1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе Оқу нәтижелелері



Дата06.02.2022
өлшемі47,31 Kb.
#80224
Байланысты:
1 дәріс. Кіріспе


1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе
Оқу нәтижелелері
- Мектепте оқылатын химия курсында экспериментің маңызы мен орнын анықтайды
- Мектептегі химиялық эксперименті жүргізудін техникасы және әдістерін зерттейді
Дәріс жоспары
1. Мектепте оқылатын химия курсында экспериментің маңызы мен орны.
2. Химиялық эксперименттің химияны оқыту процесі кезіндегі оқу-тәрбиелік міндеттері.
3. Мектептегі химиялық эксперименті жүргізудін техникасы және әдістері.
Дәріс тезисі:
Химияны оқыту процесінде эксперименттің толып жатқан түріне негізгі орын берілуі керек, өйткені эксперимент-химиялық құбылыстардың сырын ашудың негізгі құралы. Оқушылар бақылау мен тәжірибе арқылы заттың және онда болатын өзгерістердің мәнін біледі, салыстыру, талдап қорыту және қорытынды жасауға қажетті фактілер жинайды. Эксперимент арқылы оқыту процесінде бірінші және екінші сигнал жүйесінің өзара әрекеті мен бір-бірімен байланысы іс жүзіне асырылады, оқушылардың саналы және мақсатқа сәйкес білім алуы қамтамасыз етіледі. Эксперимент құбылысты тану жолы болумен қатар дүние жөніндегі ғылми білімнің объективті екендігінің, адамның дүниені тануына және табиғатты өзгертуге болатындығының дәлелі болып отыр. Химиялық тәжірибе жасаған, түрлі жағдайда химиялық реакцияның жүруін бақылаған және ол реакцияның жүруін өзінің қолынан келетін дәрежеде өзгерте алатын оқушының күрделі химиялық процестерді басқаруға болатындығына, оларды мақсатқа сәйкес бағытта жүргізуге, үстірт қарағанда түсініксіз тәрізді болып көрінетін құбылыста ешбір жүмбақ, жасырын сыр жоқ екендігіне, олар да табиғи заңға бағынатындығына, ол заңдарды білу химиялық өзгерістерді адамнын, практикалық іс-әрекетінде кең пайдалануға мүмкіншілік туғызатындығына көзі жетеді.
Эксперимент - оқыту процесінде теорияның практикамен өзара байланысын іс жүзіне асыратын, білімді сенімге айналдыратын өте маңызды жол. Демек, дұрыс жасалған эксперимент пен одан шығарылған айқын қорытынды - химияны оқыту кезінде оқушылардың диалектикалық -материаілистік дүние тану көзқарасын қалыптастырудың маңызды құралы.
Бұдан басқа химиялық эксперимент химияны оқыту процесі кезінде мына бағыттағы оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуде маңызды орын алады:
а) құбылыстарды танудағы бастапқы момент,
б) айтылған болжаудың, гипотезаның, қорытындылардың,дұрыс не терістігін дәлелдеуге, сол сияқты мұғалім айтқан немесе оқушылардың оқулықтан оқыған кұмән келмейтін ережөлерінің дұрыстығын көрсетуге қажетті дәлел және көбіне бірден-бірдәлел ретінде;
в) лаборатория құрал-жабдықтарын, заттарды қолдана білу,заттарды алу және бір-бірінен ажырата білу жөнінде практикалық дағдыларды қалыптастыру мен жетілдіре түсуде бірден-бірқұрал ретінде;
г) эксперимент теориялық білімді дамытудың, жетілдіре берудің, алған білімнің тиянақты болуының маңызды құралы;
д) эксперимент оқушылардың білімін, іскерлігін және алғандағдыларын тексерудің әдісі (методы) ретінде қолданылады;
е) ақырында, эксперимент химияны оқуға оқушылардың талабын арттырады, оқушылардың бақылаушылық, ізденушілікқабілеттігін дамытады, бідімді өз бетінше алуға, оны жетілдіретүсуге және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға тырысуталабын қалыптастыру құралы болып саналады.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі химиялық экспериментті химия пәнін оқытудың негізгі әдіс деп санауға мүмкіншілік туғызады. Бірақ бір өкінетін жағдай-көптеген химия пәні мұғалімдері химия экспериментінің осындай алуан түрлі мүмкіншілігін толық түсінбейді және толық пайдалана алмай келеді. Көбінесе экспериментті ауызша айтылған материалды дәлелдеу үшін қолданып, оның дүние танудағы зерттеу элементі жөніндегі маңызына мән берілмейді. Ал анығында оқыту мәселелерін шешкенде эксперимент дүние тану процесінің бастамасы және жорымалдың дұрыстығын дәлелдеу мен тексерудің маңызды құралы болып саналады. Оқушылар айрылу реакциясы жөнінде түсінік беру алдында, оларға эксперименттік есеп типіндей сұрақ қойылады: негіздік көмір қышқыл мысты (малахиттің көк ұнтағы) қыздырғанда не болады? Бұл осы күйінде шешуді талап ететін сұрақ, бұған тек тәжірибе жүзінде ғана жауап беруге болады. Оқушылардың әлі қажетті білімі болмағандықтан олар есептің құрылыс жағын шеше алмайды, сондықтан бұл жерде мұғалімнін, көмегі қажет; мұғалім оқушыларды окулықтағы прибор құрылысымен таныстырады, тәжірибе істетіп және қорытынды жасатады (53-бет).
Мыс тотығын қыздырғанда жаңа заттар түзіле ме деген екінші сұрақ та осындай жолмен шешіледі.
Оқушылардың айрылу реакциясы жөнінде білетіндерін пайдалана отырып, мұғалім келесі сабақта мынадай жаңа мәселелер қояды: тәжірибелер бір заттан екі, тіпті одан да көп жаңа заттар алуға болатындығын көрсетті. Ал, мысалы, екі заттан жаңа бір зат алуға бола ма? Бұл да тәжірибе арқылы шешілетін мәселе (күкірттің темірмен әрекеттесуі). Бұл жағдайда да, басқа көптеген жағдайлардағы сияқты эксперимент - тәжірибе дүние танудың алғашқы қадамы болады. Мұғалім бұл әдісті неғұрлым жиі көп қолданса, оқушылар өздерінің алдына қойылған мәселені шешуге соғұрлым белсенді қатысады. Өйткені таныс емес, белгісіз газдың-сутегінің-қасиеттерімен танысу үшін де оңай эксперименттік мәселелер шешу керек қой. Оқушылар отырған столында сұйытылған тұз қышқылы құйылған пробирка мен цинк түйірі бар. Мүғалім цинкті пробиркаға салыңдар, не болатынын бақылаңдар, содан кейін пробирка аузына (оны штативтен алмай) жанған шыра жақындатыңдар дейді. Цинк пен қышқыл арасында реакция жүретіндігін, одан газ бөлініп шығатындығын, бұл газ қасиеті жөнінен осы кезге дейін оқып еткен газдардың ешқайсысына ұқсамайтынын оқушылар жеңіл-ақ анықтайды. Мұғалім енді бұл газдың сутегі деп аталатындығын айтады. Келесі сабақтар сутегінің қасиеттерімен танысуға арналады.
Тұздардың химиялық қасиеттерін, металдардың активтік қатарын және химия курсының басқа да тақырыптарын осылай өткізуге болады.
Дегенмен көп жағдайларда тәжірибе нәтижесінде және басқаларда не түзілетінін оқушылар алдын ала болжап айтуы мүмкін. Мұндай жағдайда эксперимент дәлелдеу не тексеру құралы ретінде қолданылады. Шала жанған шыраның мысалына сүйеніп (бұл оқушыларға табиғат тану курсынан және мыс тотығын айыру тәжірибесінен белгілі), оттегінің жануды қолдайтындығын біле отырып, оқушылар зат оттегінде, ауадағыға қарағанда, жақсы жанады деген жорамал жасауы мүмкін. Тәжірибе бұл жорамалдың дұрыс екендігін керсетеді. Екінші бір жағдайда, балқытылған бертолле тұзына марганец қос тотығын қосқанда оттегінің көп бөлінетіндігін бақылаған оқушы оттегі марганец қос тотығынан бөлінеді деген теріс жорамал жасауы мүмкін. Бірақ марганец қос тотығы салынған пробирканы спирт шам жалынында қыздырып тәжірибе жасағанда оттегі бөлінбейді, демек, бұл-жорамалдың дұрыс болмағандығы.
Күйдіргіш натр ауада қобырсып кетеді, суда жақсы ериді, оның судағы ерітіндісі фенолфталеинді қызғылт түске бояйды. Ал күйдіргіш кали қандай қасиет көрсетеді? Тәжірибе бұған дұрыс жауап береді. Кальций тотығы гидраты осындай ма, әлде басқа қасиет керсете ме? Тәжірибе оның ерігіштігі кем, судағы ерітіндісі фенолфталеинді қызғылт түске бояйтындығын, бірақ тканьді бүлдірмейтіндігін көрсетеді.
Мыс тотығы гидраты суда ерімейді, фенолфталеиннің түсін езгертпейді, ал қышқылдармен әрекеттескенде, натрий тотығы гидраты тәрізді, тұз түзеді.
Осылайша тәжірибе жасау арқылы негіздердің ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.
Сандық анализ мәліметтеріне сүйене отырып, заттың құрамын анықтау мен химиялық формуласын табуда эксперименттің зор маңызы бар (94-бет). Дегенмен тәжірибе мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Оқушылар заттың құрамы мен қасиеттері жөнінде салыстыру мәліметтеріне сүйене отырып, қорытынды жасаулары керек. Мысалы, оқушылар қышқыл кальцийдің құрамы мен қасиеттерін біле отырып, көмір қышқыл барий формуласын жаза білулері, бұл затты тіпті көрмей-ақ, оның кейбір қасиеттерін «болжай» білулері керек. Екінші бір жағдайда тәжірибе көмегімен заттың қасиетін анықтағанда сол жерде бірден түсіндіруге болмайды. Мысалы, VII—VIII класс оқушыларына азот қышқылы металмен әрекеттескенде сутегін бөліп шығармайтынын тәжірибе жасап көрсетеді. Мұны тек факті ретінде есте сақтау керек, өйткені оқытудың бұл сатысында осы құбылысты түсіндіруге болмайды.
Он жылдық мектепте оқылатын химия курсында оқушыларға мұндай көп «тәжірибелік» фактілерді есте қалдыру керек; бұл жағдайда «бұл неліктен осылай, неліктен басқаша «емес» деген сұраққа жауап берілмейді. Мұндай жағдайда тәжірибе жасаудың маңызы ерекше, өйткені кейде жалпы ережеден шығу ретінде құрғақ сөзбен түсіндіру, көбіне оқушының ойында қалмайды, тез ұмытыдады.
Тәжірибені бақылау кезінде оқушылардың кейде теріс қорытынды жасайтындығын естен шығармау керек. Мысалы, цинктің қышқыл ерітіндісімен әрекеттесқенінде газ көпіршіктері металл бетінен шығып жатқанын көріп, оқушылар, цинктен сутегі бөлініп жатыр дейді. Бірнеше тамшы лакмоид (әсіресе лакмоид концентрациялы су-спирт ерітіндісі түрінде лакмус орнына қолданылған кезде) тамызғанда сілті не қышқыл ерітінділері түсінің езгеруін бақылаған оқушы «сілті индикатордан жасыл (немесе қышқылдан қызыл) туске боялады» деген қорытынды жасайды. Күкірттің қоспасын қыздыру (реакция басталу үшін) фактісін есіне сақтай отырып, оқушылар «күкірт пен темір бір-бірімен қыздырғанда қосылады» деген қате қорытынды жасайды, яғни бұл реакцияны, негіздік көмір қышқыл мыстың айрылу реакциясына ұқсатып, жылу сіңіре жүретін процеске жатқызады. Фосфордың оттегінде жануын алғаш бақылағанда, оқушылар бұл реакция кезінде түзілетін фосфор ангидридін газ тәріздес заттар қатарына жатқызады.
Негізгі процестің жүруі түрлі сыртқы құбылыстарға байланысты болып келетін бүдан күрделірек жағдайда, оқушылар тәжірибеден көруге қажетті басты құбылысты аңғармай қалуы мүмкін, өйткені оның назары қызғылықты қосымша құбылыстарға оттегін су бетіне жинағанда, газ ағыны қатты тұздың майда тозаңдарын өзімен бірге ілестіріп әкетеді де, ол тұз суда еріп, судың түсі өзгереді. Оқушылардың назары суды қабылдағыштан газдың ығыстырып шығаруына емес, «судың түсі қызарғанына» ауады. Ауаны ығыстыру әдісімен оттегі толтырылатын банкадағы газдың түсін тұз түйіршіктері өзгертеді, осыған қарап оқушылар «оттегінің түсі күлгін» деген қорытынды жасайды.
Осындай жағдайлардың бәрінде де мұғалімнің басшылығы және тәжірибе жасау нұсқауында келтірілген сұрақтардың маңызы үлкен; осылардың арқасында оқушылар не көруі және не бақылауы керектігіне олардың назары аударылады. Оқушылар қате қорытынды жасамау үшін түсінік беру («Цинктің жай зат екенін білесіңдер, онда сутегі болуы мүмкін емес») не сұрақ қою керек («Цинк жай зат па, әлде күрделі зат па?», «Күкірттің темірмен қоспасын олардың арасында реакция басталғаннан кейін кыздыра берудің қажеті бар ма?»), реакция кезінде түзілетін заттарды (қатты фосфор ангидриді, магнитті темір тотығы, мыс тотығы т. б.) жеке-жеке көрсету керек. Ал, кейде қосымша тәжірибе жасау керек, мысалы, ерітіндінің түсін қышқыл (не сілті) емес индикатор өзгертетінін көрсету үшін лакмоидтың судағы сұйытылған күлгін ерітіндісіне бірнеше тамшы концентрациялы қышқыл не сілті ерітіндісін тамызады. Нейтралдау реакциясын өткенде де оқушылардың назарын осы фактіге аудару керек. Индикатор (лакмус және фенолфталеин сіңірілген) қағаздарын пайдаланған қолайлы, олар барлық ерітіндінің түсін өзгертпей, өздерінің түсін езгертеді. Үстірт қарағанда елеусіз болып көрінетін осы жағдайларды еске алу тәжірибе мен одан шығатын қорытындының дұрыстығын дәлелдей түседі. Экспериментті мұғалімнің айтқанына дәлел ретінде, пайдалану мысалы ретінде сутегімен жұмыс істеу ережесін өту тақырыбын алуға болады. Сутегінің жанғыш газ екендігіне оқушылардың көзі жеткеннен кейін, мүғалім сутегінің ауамен, әсіресе таза оттегімен қоспасын тұтандырғанда күшті қопарылатынын айтады. Осыдан кейін бұған сәйкес тәжірибе жасалады. Бұл тақырыпты басқаша түсіндіруге болады: мұғалім сутегінің ауамен қоспасын от алдырса (консерв қалбырында) немесе сутегінің оттегімен қоспасын от алдырса (бөтелкеде не сабын көпір-шігінде) не болады деген сұрақ қояды және не болатынын айтпай тәжірибе жасайды. Бірақ бұл онша қолайлы емес, өйткені күтпеген қопарылыстан оқушылар қорқып қалады, көңілдері қобалжиды.
Оқушылардың пробиркада жасаған тәжірибелерден оттегінің жануды жақсы қолдайтындығына көздері жеткеннен кейін және зат таза оттегінде, ауадағыға қарағанда, жақсы жанатындығы жөнінде дұрыс қорытынды жасағаннан соң заттарды оттегінде жағу жөніндегі жеке тәжірибелерді көрсетуге болады. Күкіртті, фосфорды т. б. жағып тәжірибе көрсету-бұдан бұрын жасалған қорытындыларды дәлелдейді.
Дегенмен қандай жағдайда болсын құбылысты танудың ең алғашқы ретінде эксперименттіқ маңызы тек көрсетуден әлде-қайда артық, сондықтан мектепте жасалатын әрбір тәжірибе оқушының күші жететін белгілі бір мәселені шешуге байланысты болуына барынша тырысу қажет.
Мектепте химиялық эксперименттің негізгі төрт түрі қолданылады; бұлардың әрқайсысының өзінше жеке методикалық маңыздары бар:
1. Демонстрациялық тәжірибелер
2. Зертханалықлық тәжірибелер
3. Сарамандық сабақтар
4. Аралас типті эксперименттер
Оқыту процесінде жасалатын методика мен оның маңызы жөнінде кластан тыс (сабақтан тыс) сабақтарда жүргізілетін эксперимент, үйге тапсырылатын кейбір эксперименттік жұмыстар мен бақылаулар да маңызды орын алады.
Эксперименттің қандай түрін қолданғанда болсын оның бір-бірімен тығыз байланыста болатын екі жағын-тәжірибе жасау техникасы мен оны пайдалану методикасын-ажырата білу керек. Бұл екеуінің қиындық дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін: жасау техникасы оңай тәжірибе қаралып отырған мәселе мазмұнын түсіндіру жөнінде қиын болуы мүмкін. Азот қышқылының металдармен әрекеттесуін көрсететін тәжірибе орындалуы жөнінде оңай (цилиндрге 1-2 мл концентрациялы қышқыл құйып, 2-3 түйір цинк салынады), бірақ химия курсын оқытудың алғашқы сатысында бұл реакция кезінде жүретін химиялық әрекетті оқушыларға түсіндіруге мүмкіншілік жоқ, олар тек реакция кезінде сутегі бөлініп шықпайтынын байқайды да қояды. Эвдиометрде суды синтездеу тәжірлбесі, керісінше, техникалық жөнінен орындауға қиын, оның әдістемесі жағы тәжірибені жеңілдетіп жасағанда онша қиын емес және одан шығарылатын қорытынды VII класс оқушылары үшін түсінікті. Күрделірек жабдықтар құрастыруды қажет ететін, бірақ оқушылар оңаң түсінетін сутегін оттегінде жағу және басқа да бір-қатар тәжірибелер жөнінде осыны айту керек.
Мұғалімге бұл екі қиыншылық та кездеседі; бұл қиыншылықтарды жеңу мүғалімнің әдістемені меңгеруіне және техникалық іскерлігіне, ал кейде кабинеттің жабдықталу дәрежесіне байланысты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет