1. Дəріс тақырыбы


Сарғалдақ тұқымдасы-Ranuncuiaceae



бет37/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Сарғалдақ тұқымдасы-Ranuncuiaceae. Жалпы жер бетінде тараған бұл өсімдіктердің 2000-нан астам түрі белгілі. Қазақстанда 29-дан аса туыстары 190 түрлерін біріктіреді. Мұнда тек сарғалдақ туысының 57 түрі кездеседі. Бір жылдық түрлері аз ұшырасады. Негізінен томарша тамырлы көп жылдық өсімдіктер.


1- сурет. Кемпбелла магнолиясы (Magnolia): А-гүл; Б-гүлсерігі жоқ гүл;
В-аталық; Г-гүлдің диаграммасы; Д-жемісі бар өркен-біріккен топтама; Е-тұқым.

2-сурет. Көктемгі жалынгүл


Өткізгіш ұлпаларының құрылысына қарағанда сарғалдақтар даражарнақты өсімдіктермен ұқсастығы байқалады. Мысалы, Маралоты (василистник) сабағының көлденең кескінінде түтікшелер тобы шашыраңқы орналасқан жəне олардың камбилік қызметі өте нашар жүреді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, кейде қарама-қарсы орналасқан түрлері де бар.
Қарапайым жапырақтары саусақ тəріздес немесе қауырсынды тілімделген болады. Бүтін немесе күрделі жапырақ түрлері де белгілі (киікоты).
Гүлі цимозды, ботрикалық жəне аралас гүлшоғырынан тұрады, дара күйінде сирек кездеседі (ұйқышөп).
Сопақша, дөңестеу келетін гүл орны ациклді (күнгелді) немесе гемициклді
(сарғалдақ) келеді.
Гүл серіктері жекеленген, қарапайым жəне екі шеңберлі орналасқан актиноморфты келеді, немесе анық зигоморфты болады. Екі шеңберге айнала орналасқан гүл серіктері 5 күлте жапырақтардан тұрады немесе оданда көп болады. Кейде екі қабат шеңберлерде 3-тен жапырақша орналасса (ұйқышөп), гүл тостағаншаларға сəйкес шеңберлерге бірнеше күлте жапырақтарда орналасуы мүмкін (күнгелді). 5 мүшеден тұратын фикария деген түрлерінде гүл тостағаншалары мен күлте жапырақшалары саны сəйкес келмеуі мүмкін.
Қарғашөп туыстарының тостағаншалары күлте жапырақшаға ұқсас болуымен бірге, дулығасы кейде топша тікенге (тегеурінгүл) ұқсайды. Кейбір түрлерінің күлтелерінде де топша тікен байқалады (шөмішгүл).
Сарғалдақтардың көп жіпшелі аталықтары (андроцей) спираль бойына орналасқан, дегенмен олар кейде, сирек көп шеңберлі (шөмішгүл) келеді. Жылжымайтын тозаңқаптар орналасқан аталық жіпшелері, бір-біріне жабысып тұрғанымен төменгі жағы, толықтау келетіндігімен ажыратылады.
Апокарпты аналықтар (гинецей) тобы анықталмаған мөлшердегі жеміс жапырақшалардан түзілген (сарғалдақ), ең аз дегенде олар 10-12-ден кем болмайды. Тек кейбір түрлерінде ғана, олардың саны тұрақты болады. Мысалы: шөмішгүлде-51, қарға шөпте-3, тегеурін гүлде-1 болады. Содана (чернушка) түрі 3-5 жеміс жапырақшаларынан құралған, олар жеміс түйінінен, мойындардан жəне аналық ауыздардан тұрады.
Ұзын мойынды аналық аузы бар жеміс түйіні жоғары орналасқан, ал төмен орналасқан тұқым бүрлерінің аналық аузы жеміс түйінімен кірігіп орналасқан. Тұқым жапырақтарының ішкі жағына жабысып орналасқан тұқым бүрлері бірнешеу немесе 1-2 болады. Тұқымы кішкентай ұрықтан жəне эндоспермнен тұрады. Кейде сарғалдақ, фикария сияқты туыстарының екі ұрығы бірігіп, дара жарнақты тұқым түзеді.
Сарғалдақтардың жемістерінің құрылысына қарай екі тұқымдас тармаққа бөлінеді: 1. суықтылар- (жапырақты-жемістер түзетін).

    1. сарғалдақтар- (жаңғақшалы-жеміс түзетін).

Жалпы Сарғалдақтар туысы глюкозидтер мен алкалоидтарға бай келеді. Сондықтан да олардың ішінен улы да, дəрігерлік те өсімдіктер тобын кездестіреміз. Кейбір түрлерін сəндік үшін егетін болса, содана (чернушка) жəне қалтагүл (калужница) түрлерінің тұқымын тағам ретінде пайдаланады.
Сарғалдақтардың морфологиялық ерекшеліктерінде, ұрығының дара-
жарнақты болуы, кейбір түрінің тамыр жүйесінің түбіршекті келуі өткізгіш ұлпалары шашыраңқы орналасуы жəне камбийлерінің қызметін ерте аяқтайтындығы, қарапайым 3 мүшелі гүл серіктерінен тұруы, желайдар, ұйқышөп сияқты түрлерінде анық байқалуы сарғалдақтардың жабық тұқымдастардың ата тектерімен жақын туыстық байланысын дəлелдеумен бірге, олардан, тек қосжарнақтылардың таралуы ғана емес, даражарнақтылардың да дамуы мүмкіндігін байқалтады.

      1. Тегеурін туысы. 200-дей түрі бар. Табиғатта кең таралған жерлері- жер шарының екі бөлігінің не қоңыржай климатты белдеулері болып табылады. Қазақстанда 28 түрі бар.

Бір жылдық жəне көп жылдық өсімдіктер, жапырақтары азды-көпті тілімделген болып келеді. Гүлдері зигоморфты, гүл серігі 5 мүшелі, тостағанша жапырақшалары күлте жапырақшаларына ұқсас, оның үстіңгі түп жағынан іші қуыс жартылай гүл тепкісіне ұқсас созылған болып келеді.
Күлте жапырақшаларының саны 1-3, олар шырындыққа айналып кеткен. Олардың біреуі ұзарып гүл тепкісіне айналған жəне ол тостағанша жапырақшаның ішіне еніп жатады.
Аталықтары көп болады, ал аналықтарының саны əр түрлі. Бір түрлерінде аналықтарының саны біреуден болса, ал екіншілерінде ол 3-5 дейін болады.
Бір аналығы бар түрлері ерекше сокирки деп аталынатын туысқа біріктірілген. Ең көп таралған өкілдерінің бірі дала сокиркиі, ол жаздық жəне күздік дақылдардың арамшөбі.

      1. Уқорғасын туысы. Туыстың құрамында 60-тай түр бар. Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Бұлар көп жылдық шөптесін өсімдіктер, тамыры жалпақ тор секілді.

Гүлі зигоморфты, шашақ гүл шоғырына жиналған. Тостағаншасының саны 5, олар ашық-көк түске боялған күлте жапырақшалар тəрізді болады, оның үстіңгісі ұлғайып өсіп, бүркіттің томағасы тəрізді формаға келеді, ал астыңғы екеуі көп жағдайда тең болмайды.
Күлте жапырақшаларының саны5-8 (көбіне 8), бірақ оның тек жоғары екеуі ғана жетіледі жəне олар үлкен тəтті шырындыққа айналады.
Тəтті шырындар тостағанша жапырақшаның үстіңгі томаға тəрізді ұлғайған бөлігінің ішінде орналасады, ал қалғандары азды-көпті редукцияға ұшыраған.
Аталықтарының саны көп, аталықтарының саны 3-7-ге дейін болады. Жемістері таптамалардың жиынтығынан тұрады 1-сурет. Өсімдіктің бойында өте улы аканитин алкалоиды болады.
Кейде оларды дəрілік немесе сəндік өсімдіктер ретінде отырғызады. Қазақстандағы кең таралған түрлеріне ақуыз укорғасынымен жоңғар уқорғасыны жатады.
Маралоты туысы. Қазақстанда 8 түрі өседі. Қазақстанда кең таралған өкілдерінің бірі шөмішгүл-жапырақты маралоты, ол биіктігі 1 м-дей болатын көп жылдық шөптесін өсімдік.


  1. сурет. Дəрілік уқорғасын: А-гүлдеп жеміс беретін өркен; Б-гүл (жалпы көрінісі,

тікесінен жасалған кесіндісі жəне тостағаншасы жоқ); В-гинецей; Г-гүл түйіні (тікесінен жəне көлденеңінен жасалған кесінділері); Д-аталығы; Е-гүлдің диаграммасы; Ж-жемісі біріккен таптама: 1-шірнелік.


Сарғалдақ туысы (лютик-Ranunculus) 600-дей түрі бар. Бұлардың көпшілігі өте кең таралған жəне ылғалы мол жерлердің өсімдіктер жабынында, ылғалы мол жайылмаларда, батпақтарда жəне т.б. жерлерде доминант болып саналады.
Сарғалдақтың түрлері барлық континенттерде кездеседі. Олардың ішіндегі ең кең таралғандары күйдіргі сарғалдақ (лютик едкий- Ranunculus acris), сарғылт сарғалдақ (лютик золотистый-R. auricomus), улы сарғалдақ (лютик ядовитый-R. sceleratus) жəне басқалар. Барлық түрлері негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бір жылдық, барлық уақытта дерлік улы деп айтуға болады.
Сарғалдақ тұқымдасқа мысал ретінде күйдіргі сарғалдақты (Ranunculus acris) (1-сурет) аламыз, бұл шалғынды, алаңды жəне басқа да жерлерде өсетін өсімдік. Күйдіргі сарғалдақтың биіктігі 30-100 см болатын көп жылдық шөптесін, өсімдік.
Тамырсабағы қысқа, жуан болады, қосалқы тамырлары топтанып өседі. Сабағы бұтақтанған, тік, көлденең кесіндісінде дөңгелек, іші қуыс болып келеді.
Жапырақтары жай, кезектесіп орналасады. Төменгі жапырақтары ұзын сағақты саусақ салалы болады, ал жоғарғы жапырақтары қысқа сағақты немесе қондырмалы түрінде болады.
Гүлдері ұзын сағақты, жеке күйінде немесе симподиальды гүлшоғырында аздаған гүлдері өседі, актиноморфты. Гүлсерігі қосарланған. Тостағаншасы жасыл немесе сарғыш-жасыл түсті бірікпеген бес тостағанша жапырақшалардан тұрады.
Күлтесі-бес бірікпеген күлте жапырақшалы болып келеді. Күлтесінің түсі сары, түбінде шірне жиналатын ойысы (шұңқыры) болады, ол қабыршақпен жабылып тұрады.

1-сурет. Күйдіргі сарғалдақ: A-өсімдіктің жалпы көрінісі; Б-жемісінің жалпы пішіні жəне ұзыннан кесіндісі; В-гүлінің ұзыннан кесіндісі;Г- күлтесі; Д-аталық;
Е-көп бөлікті апокарпты гинецей; Ж-аналық; гүл диаграммасы; 1 - қабыршақпен жабылған бал шырыны бар ойыс.

Андроцейі көп аталықтан тұрады, бірікпеген спираль тəрізді орналасқан болып келеді. Гинецейі-көп аналықты, апокарпты, бұл да гүл тұғырына спираль тəрізді орналасқан болады, үстіңгі жатын, бір ұялы, бір тұқым бүрі болады. Гүл формуласы: * Са5 Со5 A G . Жемісі жаңғақ.




    1. Магнолия тұқымдас өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

    2. Аталық, аналық гүлдері, жемістері қандай?

    3. Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

    4. Гүлінің аталық, аналық саны қанша?

    5. Тіршілік формалары?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет