Ризоиддегеніміз сыртқы жасушаларда болатын өсінділер. Мүктердің ерекшелігі көлемінің кішілігі: олардың биіктігі 20-30 см-ден аспайды.
Тіршілік формасы шөптесін. Мүктер споралары арқылы жақсы көбейеді. Споралардан ұсақ өскіншелер-протонемалар өседі, олардан мүк өсімдігі жетіледі. Көптеген мүктер екі үйлі өсімдіктер: аналық өсімдікте-архегонии, аталық өсімдікте-антеридий орналасады.
Мүктəрізділерді басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден ерекше бөліп
тұратын негізгі бір белгі, ол бұлардың даму кезеңінде гаметофитінің (жыныстық ұрпақтың) басым болуы. Спорофит гаметофитке бағынышты жəне гаметофиттің есебінен дамиды яғни қоректенеді.
Спорофит мүк тəрізділерде спорогон деп аталады. Ол ішінде спорасы, төменгі жағында сағағы (тірсегі) бар қорапшадан тұрады, оны гаусторийдеп атайды. Осы гаусторий арқылы спорогон гаметофиттің денесіне еніп, одан өзіне қажетті қоректік заттарды алады.
Мүктəрізділердің спораларынан протенема (өскінше) дамиды. Ол балдырларға ұқсас жіп немесе табақша пішінді денешік. Протонема тікелей мүк өсімдігіне айналады, не болмаса бүршіктер түзеді. Ол бүршіктерден келешегінде нағыз мүк өсімдігі пайда болады.
Толық жетілген өсімдікте антеридилері мен архегонийлері пайда болады. Антеридийлерде екі талшығы бар сперматозоидтар жетіледі. Ұрықтанғаннан кейін зиготадан спорогон жетіледі.
Эволюциялық тұрғыдан мүктер «тұйық» тармақ болып саналады, олар өсімдіктер əлемінде бірде-бір жаңа өкілге бастама бермеген.
Bryophytaөте ертеде пайда болған өсімдіктердің тобы. Мүк тəрізділердің қазба түріндегі қалдықтары тас көмір дəуірінен белгілі. Алайда олар ұзақ эволюциялық жолдан өткен, толық қалыптасқан өсімдіктер. Сондықтан олардың пайда болған уақытын əлде қайда кейінге-девон немесе силурийдəуірлеріне шегерген жөн.
Кейбір Риниофиттердің (Rhyniophyta-ның) мүк тəрізділерге ұқсас белгілерінің бар екендігі белгілі (спорангийлері сфагнумның қорапшасының құрылысына ұқсас). Бұл дегеніміз мүктəрізділер мен бізге белгілі ринифиттердің ертеректе туыстық жақындықтарының болғандығын жəне олардың арғы тегінің бір екендігін көрсетеді. Ал Риниофиттердің қалған жоғары сатыдағы өсімдіктердің алғашқы бастамасы болып келетіні белгілі. Мүктəрізділер мен Риниофиттер жер бетіндегі өсімдіктердің ең қарапайым түрлерінен пайда болған. Шамасы ол өсімдіктердің гаметофиттері мен спорофиттері бірдей дамыған болса керек.
Одан əрі дамудың барысында Bryophyta-ның гаметофиті негізінен жақсы жетіліп, ал қалған жоғары сатыдағы өсімдіктерде керісінше спорофиті прогессивтік бағытта дамып, гаметофиттері редукцияға ұшыраған. Сонымен Bryophytaэволюцияның дараланған жеке бір бұтағы болып есептелінеді.
Мүктəрізділер бөлімі Bryophyta 3 кластан тұрады: бауыр мүктер класы (Hearticopsida), антоцероттар класы (Anthocerotopsida) жəне жапырақты сабақты мүктер класы (Bryopsida). Бірқатар бриологтар антоцероттарды бауыр мүктеріне жатқызып, оларды осы кластың бір тармағы немесе қатары ретінде қарастырады. Дүние жүзі бойынша шамамен 22000-нан 27000-ға дейін мүктəрізділердің түрлері кездеседі. Олардың 8500 дейін бауыр мүктері (280 туыс), 14500-ге дейін жапырақты-сабақты мүктер (700-ден аса туыс) жəне 300-дей түрін (3 немесе 6 туыс) антоцероттар түзеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде түрлерінің саны жағынан мүктəрізділер гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орынды алады.