Сарғалдақ тұқымдасы.
Көпжемістілер,немесемагнолиятəрізділерқатарлартобы-Polycarpicae,Magnoliaceae. Көп жемістілерге 30-дай тұқымдас жатады, олардың біреулері негізінен ағаштар, сиректеу бұталар, ал екіншілері суда жəне құрғақта өсетін шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар.
Көп жемістілердің гүлінің сыртқы құрылысы ашық тұқымдылардың стробилдеріне (шишки) ұқсас болады.
Гүл табаны ұзынша болып келеді, оған спиральдің бойымен саны жағынан аса көп болып келетін гүлдің əртүрлі мүшелері орналасады.
Кейбір жағдайларда олардың вегетативтік мүшелерінің микроскопиялық құрылысында ашық тұқымдылармен ортақ белгілері сақталған. Мысалы, діңінің сүрегі тек трахейдтерден тұрады, олардың суды жəне басқада ертінділерді өткізуге арналған қабырғаларының жиектелген саңылаулары болады. Сонымен бірге эфир майлары жиналатын қуыстары да болады.
Өмірлік формаларының басым көпшілігі ашық тұқымдылар секілді мəңгі жасыл ағаштар. Көп жемістілер Евразияның, Солтүстік жəне Оңтүстік Американың тропикалық жəне субтропикалық аймақтарында кеңінен таралған өсімдіктер.
Осылардың барлығы олардың қарапайымдылығын жəне ертеде пайда болғандығын көрсетеді.
Көп жемістілер жабық тұқымдылардың ішіндегі ең көрнекті топ, онымен қосжарнақтылардың да, даражарнақтылардың да шығу тегінің эволюциялық жолдарына байланысты.