№1 дәріс Тақырыбы: Кинематика. Динамика



бет47/59
Дата07.02.2022
өлшемі2,32 Mb.
#85885
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59
Байланысты:
Физикадан ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ

Фарадей заңдары
Фарадейдің 1 – заңы былай айтылады:
Электродтан бөлініп шыққан заттың мөлшері электролит арқылы өткен зарядқа пропорционал.
(9.20)
- бөлініп шыққан заттың массасы. - заттың табиғатына байланысты коэффициент, ол электрохимиялық эквивалент деп аталады. - ерітіндіден өткен заряд.
Фарадейдің 2 – заңы:
Барлық заттардың электрохимиялық эквиваленті олардың химиялық эквивалентіне пропорционал.
(9.21)
- химиялық эквивалент, мұндағы , - электрохимиялық эквивалент. М – заттың молярлық (атомдық) массасы, - атомның валенттілігі. - пропорционалдық коэффициент, F – Фарадей саны деп аталады. F = 96500 Кл/моль. Фарадей саны F мән жағынан электродта сан

жағынан - ге тең заттың массасы түзілу үшін электролит арқылы өткізілуге тиіс заряд шамасына тең.


Бұл екі заңды жалпы түрде біріктіріп, былай жазуға болады:
(9.22)

10 дәріс


Тақырыбы: Магнетизм
Жоспар:

  1. Био-Савар-Лаплас заңы

  2. Дөңгелек ток пен соленоидтың магнит өрісі.

Электр зарядын қоршаған ортада белгілі бір физикалық қасиеттері бар электростатикалық өріс болатыны сияқты, токтарды қоршаған ортада да
магнит өрісі деп аталатын өрістің ерекше түрі пайда болады. Электростатикалық өрістің бар-жоғы оған әкелінген зарядталған денелерге әсер етуші күш арқылы білінеді. Магнит өрісі, осы өріске әкелінген тогы бар өткізгішке әсер ететін күш арқылы байқалады. Мысалы, бірдей бағытта ток жүріп жатқан параллель екі өткізгіш өзара тартылады. Мұны біз былай деп түсіндіреміз: токтардың әрқайсысы өзін қоршаған ортада магнит өрісін тудырады да, ол өріс екінші токқа әсер етеді.
Ток жүріп тұрған өткізгіштің формасына, оның орналасуына және ондағы токтың бағытына байланысты магнит өрісінің токқа ететін әсері әрқилы болады. Сондықтан магнит өрісін сипаттау үшін оның тек белгілі бір токқа әсерін қарастырамыз. Әзірше, жүріп жатқан өткізгіштер бос кеңістікте орналасқан деп есептейік.
Электростатикада біз электростатикалық өрістің қасиеттерін зерттеу үшін нүктелік зарядты, яғни өрісті тудырып зарядтардан қашықтығымен салыстырғанда, өлшемдері өте кіші денеде түйіртпектелген зарядты пайдаланамыз.
Ток жүріп тұрған өткізгіштің жанына орналасқан кішкене рамка белгілі бұрышқа бұрылады. Магнит өрісі рамкаға бағыттаушы әсер етеді.
Магнит өрісінің қасиеттерін зерттеу үшін, оның тогы бар жазық тұйық контурға тигізетін әсерімен пайдаланамыз. Мұндай контурды біз рамка деп атаймыз. Бұл контурдың өлшемдері магнит өрісін жасайтын тогы бар өткізгіштерге шейінгі қашықтықпен салыстырғанда кіші болуы тиіс. Мұндай рамкада тұрақты ток ұдайы жүріп тұруы үшін оған өткізгіштер арқылы ток жіберіп тұру керек.
Магнит өрісі бұл өткізгіштерге де әсер етеді; осы әсерден құтылу үшін ток келтіретін өткізгіштерді өзара тығыз орналастырамыз, сонда оларға тигізетін магнит өрісінің қорытқы әсері нольге тең. Бұралу деформациясы оңай анықталатын жіңішке жіпке ілінген осындай рамканы магнит өрісінің қасиеттерін зерттеуге пайдаланамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет