1 дәріс тақырыбы: Өзін-өзі тану ғылым ретіндегі жалпы түсінігі. Жоспары



Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Kb.
#79869
Байланысты:
1 дәріс тақырыбы


1 дәріс тақырыбы: Өзін-өзі тану ғылым ретіндегі жалпы түсінігі.
Жоспары:
Өзін-өзі тану жайында жалпы түсінік.
Өзін-өзі тану ғылымының обьектісі және пәні.
Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік тәрбие жайындағы ғылым.

Әр тарихи кезеңнің өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптасып, оның өзегіне адам өмірінің мән-мазмұны, дүниеге деген көзқарасы алынатыны белгілі. Қазіргі кезеңдегі тәрбиенің басты мақсаты – жастардың тұлғалық қасиеттерін адамгершілік бағытта дамыту. Адамгершілік жалпы алғанда дүниетаным принципі десек, адам мүмкіншілігінің шексіз екендігін мойындау, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын және абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету - қоғамның түпкілікті мақсатына айналып отыр.


Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялар; отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік – психологиялық қырларын қарастырудың маңызы артып келеді. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға назар аударылуда. Оның себебі біріншіден, еліміздің тарихи даму жағынан Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия мәдениетінің негізгі халықтарының даму этаптарынан өтуі, қазақи мәдени құрлымына түрлі мәдени әдет-ғұрыптарды бойына сіңірген көп ұлтты қазақстан халқының қалыптасуы;
Екіншіден, қазіргі уақыт талабына сай жаңа мыңжылдықтың тың көкжиегін ашатын, қазақтың ұлттық мәдени рухани менталитетін сақтай отырып дамытатын, негізгі тәлім –тәрбие өзегі болатын, жаңа модель қалыптастыру қажеттігі туындап отыр;
Үшіншіден, еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына ену үшін, жаңа педагогикалық инновация мен технологияны меңгеруге қабілетті, жан-жақты интелекті дамыған, рухани дүниесі бай көзі ашық тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған кезден бастап адам санасына еніп дамып отырды десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылық адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-біріне деген қарым-қатынасы, өмір сүру салты, даму деңгейін бейнелейтін құрлымыдық элемент. Рухани құндылықтың сапасы жан дүниесінің дамуы, сана сезімінің деңгейі білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы, мәдениеттілігі т.б. көптеген сапалары арқылы өлшенетін болса, адамгершілік құндылық адамның адами қасиеті, бір-біріне деген қайырымдылық көрсетуі, мейірімділік сезімі, іс-әрекеттегі адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағы туыстық, достық қарым-қатынасымен бірігу идеясымен ерекшеленеді. Ал құндылықтық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір эмоцияларды – қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. қамтып дүниетаным ықпалымен қалыптасып келген. Оның ішінде ең жоғарғысы – қасиеттерге табуну, бала кезден ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығып, кезеңге сай дамып отырды.
Құндылықтар мәселесі қоғамның идеологиялық тұғырлары дискредитацияға ұшырап, мәдени дәстүрлері құнсызданған кезде, әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезде, тарихтың өтпелі, дағдарыстық кезеңдерінде өткір қойылып отырған.
Әдеби шолуларға сүйенсек құндылықтар жіктелуі әртүрлі: философиялық тұрғыдан витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б.); әлеуметтік (әлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік және т.б.); діни (Құдай, сенім ғұрып, шіркеу және т.б.); моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, әділеттік және т.б.) эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік, және т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттік, Ата Заң, азаматтық еркіндіктер және т.б.) Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.
Педагогикалық сөздікте: құндылық адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсететін қайырымдылығы тұрақтылығы, мейірімділік жүйесі - делінген.
Педагогикалық тұрғыдан рухани-адамгершілік құндылық тәрбие арқылы жүзеге асады. Негізінен рухани адамгершілік құндылықтар адам бойынан бастау алады. Себебі адам жаратылысы өмірге өзіне қарым-қатынасы, тұрмыс тіршілігі саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп сараланып отырады.
Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, саралап қабылдайтын бұл -адам санасы. Адам санасында бірінші құндылықты анықтау үшін белгілі бір себепке байланысты қажеттілік оянады, әрі қарай сол қажеттілікті қанағаттандыру жолында өз алдана мақсат қойып өзі үшін құндылық негізін анықтап алады. Негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар бұл адам бойынан бастау алады десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылықтар адам жаратылысы, олардың өмірге қарым қатынасы, тұрмыс тіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп, сараланып отырады. Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адами қасиеттер және адам екендігі қоғам дамуында әрдайым дәлелденіп келген.
Осы оқу құралында рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңа заманға сай қайтадан жаңғыртып, жастарымыздың бойында ізгілік нұрын себуге арналған өзін-өзі тану пәнінен негізгі өткізілетін дәрістер жинағы беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет