1. Дəріс тақырыбы



бет29/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Жатын аналықтың ең маңызды бөлігі. Жатынның ішкі бетінде жеміс жапырақшаларының жиегінде тұқым бүршіктері жетіледі. Жатынның тұйық қуысы тұқым бүршіктерін жəне онда жүретін процестерді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
Тұқым бүршігі жиектері кірікпеген мегаспорофиллдердің қолтығында
ашық жататын жалаңаш тұқымдылардан жабық тұқымдылардың басты айырмашылығы осындай.
Жалаңаш тұқымдылардағы сияқты, мұнда да ұрықтанудан кейін тұқым бүршігінен тұқым пайда болады 5-сурет.
Гүл бүршіктерінің орналасуына қарай жатын: үстіңгі, төменгі, жартылай төменгі деп бөлінеді 6-сурет. Үстіңгі жатын гүл кіндігіндегі (табанындағы) гүл серігімен кірікпей бос, дара орналасады, оның қабырғалары жеміс жапырақшаларынан ғана пайда болады.

6-сурет. Гүлдегі жатынның əр түрі: 1-үстіңгі жатын; 2-3-ортаңғы жатын; 4-төменгі жатын; 5- жартылай төменгі жатын.


Егер осындай аналық жатынның түбіне гүл серігі, аталық сияқты гүлдің қалған бөлімдері орналасса, ондай гүл аналық асты гүлі деп аталады. Төменгі жатын ойыс гүл табанымен, гүл серігі жəне аталықтардың негізімен толығынан кірігіп кетеді. Гүл бөліктері жатынның жоғарғы деңгейінде орналасады.


Төменгі жатынды гүл аналык, үсті гүлі деп аталады. Егер жатын ойыс құмыра тəрізді гүл табанымен (гипантий) кірікпей орналасса, онда оны ортаңғы жатын деп, ал гүл деңгейлес гүл деп аталады.
Гипантий гүл серігі мен аталық жіпшелерінің кірігуінен пайда болады. Жартылай төменгі жатында оның жоғарғы бөлігі ғана бос болып, гүлдің қалған бөліктері жатынның орта деңгейінде онымен кірігіп орналасса, гүл жартылай аналық үсті гүлі деп аталады.
Аналық бір (бұршақтар тұқымдасы), екі немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан (ерін гүлділер, қалампырлар тұқымдасы), пайда болуы мүмкін. Егер гинецей жеке орналасқан жеміс жапырақшаларынан құралып, оның əрқайсысынан жеке аналықтар пайда болса, онда оны кірікпеген немесе апокарпты гинецей деп (сарғалдақтар тұқымдасы), ал керісінше бірнеше жеміс жапырақшаларының кірігуінен бір ғана аналық пайда болса, кіріккен немесе ценокарпты гинецей деп атайды. Жеміс жапырақшаларының кірігуі ерекшеліктеріне жəне тұқым бүрінің орналасуына қарай ценокарпты гинецей тағы үшке бөлінеді. Олар: синкарпты, паракарпты
жəне лизикарпты гинецейлер.
Синкарпты гинецейде жеміс жапырақшаларының жиектері терең еніп кірігеді де, көп ұялы жатын түзеді. Тұқым бүрінің плацентациясы бұрышты (лала гүлділер, алқалар) келеді.
Паракарпты гинецей жиектері онша терең кірікпеген бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұрады. Сөйтіп бір ұялы жатын түзеді. Тұқым бұрінің плацентациясы қабырғалық (асқабақтар тұқымдасы, қарлыған).
Лизикарпты гинецей паракарпты сияқты бір ұялы жатын түзетін бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұрады. Айырмасы тұқым бүрінің плацентациясы бағаналы (қалампырлар тұқымдасының көптеген өкілдері).
Жабық тұқымды өсімдіктердің тұқым бүрі жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің мегаспорангиясы мен жəне жалаңаш тұқымдылардың тұқым бүршігімен гомологиялы. Бірақ бір айырмашылығы мегаспоралар мен гаметофиттің қалыптасуы мұнда басқаша өтеді. Тұқым бүршігі жеміс жапырақшасында пайда болатын меристемалық төмпешіктен қалыптасады.
Дамуының бастапқы кезінде тұқым бүршігінің негізінде сақиналы біліктер тəрізді болып интегументтердің бастамасы пайда болады. Толық қалыптасқан тұқым бүршігі екі, сирек жағдайда бір жабыны бар көп жасушалы дене.
Тұқым бүршігінің негізгі құрамды бөліктері мыналар: фуникулюс немесе тұқым тірсегі, нуцеллус, интегументтер, микропиле немесе тозаң саңылауы, халаза 7-сурет.


  1. сурет. Түйіннің көлденең кесіндісі: а-бір жеміс жапырақшасынан түзілген бір ұялы; б-үш жеміс жапырақшасынан түзілген бір ұялы; в-екі жеміс жапырақшасынан түзілген екі ұялы: 1-түйіннің қабырғасы;

2-ұя; 3-тұқымбүршік


Тұқым тірсегі қысқа, ол арқылы тұкым бүршігі плацентаға бекінеді. Нуцел- лус-тұқым бүршігінің ядросы. Интегументтер нуцеллусты бір жағынан, көбінесе тұқым бүршігінің жоғарғы жағынан, кішкентай саңылау қалдырып қоршап тұрады. Ол микропиле немесе тозаң саңылауы деп аталады.
Тұқым бүршігінің микропилеге қарама-қарсы орналасқан жағы халаза делінеді.
Тұқым бүршігінің мынадай негізгі бес түрін ажыратады:

    1. ортотропты немесе түзу тұқым бүршігі. Мұнда микропиле мен фуниклюс бір өстің бойында орналасады. Тұқым тірсегі əдетте өте қысқа (қарақұмық, бұрыш, алабота);

    2. анатропты немесе төңкерілген тұқым бүршігі. Бұлар 180°-қа бұрылып, микропиле мен тұқым тірсегі қатар жатыр. Жабық тұқымдыларда кең таралған тұқым бүршіктерінің түрі (шатырша гүлділер, валерианалар, тұқымдасы);

    3. гемитропты немесе жартылай төңкерілген тұқым бүршігі, Мұнда нуцеллус пен интегументтері плацента мен фуникулюс тұрғысынан алғанда 900-қа бұрылған. Алдыңғы екі түрдің аралығын қамтиды (сабынкөктер тұқымдасының кейбір өкілдері);

    4. кампилотропты немесе бір жағына майысқан тұқым бүршігі. Нуцеллус жəне интегументтерінің бір жаққа қарай өсуімен ерекшеленеді (бұршақтар тұқымдасының көптеген өкілдері);

    5. амфитропты немесе екі жақты майысқан тұқым бүршігі. Нуцеллустің пішіні таға тəрізді. Кампилотропты тұқым бүршігі тəн тұқымдастардың кейбір өкілдерінде кездеседі. Жатында тұқым бүршігі біреуден бірнешеге дейін жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет