1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Мұғалім қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жайлы



бет7/42
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#124480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
lektsii mamnd

2.Мұғалім қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жайлы.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде адам тәрбиесі, бір жағынан, қоғамның өзіне қажетті негізгі міндеті болуымен қатар, екінші жағынан, қоғамның одан әрі алға дамуына мүмкіндік жасайтын жағдай болып табылады. Сондықтан, бұл күндері тәрбие барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатқа айналуда. Мектеп және басқа әлеуметтік орындар өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісін қоғамдық тәрбие беруші барлық күштерді интеграциялау арқылы жүзеге асыруда.
Мұғалім – қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы ең бағалы және қажетті нәрселерді алады, ал негізінен алғанда мұғалім арқылы жастар санасына сіңіреді. А. В. Луначарскийдің айтуынша, мұғалім балаларға өткен ұрпақтан ең таңдаулысын беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен кеселді бермеуі тиіс. Мұғалім жас ұрпаққа білімді ғана емес, ғылыми-материалистік дүниетанымды, мұратты, біздің қоғамымызда орныққан азаматтық позицияны қалыптастырды, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді.
Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалімге үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады, яғни оның қолында В. Г. Белинскийдің сөзімен айтқанда, адамның өмірлік тағдыры тұр. Кезінде көне грек философы Платон былай деген: егер кебіс тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды – бар болғаны азаматтар біршама нашар киінеді, ал егер шәкірт ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді. А. В. Луначарскийдің сөзі де осы ойға үндес: «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдірсе онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы тас бүлінсе, онда ол бракқа кетеді, алайда ең бағалы деген гауhар тастың өзі, жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үлкен қылмыс, немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын біле отырып жұмыс істеу қажет».
Мұғалім өзінің күнделікті жұмысында мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, қазіргі дүниеде болып жатқан процестердің мәні мен ой-мақсатын дер кезінде және дәлелді түсіндіріп отыру қажет. Әрбір біздің еліміздің мұғалімі экономикамызды интенсивтендіру бағдарламасына өз үлесін қосуы тиіс. Оның міндеті – шәкірттеріне әлем туралы ғылыми түсінікті айтуы, оқушыларды өз бетіне және шығармашылықпен ойлауға баулу, ғылыми таным түсінігін меңгерту, белсенді техникалық шығармашылыққа тарту, программалауды және ЭВМ-де жұмыс істеуді үйрету.
Сонымен, бүгінгі таңда толғағы жеткен көптеген педагогикалық әлеуметтік мәселелер мұғалімнің ой-санасының жаңаруымен, жаңа міндеттерді айқын түсінуімен, педагогтердің белсенділігімен, шығармашылық қатынастарымен шешіледі.
Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар,əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар. Сондықтан да белгілі бір əдісті немесе іс шараларды іске асырмас бұрын мұғалімнің əдістемелік жұмысының мазмұнын анықтаған жөн. Ол үшін мұғалімнің жалпы мəдениеттілік даярлығы, əдістемелік, зерттеушілік, кəсіптік адамгершілік, тəрбиелік мəдениеті, диагностикалық жəне басқару мəдениетінің жиынтығы арқылы кəсіптік педагогикалық деңгейін зерттеу қажет.Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, ауыл мұғалімдерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып, оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік ілімдердің біріктірілуі қажет. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, оның кəсіптік мəдениетінің өрістеуіне жан -жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай жасалуын ескерген жөн. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс.
Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты - осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. 
3. ҚР-ң «Білім беру туралы заңы», «ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасындағы, «ҚР-ы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы» қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.
ҚР-ның «Білім туралы заңының» 41-ші бабында, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, олардың әлеуметтік кепілдіктері жайлы атап көрсетілген.
«ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасындағы 4-ші бөлімінде, білім берудің деңгейлері мен мазмұнында, Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлері бойынша білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
«ҚР-ы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында: жетекші университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін қалпына келтіру және одан әрі дамыту; педагог мамандықтарының білім беру бағдарламалары мазмұнын жаңарту, білім берудің вариативтігі (өзгермелі) үлгілерін жасау; педагог кадрларын даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксңз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу; екінші мамандықтың қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде мемлекеттік тіл, шетел және ана тілдері, информатика, психология бойынша пән мұғалімдерін қайта даярлау; болашақ мұғалімдер үшін олардың даярлық деңгейін тәуелсіз кәсіби бағалаумен қоса үш айдан бір жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу; 12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша және кәсіптік білімберу ұйымдарында жұмыс істеу үшін педагог мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту; педагогтерді және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың, мұғалімнің педагогикалық қызметін сертификаттаудың жаңа жүйесін әзірлеу; педагогтердің еңбегін ынталандырудың және оларды жергілікті жерлерде тұрақтандырудың тетіктерін жетілдіру; білім берудің жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдістемелерінің өзгергенін ескере отырып, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру; білім беру ұйымдары басшыларын білім берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру; жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық шарттар мен бағдарламалардың негізінде мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау көзделеді. Мектепке дейінгі ұйымдар үшін педагог кадрларды даярлау кезінде қосымша мамандандыру мүмкіндігі көзделетін болады: мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жөніндегі педагогика-психология, мектепке дейінгі білім беру менеджменті, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін шетел тілі, қосымша білім беру педагогикасы. Білім беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тілді мұғалімді даярлауға бағдарланатын болады деп көрсетілген.
Пайдаланған әдебиеттер



  1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н., Введение в педагогическую

деятельность.– М., 2002 г.
2. Никитина Н.Н., Кислинская Н.В., М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2004 г.
3. Рувинский Л.И., Мамандыққа кіріспе. – А., 1991 ж.
4. Синица И.Е., Педагогикалық шеберлік. -А., 1981 ж.
5. Синица И.Е., Педагогикалық әдеп және ұстаз шеберлігі. -А., 1981 ж.

4 дәріс тақырыбы. Педагогикалық әрекет және оның негізгі аспектілері


Жоспар
1.Педагогикалық іс-әрекет түсінігі.
2. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері мен функциялары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет