1. Дəріс тақырыбы



бет16/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨБЕЮІ. Жыныстық көбеюдің мəні өсімдікте арнайы маманданған жасушалардың-гаметалардың (п) түзілуімен, олардың екеу- екеуден жұптасып қосылуымен (капуляция) жəне зиготаның түзілуімен (2п), одан жаңа өсімдіктің пайда болуымен байланысты.
Гамета дегеніміз ядросында хромосомдардың саны гаплоидты болатын жыныстық жасуша. Өзара қосылатын гаметалардың бір-бірінен құрылысы жағынан (формасы, мөлшері, қозғалғыштығы), міндетті түрде физиологиясы жағынан, яғни жыныстық жəне тұқым қуалаушылық қасиеттері жағынан айырмашылығы болады. Гаметалардың қосылуының нəтижесінде пайда болған организмде аналық пен аталықтың тұқым қуалаушылық қасиеттері бірігеді.
Егер қосылатын гаметалар формасы, мөлшері жəне қозғалтқыштығы жағынан бірдей болса, онда оларды изогаметалар, ал жыныстық процесті- изогамиялық деп атайды. Егер гаметалардың формасы бірдей болса, бірақ аналық гаметаның мөлшері аталыққа қарағанда біршама үлкендеу жəне баяу
қозғалатын болса, ондай гаметаларды гетерогаметалар, ал жыныстық процесті гетерогамиялық деп атайды.
Жыныстық процесті оогамиялық деп атайды, егер аналық гамета үлкен шар тəрізді, қозғалмайтын (жұмыртқа жасушасы), ал аталығы өте ұсақ жəне қозғалғыш (сперматозоид) болса (2-сурет). Гаметалардың маманданған болуы эволюциялық деңгейдің бірден-бір көрсеткіші. Изогамиялық жолмен көбею жыныстық процестің ең қарапайым түрі болып табылады.


2-сурет. Жыныстық процестің формалары (сызба-нұсқасы): А-изогамия; Б-гетерогамия; В-оогамия; Г-зигогамия; 1-изогаметалар; 2-гетерогаметалар;
3-сперматозоид; 4-жұмыртқа жасушасы; 5-зигота; 6-біріктіру каналы.

Гаметалар гаметангиялар деп аталынатын мүшелерде жетіледі. Аталық гаметалары антеридийлерде, аналық гаметалары-төменгі сатыдағы өсімдіктер- де оогонийлерде, ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде архегонийлерде жетіледі.


Төменгі сатыдағы өсімдіктердің гаметангилерімен спорангийлері бір қалыпты болады, ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде олар көп жасушалы.
Балдырлар мен саңырауқұлақтардың кейбір топтарында тұрақты түрде жыныс процестері болғанымен жыныс мүшелері болмайды. Олардың зиготасы маманданбаған жасушалардың немесе олардың бір мүшелерінің косылуы арқылы пайда болады. Жыныстық процестің мұндай түрін зигогамиялық, немесе тіркесу арқылы (коньюгациялық) көбею деп аталады.
Егер гамета түзбейтін екі бір жасушалы түрлер қосылатын болса, онда мұндай жыныстық процесті хологамия деп атайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет