екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалык, төртінші – шығармашылық.Ендеше
оқушылардың білім, білік, дағдыларын, құзыреттіліктерін жетілдіру үшін оқытудың жаңа
технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының
талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен
оқу құралдары қажет.Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,
оның өзіндік және шығармашылық
қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті
объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтуы тиіс.Технологиялар мен әдістердің тізімі
ауқымды, олардың мүмкіндіктері әр түрлі, сондықтан алдымен негізгі стратегиялық
бағыттарды анықтау қажет, әрине, өмірдің әр түрлі жағдайларына дайын рецепт жоқ.
Белсенді технологиялар мен
әдістердің әлеуеті өте жоғары, ал оларды оқыту барысында
пайдалану оқытудың нәтижесі - құзыреттілікке ықпал етеді.
Төмендегідей негізгі міндеттерді бөліп алуға болды:
- оқушылардың дамуына, өзіндік дамуына жағдай жасау;
- өнімді білім, білікті игеру;
- бүкіл өмір бойына өз білімін толықтыруға деген қажеттілікті дамыту.
Оларды орындау үшін мұғалім нені басшылыққа алуы керек?
Ең алдымен, мұғалім қолданатын технологияға тәуелсіз төменде
келтірілген ережелерді
есіне сақтауы керек:
1. Ең бастысы, Сіз оқытып отырған пән емес, Сіз қалыптастырып отырған тұлға. Тұлғаны
Сіз оқытатын пән қалыптастырмайды, пәнді оқытатын мұғалім қызметі арқылы
қалыптасады.
2. Белсенділікті қалыптастыру үшін уақытты да, күшіңізді де аямаңыз. Бүгінгі белсенді
оқушы – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі.
3. Оқушыны білім алуға, оқу-танымдық қызметтің өнімді әдістерін игеруге көмектесіңіз.
4. «Неліктен?» деген сұрақты жиі пайдаланыңыз, бұл себепті ойлауға үйрету үшін қажет:
себеп-салдар байланысын түсіну дамыта оқытудың міндетті шарты болып табылады.
5.
Ауызша айтқан адам емес, практикада қолданған адам білетінін есіңізге сақтаңыз.
6. Оқушыларды ойлауға және өздігінен әрекет етуге үйретіңіз.
7.Шығармашылық ойлауды проблеманы жан-жақты талдаумен дамытыңыз, танымдық
міндеттерді бірнеше тәсілдермен шешіңіз, жиі шығармашылық есептерді жоспарлаңыз.
8. Оқушыларға оларды оқыту перспективасын жиі көрсетіңіз.
9. Білім жүйесін игеруді қамтамасыз ету үшін сызбаларды, жоспарларды қолданыңыз.
10. Оқыту үрдісінде әр оқушының жеке қабілеттерін есепке алыңыз, бірыңғай деңгейдегі
білімі бар оқушыларды кіріктірілген топтарға біріктіріңіз.
11. Оқушылардың өмірлік тәжірибелерін, қызығушылықтарын,
даму ерекшеліктерін
есепке алыңыз.
12. Өз пәніңізден ашылған жаңалықтар бойынша ақпаратты біліңіз.
13.Оқушылардың зерттеу жұмысын ынталандырыңыз. Оларды эксперименттік жұмыстың
техникасымен, есептерді шығару алгоритмімен, анықтамалық материалдармен,
шығармалармен таныстыруға мүмкіндік табыңыз.
14. Білім ол үшін өмірлік қажеттілігі екенін түсінуге үйретіңіз.
15. Оқушыларға әр адамның өмірлік жоспарларын жүзеге асыру үшін барлығына
үйренетін болса, онда ол өмірден өз орнын табатынын түсіндіру қажет.
Бұл пайдалы кеңестер-ережелер – бұл педагогикалық даналықтың, педагогикалық
шығармашылықтың, көптеген ұрпақтардың жалпы педагогикалық тәжірибелерінің шағын
бөлшегі ғана.
Осыларды
есте сақтау, оларды басшылыққа алу – бұл ең басты мақсатқа – тұлғаның
дамуын қалыптастыруға жетуде мұғалім еңбегін жеңілдетудің басты шарты болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: