3а.Гүл серігінің екіншісі-күлте. Күлтенің тостағаншадан айырмашылығы желектері ірі, реңі өсімдік түріне қарай алуан түрлі, ашық түсті болып келеді. Күлте де тостағанша тəрізді, кейде кіріккен, кейде дара бөліктерден тұрады, олардың əрқайсысын желек немесе күлте жапырақша деп атайды, бұлардың саны көбінесе сол өсімдіктің түрі үшін тұрақты болады.
Кіріккен желекті күлтелердің кірігіп кеткен бөлігін түтік, ал оған перпендикуляр орналасқан енділеу бөлігін ернеудеп атайды. Түтіктің ернеуге өтетін жерін езудейді. Кейде күлте ернеуі анық көрінбейді (қоңырау гүлділерде), онда күлте түтікпен тісшелерден тұрады. Тісшелердің саны күлтенің неше желектен тұратынын білдіреді.
Күлте ернеулерде түрлі қабыршақтар қорғаныштық, ал күлте жапырақшасының қабыршақ, тісше түтікше сияқты өсінділері (қалампыр) өзіне тозаңдатқыштарды тартатын қызмет атқарады.
Күлтелерді түтіктерінің ұзындығына байланысты долихоморфты,мезоморфтыжəне брахиморфтыдеп жіктейді (грекше («долихос»-ұзын;
«мезос»-орташа; «брахис»-қысқа). Түтіктің ұзаруы ерекше тозаңданатын өсімдіктерде анық байқалады.
Гүлдің симметриясы күлтенің құрылысына байланысты. Актиноморфтыкүлтелер, əсіресе қарапайым ұйымдасқан мысалы, сарғалдақтар, қалампырлар, лала гүлділер сияқты тұқымдастарға тəн.
Кейбір аса дамыған тұқымдастарға шатырша гүлділер, қоңырау гүлділер, ойраншөптер мен кейбір күрделі гүлділер де осындай күлтелер кездеседі.
Бунақденелілермен тозаңданатын көптеген жоғары ұйымдасқан тұқымдастар зигоморфтыболып келеді. Бұл жағдай гүлдің эволюциясында анық байқалады. Мысалы қарапайым ұйымдасқан сарғалдақтар тұқымдасының өкілдері тегеурін гүлден зигоморфты күлте тəрізді гүл серігі көрінеді.
Кірікпеген зигоморфты күлтелер бұршақ гүлділер тұқымдасында кеңінен тараған, бұлардың құрылысы өзгеше, оның жоғары үлкен күлте жапырақшасы- желкен, екі бүйір жапырақшалары-ескек жəне төменгі екі жапырақшаның кірігіп өскен бөлігі-қайықшадеп аталады.
Кірікпегензигоморфты күлтелерді шегір гүлде көре аласыз. Көптеген зигоморфты гүл құрамына тегеурін тəн. Тегеурін күлтеден не жəй гүл серігінің жапырақшаларынан пайда болады.
Тозаңдану ерекшеліктеріне байланысты тұқымдас келген сарғалдақтар, көкнəрлер, шегір гүлдер, бальзаминдер, орхидейлер сияқтылардың гүлдері тегеурінді. Тегеурін алғашқыда қалташа тəрізді томпайып шығады да, кейіннен ұзарып өседі.
Филогенетикалық жағынан тегеуріннің алғашқы сатысын есінектен, ал нағыз тегеуріннің өзін осыған жақын туыс сиякөктен көреміз (2-сурет 1,2).
Гүл тегеуріні гүлде шырын бөлетін ерекше мүше шырындықтардың болуымен тығыз байланысты.