1. Дəріс тақырыбы



бет38/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

10. Дəріс тақырыбы: Геоботаника элементері. Өсімдіктердің тіршілік формасы. Өсімдіктердің географиялық элементтері: Фитоценоз, Ареал, Флора.
Сабақтың мақсаты : Өсімдіктердің тіршілік формасымен, фитоценоз, флора ареалымен таныстыру.
Түйінді сөздер: фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, критофиттер, терофиттер, мезофиттер, гигрофиттер, гидрофиттер, фитоценоз.


Дəрісте қарастырылған негізгі сұрақтар:


  1. Өсімдіктердің тіршілік формаларының жүйесі

  2. К. Раункиердің жүйесі

  3. Өсімдіктердің географиялық элементтері.

  4. Ылғалға байланысты экологиялық факторлар

Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының нəтижесінде табиғатта өсімдіктердің экологиялық топтары (ксерофиттер, гигрофиттер мезофиттер жəне басқалар) ғана емес, тіршілік формалары да қалыптасқан. Жер бетін жауып тұрған өсімдіктер жамылғысының негізгі құрылым бөліктеріне «өсімдік формасы» деген түсінікті алғаш рет ендірген ботаник ғалым А. Гумбольт еді. Ол əуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан, олардың кейбіреулері: банан, сүректі шаңжапырақ, астық, мүк. А. Гризебах өсімдік формасының санын 60-қа дейін жеткізіп оларды «өсімдіктер формасы» деп атады.
Тіршілік формасы дегеніміз-формалар түзетін процестің ең қарапайым бірлігі. Дəлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз - ол жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның əртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді. Тіршілік формасының оқшаулануы, генетикалық кодтың бақылауымен жүреді. Генетикалық кодтың қызметінің нашарлауына, сонымен бірге химиялық немесе сəулелердің əсерінің шамадан тыс күшті болуына байланысты түзілетін мутацияның, қайта түзудің негізінде өсімдіктерде серпінді өзгерістер жүреді.
1.Өсімдіктердің тіршілік формаларының жүйесі. Өсімдіктердің сыртқы бейнесіне негізделген жүйесі мынадай:

  1. Ағаштар-жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық өсімдіктер, қуаты жетілген бір діңі болады.

  2. Бұталар-жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдық өсімдіктер. Ағаштардан айырмашылығы, ерекше жеке-дара діңі болмайды, өзара шамалас бірнеше діңі бар, бұтақтануы жер бетіне таяу басталатын сүректі өсімдіктер.

  3. Бұташықтар-бұталарға ұқсас, бірақ бойы аласа, 50 см-ден аспайды (қара жидек, береск).

  4. Жартылай бұталар-өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғары бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады (жусандар, жебір).

  5. Лианалар-сабақтары арқылы өрмелеп, жармасып жəне шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім, құлмақ, барқыт шөп, шырмауық).

  6. Жастықша өсімдіктер-қоректік заттарға кедей, тасты, құмды, шымтезекті жəне суық жерлерде өсуге бейімделген.

Негізгі ерекшелігі: тығыз бұтақталған, ұзарып өсуі шектелген, аласа,өркендері бір-біріне тығыздалып, жақындаған, өркеннің жоғарғы жағы дөңгеленіп шырпылған, жастық тəрізді болады. Іш жағында ылғал, жылу сақтайды. Бұлар тауларда, мұхиттарда, шыңдарда өсетін арктикалық тундра өсімдіктері.

  1. Суккуленттер-су қорын сақтайтын шырынды, өркенді көп жылдық өсімдіктер (түбіртек, кактустер, агавалар).

  2. Шөптесін өсімдіктер бір-көп жылдық, бұлар тіршілік формаларының мынадай топтарына бөлінеді: кіндік, шашақ тамырлылар, ұзынды-қысқа тамыр сабақтылар, жуашықтылар, шымдылар, түйнек түзушілер, жер бетінде төселмелі жəне столондылар.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет