1.Картоптың халық шарушылығындағы маңызы 2.Биологиялық ерекшеліктері 3.Тыңайту 4.Топырақ өңдеу 5.Түйнекті отырғызуға дайындау 6.Картоп түйнегін отырғызу 7.Егістікті күтіп баптау 8.Картопты жинау 9.Картопты сақтау 10.Картоптың сорттары
Картоптың халық шарушылығындағы маңызы
Қазақстанда картоп кең таралған ауыл шаруашылық дақылы.Қартоптың түйнегінде 75-80% су, 25%-ға дейін құрғақ заттар болады. Құрғақ зат 14-22% крахмалдан, 2-3% белоктан, 1% шамасында клетчаткадан, 0.2-0.3% майдан және 0.8-1.0% күлді элементтен тұрады. Сонымен қатар әр түрлі дәрумендер (А1, В1, В2, В6, С1, К) болады. Міне осы қасиеттеріне байланысты картопты адамдар пайдалы тағамдар ретінде пайдаланады. Тіпті оны ел арасында “екінші нан” деп те атайды.