Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі



Дата04.11.2016
өлшемі108,13 Kb.
#135
түріСабақ


1 Балалар музыка мектебі

Бекітемін:

1 БММ оқу ісі



жөніндегі орынбасары:

Ж.Б.Ошақбаева.

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған - ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі.

Дайындаған: Сахитова М.А

Ақтөбе - 2011ж

Ашық сабақ

Оқушы :

Тақырыбы: Кердері Әбубәкірдің " Досқа ,насихат" термесі.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1.Сәлемдесу.

2.Аспаптың құлақ бұрауын келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 15- минут

1.Халық әні "Тобылғы сай" әнін жатқа сұрау.

Сергіту уақыты. Үйге тапсырған әнді бейнелеу, салған суреті.

1. Халық әні "Перизат " әнін жатқа сұрау.

Оқушының түсінбеген жерін түсіндіремін

ІІІ. Жаңа тақырып. 15-20 минут.

Жоспары:


1.Терме - жыр ,дәстүрлі терме өнері, жыраулық -дәстүр туралы қысқаша мағлұмат.

2.Кердері Әбубәкірдің өмірбаянымен танысу.

3.Кердері Әбубәкірдін шығармашылығы.

4." Досқа, насихат" термесін тыңдау.

Қорытындылау:

Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

ІІІ.Бекіту сұрақтары:

1.Сөзжұмбақ шешу.

2.

Бағалау:


Сабақтың тақырыбы: Ғ. Құрманғалиевтың Сүйген жар әнін талдау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыға қазақ жеріне танымал жез таңдай, күміс көмей,

арқалы әнші- Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығы туралы мағлұмат беру.



Дамытушылық: Қазақтың біртуар өнер иелерінің ән -термелерін үйрете отырып, оқушының ой -өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Дәстүрлі ән өнеріне баулу.

Сабақ түрі: аралас

Оқыту әдісі: Ауызша түсіндіру, сұрақ - жауап, домбырада саусаққа қарап үйрету әдісі, ойландыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Көрнекілігі: Портрет, кітаптар, домбыра, үнтаспа, ноутбук.

Жоспары:

Сабақтың тақырыбы: "Сүйген жар" Ғ. Құрманғалиев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыға қазақ жеріне танымал жез таңдай, күміс көмей, арқалы әнші - Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Қазақтың біртуар өнер иелерінің ән - термелерін үйрете отырып, оқушының ой - өрісіне дамыту.

Тәрбиелік: Дәстүрлі ән өнеріне баулу.

Сабақ түрі: аралас

Оқыту әдісі: Ауызша түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік әдіс, ойландыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Көрнекілік: Портрет, көрініс, домбыра, үнтаспа, ноутбук.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а / Сәлемдесу.

б /Аспаптың құлақ бұрауын келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушы :


1.Халық әні Беу айдай әнін жатқа сұрау.

2. Халық термесін жатқа сұрау.

3.Әндердің мазмұн мағынасын сұрап, қате кеткен жерін түзету.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Тақырыбы: Ғарифолла Құрманғалиевтің Сүйген жар әнін талдау.

Жоспары:

1. Батыс Қазақстан өнерінің ән айту ерекшелігі туралы қысқаша түсінік беру.

2. Ғ.Құрманғалиевтің өмірбаянымен таныстыру.

3. Ғ.Құрманғалиевтың шығармашылығымен таныстыру.

4. "Сүйген жар" әнін талдау.

5. Ғ.Құрманғалиевтің орындауында Сүйген жар әнін үнтаспадан оқушығы тыңдату.



Қорытындылау:

Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

1.Сүйген жар әні кімге арналған?

2.Ән қандай шеберлікпен орындалған?



Көрнекіліктермен таныстыу.

№ 1 БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІ



Бекітемін:

№1 БММ оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Ошақбаева.Ж.Б.

Ашық сабақ

Тақырыбы: Ғ. Құрманғалиев "Сүйген жар"

Терме үйірме жетекшісі: М.А.Сахитова

Ақтөбе қаласы - 2011ж

Домбыраға әуен ырғақты келтіру, қосылып ән салу техникасы.Дауыс ырғағын,ән айту жүйесін қалыптастыру.Өнерпаз ретінде тәрбиелеу.

Мектеп әндерін өз сүйемелдеуімен жатқа айту.

Репертуардағы шығарма авторлары жайында әңгіме дайындау.Шығарманы текетімен дайындау.

Әншінің тыныс алу шеберлігі.

Ғ.Құрманғалиевтің орындаушылық шеберлігімен танысу.Үнтаспалар тыңдау.

Әр өнердің мақам саз ерекшеліктерін игеру.

Халық әндері және сазгерлердің әндерін домбырада ойнау. Халық әндері тарихы және орындалуы. Өңірлік мектептердегі халық әндерінің айтылуы және халық компазиторларының әндерін орындау.

Ән салу мәдениеті негіздері мен аспапта ойнау техникасы.Әншілік шеберлікке қол жеткізу.Әуеннің биітігі, тазалығы, ноталардың орындалу шеберлігі.Аспапты дұрыс меңгеру,оң қол,сол қол қойылымдарын дұрыс игеру.


Дауыс шығару аппаратының жұмысы, оны күту мен сақтау.Дауыс жаттығуларын жасау.Дауыс қою қағидаларын орындау. Тыныс алудың дұрыс тәсілі, дауыс күтімі және сақтау, дыбыстың сапасына арналған жаттығулар жасау.

Халық әндерін жаттау. Шығарманың сөздік қорымен танысу және талдау. Халық әнденің ырғақ пен өлшемі, дыбыстық диапозоны.Тақырыптарға құрылған қайырымы мен қайырмасы әрбір мотивтің тұтастығы.Музыкалық фразалар ұтымдылығы. Орындалуы.

Терме толғау орындау. Мақамдарды ерекше игеру. Қазақстандағы өңірлік Маңғыстау,Сыр, Батыс,Арқа, Жетісу аймақтарының терме дәстүрлі өнерінің айтылу ерекшеліктері. Мақам саздары. Орындалуы.

Емтиханда орындалатын шығармаларды тыңдау.

Домбыраға әуен ырғақ келтіру, қосылып ән салу техникасы. Дауыс ырғағын, ән айту жүйесін қалыптастыру. Дауыс бояуы мен дауыс қуаттылығын, дыбыстық тембр сапасын жүйелендіру. Өнерпаз ретінде тәрбилеу.

Мектеп әндерін өз сүйемелдеуімен жатқа айту. Мектеп қабырғасында атылатын, жеңіл әндерді домбырамен орындау, әнді айту, домбыра ұстау, орындыққа отыру,әнді бастап, аяқтақтау сияқты әншіге тән эмоциялық әсер бере білу. Өз дауыс мүмкіншілігін пайдалана білу.Репертуардағы шығарма авторлары жайында әңгіме дайындау. Шығарманы текстімен дайындау. Орындалған шығарманың авторы кім және қай жылы, қай жерде өмір сүргені туралы мағлұмат жинау. Буклет жасау. Тағы басқа айтылмай жүрген шығармаларын жинақтау. Берілген шығарманың неше буынан тұратындығы және қай өңірдің мақамымен айтылатындығы туралы түсінік беру.

1.Окушының колына "Досқа, насихат" термесінің созін,косымша акынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы лекция беру.Үйден терменің 1бөлімін жаттап келуді тапсыру.

2.Қазақ тарихынан биік орын алған терме-жыр өнері,өсиет нақыл сөздерімен ,насихатымен,мақам-сазымен ерекшеленеді.Халқымыздың қалыптастырған дәстүрлі құйма-құлақ мектебінің арқасында жетті.Көңілінен шыққан әуенді, сарынды,нақышты есте сақтау дала халықтарында ерекше қабілет қазақ халқында қалыптасқан .Дала саясаты дала мәдениеті ауыздан ауызға,құлақтан құлаққа жеткізілген.Дастан,қисса,эпостарды жатка орындаған жыршылардың есте сақтау қоры өте терең дамыған.Өнер иелерінің терме,жыр жаттап қана қоймай,халықты эстетикалық тәрбиеге,халықтық музыкаға жақындау мақсатында тіпті тіл үйрету жағдайын да қарастырған.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбына арқау болып отырған, қазақ жеріне шығармалары ең көп тараған ақын Кердері Әбубәкір.Ақынның шыққан тегі Кіші жүздің Жетіру, оның Кердері тайпасынан.Әбубәкірдің әкесінің аты Боранқұл.Әбубәкірдің ата қонысы Орал облысы,Теректі елінде 1861жылы дүниеге келген.ХIХ ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі зорлық зомбылық көрсеткеннен кейін, Боранкұл әулеті Ақтөбе маңында Сарықобда жеріне көшіп келеді.Әбубәкірдің әкесі Боранқұлда,шешесі Жансұлу да ақындық,шешендік өнерлері болады.Әбубәкір жасында тентек,ойыншыл болады.Әуелі ауыл молдасынан сабак алады.Кейін Орынбор,Тройцк қалаларында медресе бітіреді.Сауатты,сергек,шешен,ақындық өнері бар Әбубәкір елдің мұңын өлеңмен насихаттай бастайды.Ақынның өлең толғауларында заман,адам,дін,өнер,ғылым,әдет ғұрып имандылық мінез дағды туралы тебіренеді.Ақынның өлеңінде араб,түрік,орыс,татар сөздері кездеседі.Себебі,ақын дүмше молда, сияқты надан адамдарға түсінетіндей дәрежеде қолданған.Әбубәкір би болыс патшалардың саясатының солардың ығымен ыңғайымен сөйлеген.Ол айтпаған мәселе қалмаған.Әбубәкір Жетіру елінде Марабай Құлжабайұлы,Сабыр,Жібек қыз сияқты айтулы ақындарды ұстаз тұтқан.Қырық бес жасында 1906жылы тіл көзге шалдығып Алға ауданында дүние салады.Ақынның "Жарандар кеңес жазайын","Досқа","Насихат толғауы","Надан сопылар хақында","Алты алаш шежіресі" т.б көптеген өлеңдер жазған.Енді бүгінгі Әбубәкір Кердерінің "Досқа"деп өсиет насихат термесін өтетін боламыз.

Қазақ жырларының ақпа-төкпе ақындық дәстүрінен, әрі шығыс елдерінің жазба әдебиет жәдігерлерінен өнеге алған Әбубәкір ығармалары дін,инабаттылық мәселелерін насихаттауымен, әрі сол уағыздарын ақындық шабытпен еркін,келісті,қисынды жеткізімен халық журегіне жол тарткан еді.Әбубәкір атын Қазақстан,Орта Азия аймағына мәшһүр етті.

Көптеген өңірге ХХ ғасырдың бас кезінде ақ танымал болған Әбубәкір ақын қайта-құру дәуіріне дейін Шортанбай,Дулат,Мұраттармен бірге өткен заманды,ескіні жоктаушы зарлауық ақындар атанды,шығармалары уақыт ыңғайына қарай бағаланды,орынды,орынсыз сынға ұшырады.Әбубәкірдің шығармалары арасында өлең,толғаулар,хат-өлеңдер,арнаулар,айтыстар,шежіре-жырлар кездеседі.Ел аузында журген бірқатар ақыл,нақылдары мен шешендік сөздері,уытты әзіл,оспақтары бар.

Әбубәкірдің патша өкіметінің отаршылдық саясатын сезіне білмеуі мүмкін емес еді.Патша озбырлығының айқын көрінісі өз әкесі Боранқұл мен оның туыстарының Жайық бойындағы бағзы қонысынан айрылып,Ақтөбе маңына көшіп келуі.Тек бұл ғана емес,бүкіл қазақ елінің бірқатар ауылдарының ата қонысын ажыратып,жері тартылып,малы азайып,дәулеті сарқылып,дәуірінің дәстүр заңы бұзылып,адамының пиғылы өзгеруі Әбубәкір дәуірінде болды.

Патша өкіметінің қазақ елінің қарын жаздырмай,барлық әлеуметтік өміріне,тұрмыс тіршілігіне,әдет ғұрпына кеулеп еніп бара жатқан зиянды жаңалықтарын ақын тап басып,дәл көрсете алған.

...Орысша білім бермесең,

Еш пайдаға аспай тұр

Мұсұлманша молдаңыз.

...Қараның ұлы хан болды,

Құлдан туған паң болды,

Ақын бұл жерде көненің күні өтіп,орнына жаңаның келетін заңдылығын айта отырып,сол дәуірдегі омір шындығын шынайы суреттейді.Әбубәкірдің аңсағаны құдайын есінен шыгармаған әділет ақтық пен иманды инабаттылық,жасы үлкені мен әкімін тыңдаған,қулық сұмдық,озбырлық,арсыздық,бағзы қазақы өмір."Қазағым"атты өлеңінде халқымыздың бұрынғы бақыт,берекесі мен кең пейіл,ақ көңіл адалдығын,елдігі мен ерлігін тебірене жырлауы да сондықтан.

Әбубәкірдің бірер өлеңі Бұқар,Шал,Ақтан,т.б ақындар сияқты саты-саты адам өмірін суреттеу дәстүрінде.Әрине өзінше бейнелейді.

Әбубәкірдің үш айтысы бар.Екеуі кітаптарында жарияланған,айтыс жинақтарына енген.Екеуі де жазбаша түрдегі сұрақ- жауап ретіндегі жұмбақ айтыстар.Солардың бірі-Әбубәкірдің атақты Қарақалпақ ақыны Құлымбетпен айтысы.Екіншісі-Әлім Қожахметпен жолдаған жеті жұмбақтың жетуіне де Әбубәкір орынды, орнықты жауап берді.Әбубәкірдің Ноғай ақыны Нұрыммен айтысы бұрын баспа жүзін көрмеген,тек ел аузында ғана айтылып жүрген.Айтыстағы сөздеріне қарағанда Ноғай Нұрым да мықты ақын ретінде танылады.Алайда,Әбубәкір аршынды,білімді,қарсы шабуыл сайыста дес бермейтін нағыз дүлдүлдің өзіндей сезінеді.

Әбубәкірдің дін тарихынан,пайғамбарлар қауымынан,ата тек шежіресінен ауызша,жазбаша мол білімін аңғартатын шығармалары-шежіре өлең,жырлары.Бірі -7-8 буынды жыр үлгісінде,екіншісі -11 буынды қара өлең түрінде жазылған.Бұлардың көркемдік қисын,өлеңдік өрнегінен гөрі танымдық мәні зор.Ақынның Насихат толғауы (Әуелі,алла,жараттың"),"Өткен еменшілік заманды жоктап айтқаны","Жарандар, кеңес жазайын","Байлар хақында айтқаны","Балжан сұлуға айтқаны","Билерге айтқаны","Табын Досжан хазіретті жоқтап айтқаны" т.б шығармалары елге кеңінен тараған.

Бүгін Әбубәкір Кердерінің"Досқа насихат"деген өсиет-насихат термесін талдайтын боламыз.Терме 7-8 буыннан тұрады.Асықпай,біркелкі,сөзін анық беріп орындау керек.Оқушыға терменің ұзақтық өлшеммен жазылған нотасы ұсынылады.

Терме оқушымен бірге талданады және үнтаспадан Әділбек Сариннің орындауында Әбубәкірдің термесі "Билерге айқанын" тыңдату.

Көрнекілектермен таныстыру.



Қорытынды бөлім

Бекіту:"Насихат" сөзіне құрылған сөзжұмбақ шешу.

1. Әбубәкірдің әкесі. (Боранқұл)

2. Әбубәкірдің туған өлкесі.(Орал)

3. Әбубәкірдің анасының аты. (Жансұлу)

4. Бірінші орындаған әннің тақырыбы. (Перизат)

5. "Тобылғы сай" әнінің авторы.(Халық)

6. Музыкалық аспап. (Домбыра)

7. Дәстүрлі музыкалық аспап жанр (Терме)

Бағалау.


Үйге тапсырма беру : Оқушыға ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жазылған "Досқа насихат" термесі жазылған лекция беру.Үйден терменің " I бөлімін жаттап келу.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары
2014 -> Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, басқыш сұлбасы, үлестірмелі материалдар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет