматы: РОСТ, 2002. – 302 б.
3.Беркімбаева Ш.К. Педагогика тарихы: білім беру және педагогикалық ойлар тарихы: оқулық. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2009. – 397 б.
4. Введение в педагогическую деятельность / В.А.Мижериков, М.Е.Ермоленко; Под ред. П.И.Пидкасистого. – М.: Пед. о-во России, 2002. – 267с.
5 дәріс тақырыбы. Педагогикалық білім жүйесі
Жоспар
1. Білім беру жүйесі туралы жалпы түсінік.
2. Үздіксіз білім беру жүйесі.
3. 12 жылдық білім беру жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет