1. Дəріс тақырыбы


Спорофиті басым жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер



бет24/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Спорофиті басым жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер.


Бұл ертедегі өсімдіктерге жататын бөлімдер: Риниофиттер-Rhyniophyta, Псилоттəрізділер-Psilotophyta, Плаунтəрізділер-Lycopodiophyta, Қырық буындылар немесе Хвощтəрізділер-Eguisetophyta, Папоротник, немесе Шаңжапырақтəрізділер-Polypodiophyta.
Бірінші екі бөлімнің өкілдері толыққа жуық жойылып кеткен. Қазіргі кезге дейін жеткен сирек өкілдердің бірі Псилот-Psilotum triguetrum) болып саналады. Бұл өсімдік тропиктерде кездеседі, оның биіктігі 100 см-ден аспайды, жер астында көлденең тамыр сабақтары (сабақтың түр өзгерісі) дамиды одан жер бетіне қарай ұш бұрышты, қабыршақ тəрізді ұсақ жапырақтары бар өркен шығады. Нағыз тамырлары жоқ, олардың қызметін ризоидтар атқарады. Споралары (бұтақтың ұшында пайда болатын) спорангийлерінде ұсақ төмпешік түрінде түзіледі. Спорадан ұсақ (2 см-ге дейін), қосжынысты өскінше-гаметофиттер жетіледі. Спорофит-псилот өсімдігінің өзі жəне ол тіршілік кезеңінде гаметофиттен əлде қайда басымдырақ.
Псилоттəрізділер бөліміне осы кездегі флорада кездесетін екі туыс жатады:Псилот (Psilotum) жəне тмезиптерис (Tmesipteris). Түрлерінің жалпы саны 4-6 дан аспайды. Екі туыста жер шарының екі бөлігінің тропикалық жəне субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер.
Спорофиті эпифит ретінде ағаштардың діңінде, сиректеу жер бетінде өсетін шөптесін өсімдік. Теломының ұзындығы 5-40, кейде 100 см-ге жетеді. Көп жағдайда төбесінен дихотомиялы бұтақтанады. Қабық қабаты жақсы жетілген, ол фотосинтездің қызметін атқарады. Лептесігі қарапайым болып келеді. Жапырағы ұсақ, ұзындығы 1-5 мм-ден аспайды, біз тəрізді, жалпақ. Жер асты бөлігі ризоидтары бар тамыр сабақ түрінде берілген. Тамыры болмайды. Спорангийлері 2-3 тен бірігіп орналасады. Тік жарықшақтары арқылы қақырайды. Спораларының мөлшері бірдей болады. Псилот тəрізділердің спорофитінің құрылысы, олардың риниофиттермен туыстық жақындығының дəлелі.
Саңырауқұлақтармен селбесіп өмір сүреді (симбиоз) жəне солардың көмегімен сапрофит ретінде қоректенеді. Гаметофитінің сырты ризоидтармен қапталған. Көп жағдайда жердің астында өмір сүреді. Ұрықтануы сумен байланысты. Эволюциялық тұрғыдан қарағанда псилот тəрізділер риниофиттерден көп жоғары тұрады. Псилоттəрізділердің даму кезеңін алдағы сабақтарда өтеміз.
Плаунтəрізділер-Lycopodiophyta. Плаундар жерге төселген, жанасқан сабағы дихотомиялы бұтақтанған (кейде ұзындығы бірнеше метрге жететін), ұсақ жіңішке жапырақтармен жабылған, сабақтан жіңішке дихотомиялы бұтақтанған тамырлары таралатын өсімдіктер. Таскөмір кезінде олардың алып ағаш тектес формалары (биіктігі 30 м-ге дейін жететін) болған өсімдіктер, олар үлкен ормандар түзген. Қазіргі кезде тек шөптесін түрлері ғана кездеседі. Плаундардың арасында тең споралы жəне əр түрлі споралы түрлері бар. Плаунтəрізділердің даму кезеңін алдағы сабақтарда өтеміз.
Ертеде плаунтəрізділердің таскөмір қабатының түзілуінде маңызы зор
болды. Плаундар орман фитоценоздарының қалыптасуына қатысады. Олардың өскіншелері микоризаның түзілуіне қатысып, көптеген сүректі өсімдіктердің тамыры арқылы қоректенуін жақсартады жəне халықшаруашылығында да маңызы зор. Мысалы, плаундардың спораларын темір бөлшектерін құйғанда пайдаланады, сонымен қатар, медицинада балаларға себетін ұнтақтарды дайындауда қолданады т.б.
Қырықбуындар немесе Хвощтəрізділер-Eguisetophyta. Ертеде таскөмір дəуірінде бұл өсімдіктер тек ағаш түрінде кездескен. Қазіргі кезде бұл бөлімнің ағаш тəрізді өкілдері түгелдей жойылып тек шөптесін түрлері ғана сақталған. Қырықбуынтəрізділер бөлімі 4 кластан тұрады: Гиениялар класы
-Hyeniopsida, Сынажапырақтылар класы-Sphenophyllopsida, Каламиттер класы-Calamitopsida, жəне Қырықбуындар класы-Eguisetopsida. Алғашқы 3 кластың өкілдері түгелдей жойылып кеткен. Қазіргі кездегі қырықбуындар- бұл өсімдіктердің негізгі ерекшелігі бүйірінен бұтақтанады жəне бүйірлік бұтақтары сабаққа топтасып орналасқан. Қатқыл өркендерден, айқын байқалатын буындардан жəне буынаралықтардан тұрады. Жапырақтары қатты редукцияға ұшыраған. Сондықтан да, ассимиляциялық аппараттың негізгі ролін жасыл өркендері атқарады. Қырықбуындардың кейбір түрлерінде барлық жер асты өркендері бірдей, ал басқаларында құрылымы жəне атқаратын қызметі жағынан ерекшеліктері бар (вегетативтік өркендері толық стерильді жəне спора түзетіні-фертильді). Қырықбуындар класы- Eguisetopsida, тұқымдасы-Eguisetaceae бір ғана туыстан-Eguisetum тұрады. Түрлерінің жалпы саны 30-35-тей болады, 8-і Қазақстанда кездеседі. Жер асты көлденең бағыттағы өркендерінің бөлігі мықты көп жылдық тамырсабақты болады, олардың буындарынан қосалқы тамырлар кетеді. Қырықбуындарда арқаулық ұлпа жақсы дамыған, өйткені олардың жасуша қабықшасына кремнезем сіңген. Көктемде қырықбуындардың көбісінде жер бетіндегі өркендерінің ұшында спора түзетін масақтары пайда болады. Қырықбуындардың даму кезеңін алдағы сабақтарда өтеміз.
Шаңжапырақтəрізділер (папоротник)-Polypodiophyta. Шаңжапырақтəрізділер кеңінен таралған қауырсын тілімделген жапырақтары бар, ірілеу келген ылғалды тропикалық ормандарда өсетін өсімдіктер. Атап айтқанда, шаңжапырақтəрізділердің жапырағы вайялар деп аталады, шығу тегі сабақтан, оған дəлел, олар жапырақ сияқты өспейді, сабақ сияқты жоғары өседі. Шаңжапырақтəрізділердің спорангийлері жапырағының төменгі жағында орналасады. Спорангийлері жүйкелерінің айналасында бойлай сорустар түзеді. Сорустары (спорангийлердің жиынтығы) шаңжапырақ тəрізділердің көпшілігінде өзіндік жамылғымен- индузиймен жабылған. Спорангийлері кіндікке (жатын-планцетаға) ұзын аяқшасы арқылы бекінеді жəне спораларының шашылуын қамтамасыз ететін арқаулық сақинасы бар. Арқаулық сақинаның жасушаларының қалыңдығы бірдей емес. Арқаулық сақинаның бір бөлігі жұқа қабырғалы болып келеді. Дəл осында, сақина жасушаларының тургорды жоғалтуымен, спорангийлер кеуіп жарылады. Жер үсті өркені болмайды. Тамырсабағы-өте күшті дамыған. Сперматозоидтары-көпталшықты болып келеді.
Шаңжапырақтəрізділер өзінің жас шамасы жағынан ринифиттерден, псилоттəрізділерден, плаунтəрізділерден кейін тұрады. Олар шамамен қырықбуындылар бір уақытта девон кезеңінде пайда болған, тас көмір кезеңінде өріс алды. Егерде ринифиттер түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер болса, олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Шаңжапырақтəрізділердің арғы тегі псилофиттер деген болжам бар, өйткені олардың сыртқы көрінісі балдырлар мен мүктерді еске түсіреді. Ылғалды тропикалық, жалпақ жапырақты ормандарда, қазіргі шаңжапырақ тəрізділердің ішіндегі шаңжапырақтардың шөптесін жамылғыларын қалыптастыруда маңызы зор. Көптеген шаңжапырақтəрізділер, мүктер сияқты, топырақтың жəне орманның түрлерінде жақсы индикатор болып табылады. Мысалы, кəдімгі еркек шаңжапырақ-Pteridium aguilinum жарық сүйгіш ормандарда құмды топырақта таралған, топырақтың құнарлығын орташа талап етіп өсетін Линней усасыры-Dryopteris Zinneanea, ал ылғалды жəне қоректік заттарға бай топырақта өсетіндері еркек усасыр шаңжапырағы-Dryopteris filix-mas жəне аналық таға шаңжапырағы- Dryopteris filix-femina. Көптеген шаңжапырақтар сəндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Шаңжапырақтəрізділердің эволюция барысында өсімдіктер əлемінде алатын орны зор екеніне дəлел, олар сұрыпталып бейімдеушілігі нəтижесінде тұқымды шаңжапырақтардың (бұрын жойылып кеткен) дамуына əкеліп жеткізді. Тұқымды шаңжапырақтар жалаңаш тұқымды жəне жабықтұқымды өсімдіктердің арғы тегі деген болжам бар. Шаңжапырақтəрізділердің даму кезеңін алдағы сабақтарда өтеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет