1-дәріс. Тақырыбы


Дәріс № 7. Көліктік қызмет



бет7/15
Дата08.02.2022
өлшемі57,02 Kb.
#118812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Дәріс кешені ПВ

Дәріс № 7. Көліктік қызмет

Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Көліктің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі – көмір, астық, мұнай, кентас, минаралдық тыңайтқыштар. Көліктің барлық түрлерінің республикада өткен ғасырдың 70-80 жылдары неғұрлым серпінді қарқынмен дамыды. Көлік құрылысы - темір жол, автомобиль, су, әуе көлігі, құбыр желісі нысандарын салу және қайта жаңғырту (құралымдау) жұмыстарын жүзеге асыратын құрылыс саласы. Оған темір жол мен автомобус жолдарын, аэродромдар, көпірлер, туннельдер, метрополитендер, алаптар, теңіз және өзен айлықтарын, каналдар, магистралды мұнай және газ құбырларын, вокзалдар, деполар, т.б. көлік үйлерін салу, темір жол жүйесін электрлендіру, автоматика және телемеханика қондырғыларын орнату ісі жатады.


Көліктік саяхат – бұл саяхат әртүрлі көлікте туристік топтардың саяхаттау болып табылады. Көліктік саяхаттың негізгі міндеттеріне:
– маршруттық тасымалдау (теміржол, теңіз, автобус, өзен, әуе);
– транспорт түрлерін қолдану (поезд, самолет, автобус, теплоходтар, велосипед, әуе шарлары);
– маршрут трассасының тұру (сызықтық, радиалды, домалақ, аралас);
– саяхаттың ұзақтылығы (қысқа мерзімді, көп күндік);
– маусымдық (жыл бойы, маусымдық, әртүрлі). Көбіне автобус, әуе және теміржол көліктерін қолданады. Турист өзінің саяхатты жоспарлаған кезде келесі факторларды ескереді:
– саяхат мақсатына дейінгі жеткізу жылдамдығын;
саяхат қолайлығын;
– құнын; – жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін мен оның массасын;
– тамақтандыру жағдайы;
– шу мен вибрация деңгейін;
демалу мен ұйықтау жағдайын;
– жағымсыз экологиялық факторлардың бар болуын;
– қауіпсіздікті. Осы талаптар келесідей тізбекте болады: саяхат қауіпсіздігі, әртүрлі жеңілдіктердің болуы мен бағасы; жайлылығы; жеткізу жылдамдығы; басқада факторлар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет