1. Дəріс тақырыбы



бет28/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

2-сурет. Есінек жəне сиякөк гүлдері. Тозаңқаптың көлденең кесіндісі:



  1. есінек гүлі күлте негізінің А-бір тозаң ұясы, Б-жарылған тозаңқап;

қалталанып ісінуі; 2- эндотеций; 3- аралық қабат; 4- тапетум;

  1. сиякөктің тегеуірінді гүлі. 5- археспорий; 6- тозаңдар.



Шырынды күлте желектерінің негізінде гүл табанында, аталықтарда жəне т.б. болатын безді ұлпалар (шірнеліктер) немесе гүл тегеурінінің қабырғасы бөледі.
Шірнеліктерде қант (25-75 пайыз), аз мөлшерде органикалық жəне анорганикалық қосылыстар болады. Шірнеліктер бунақденелілерді өзіне тартатын тəтті шірнені бөледі, əрі гүлге хош иіс береді.

    1. Аталық. Гүлдің бөліктері стерильді жəне фертильді болып ажыратылады. Стерильды-ұрпақсыз бөлігіне гүлдің серіктері, ал фертильді- жемістілік бөлігіне-аталық жəне аналық жатады.

Аталық (андроцей)-гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі. Гүлде бірден бастап жүздеген аталыққа дейін болады.
Дегенмен көптеген өсімдіктерде олардың саны онша көп болмайды. Мысалы, құртқашаштарда-3, күрделі гүлділерде-5, лала гүлділерде-6, бұршақ тұқымдастарында-10.
Аталығы (бөдене шөп, тал) екеу, тіпті біреу ғана болатын өсімдіктер белгілі. Əдетте өсімдіктердің белгілі бір туысында гүлдің аталық саны тұрақты. Əрбір аталық-аталық жіпшесінен жəне кеңейген жері тозаңқаптан тұрады.
Тек магнолия өсімдігінің гүлінде аталық жіпшесі болмайды. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Əр бөлігінде екі тозаң ұясынан бар. Тозаңқаптың əрбір бөлігі ұзынынан тағы да екіге бөлінеді, мұның əрқайсысы тозаң ұясы деп аталады 3-сурет. Тозаң ұясында тозаңдар жетіледі.


    1. сурет. Ашылған тозаңқап: 1-эпидерма; 2-фиброзды қабат; 3-өткізгіш шоқ.




Кейде аталық жіпшелері ұзын, гүл қоршауынан шығып тұрады, кейде өте қысқа болады (картоп). Тозаңқапта бірнеше мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі. Тозаңқап əбден пісіп жетілгенде, тозаңдары сыртқа шашылады. Тозаңның сыртқы пішіндері де əр түрлі 4-сурет.

    1. сурет. Тозаңның əр түрлі пішіндері: а-шырмауықтың; б-қара сораның;

в-қалампырдың; г-асқабақтың; д-цирцейдің; е-айдаршөптің; ж-көкгүлдікі; з-шалфейдікі.
Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тəрізді. Əрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділер, майда тікенектер, бұртиған төмпешіктер болады. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Сыртқы қабықшасында көптеген тесіктерінің болуы тозаң түтігінің өнуіне қажет.
Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, ақуыздар, дəрумендер болады. Бунақденелілер қоректену үшін гүлге қонады.
Жабық тұқымды-лардың ашық тұқымдылардан айырмашылығы олардағы микроспорофиллдері-аталықтар, ал микроспорангийлері тозаң ұялары деп аталады.

    1. Аналық. Аналық 3 бөлімнен тұрады. Олар: аналық аузы, аналық мойны жəне жатыны 5-сурет. Аналық аузы-аналықтың ең жоғарғы бөлігі, пішіні бүтін, не телімді болып келеді. Телім саны көбінесе жатынды түзетін жеміс жапырақшаларының санына сəйкес, кейде жеміс жапырақшаларының санына қарамастан тұтас болады. Аналық ауызы тəтті сұйықтықты бөліп, тозаңды ұстау жəне қоректендіру қызметін атқарады. Аналық мойны, аналық жатыны мен аузын байланыстырады. Аналық мойнының саны кейде жатынды түзетін жеміс жапырақшаларының санына сəйкес болады.

Мысалы, алмада жəне алмұртта жатын бес жеміс жапырақшасынан пайда болған, оның мойны да бесеу. Ал кейбір өсімдіктерде мұндай сəйкестік бола бермейді. Мысалы, қалампырлар тұқымдасының көптеген өкілдерінде жеміс жапырақшаларының бесеу, ал аналық мойын үшеу ғана. Айқыш гүлділер жəне ерін гүлділерде жатын екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, ал аналық мойын біреу ғана. Аналық мойны кейбір өсімдіктерде қуыс, қайсы бірінде өткізгіш деп аталатын өте борпылдақ паренхимаға толы. Аналық мойнының үш түрі бар:

  1. ашық мойын-мұнда аналық мойыны ұзына бойына қуыс (кейбір дара жарнақтыларда);

  2. жартылай ашық мойын-мұнда аналық мойынның қуысы секреторлық борпылдақ өткізгіш ұлпамен жабылған;

  3. бітеу (жабық) мойын-мұнда аналық мойынның қуысы борпылдақ өткізгіш паренхимаға толы.

Ашық жəне жартылай ашық мойында тозаң түтігі кедергісіз еркін өседі.
Бітеу мойындарда аналық аузында өсуін бастаған тозаң аналық мойнындағы өткізгіш паренхиманың жасуша аралықтары арқылы жатынға бағытталады.
Аналық мойынның ұзындығы өсімдіктердің түріне қарай əр түрлі. Кейбір өсімдікте ол қысқа болса, кейбіреуінде мойын мүлде болмайды. Ол кезде аналық аузы қондырмалы болады да, бірден жатынмен жалғасады. Аналық мойны мен ауызы жиектері арқылы кіріккен жеміс жапырақшаларының жоғарғы бөлігінен пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет