Картоптың халық шарушылығындағы маңызы


Картоп техникалық дақыл. Ол крахмал, спирт, глюкоза, каучук және басқа өнеркәсіп салаларына пайдаланады



бет2/10
Дата08.02.2022
өлшемі8,44 Mb.
#120602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лаборатория Түйнек жемістілер
Business plan template eng, Business plan template eng, 5.1 экология каз

Картоп техникалық дақыл. Ол крахмал, спирт, глюкоза, каучук және басқа өнеркәсіп салаларына пайдаланады.

Картоп құнды мал азықтық дақыл. Малдарға жем ретінде картоптың түйнегімен қатар крахмал және спирт өндірісінен қалған қалдықтар пайдаланылады. Картоптың шыққан отаны Оңтүстік Америка, ол біздің жыл санауымыздан 1-2 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Картоп Республиканың барлық облыстарында өсіріледі.

Биологиялық ерекшеліктері

Картоп жылу сүйгіш дақыл. Оның тұқымы өсіп-өнуі үшін топырақ қыртысында кем дегенде 7-8 С жылылық болуы керек. Бірақ мұндай температурада картоп жер бетіне 30-35 күнде көктеп шығады. Топырақтың тұқымы отырғызылған тереңдігіндегі температура жоғарылаған сайын картоптың көктеп шығу кезеңі қысқарады. Аталған тереңдіктегі топырақтың температурасы 18-25 С болғанда 13-15 күнде көктеп шығады. Картоптың сабағы күшті өсуі үшін қолайлы температура 17-22 С шамасында болуы қажет. Температураның жоғарылауы немесе төмендеуі өсімдіктің өсуі мен дамуына кері әсерін тигізеді. Көктемде -3 С суықта картоптың жас өркені, ал күзде -2 С болғанда түйнегі үсіп кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет