ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Касымкулова А. Тобы: 301 Қабылдаған: Альситова А.
Ақтөбе 2021 г. ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырып: Әлеуметтану түсінігі.
ЖОСПАРЫ: Әлеуметтану түсінігі.
Әлеуметтану механизмдері мен институттарының жалпы сипаттамасы.
Тұлғаның әлеуметтану процесіндегі ерекшеліктері.
Әлеуметтанудың негізгі кезеңдері.
Қазақстанның этномәдени ортасы мен әлеуметтік згерістерінің жағдайындағы тұлғаның әлеуметтануының мәселелері.
Қорытынды
КІРІСПЕ "Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. Әлеуметтану түсінігі. Әлеуметтену үғымының мазмүнын «индивидтің әлеуметтік ортаға енуі», «әлеуметтік әсерлерді игеруі», «әлеуметгік байланыстар жүйесіне араласуы»,т.с.с. процестерден түсінуге болады. Әлеуметтену процесі, жеке түлғаның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіншілік тудыратын қүндыдықтар мен нормалар жүйелерін игеруіне қажет бүкіл әлеуметтік процестерінің жиынтыгы Әлеуметтенудің мәнісі, ол — екі жақты процесс екендігінде, бірішпіден, әлеуметгік ортаға кірудің арқасында индивидтің әлеуметгік тәжірибені игеруі, екіншіден, иңцивидтің осы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік ортаға белсенді араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі — әлеуметтік тәжірибені игеру, ортаның адамға әсерін сипатгаса, екіншісі, адамның өз іс-әрекетінің арқасында ортаға есер етуін көрсетеді, Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төртіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ.
Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.
Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.