№1 дәріс тақырыбы


Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары



бет11/22
Дата19.10.2023
өлшемі391 Kb.
#186741
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
multi-199 x374763638 (2)

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары:

  • Сыздыкова Н.К., Турдыбекова К.М., Заикина Т.В. Методические указания по выполнению СРСП по дисциплине "Информатика" для всех специальностей. Карагандинский гос. ун-т . - Караганда : Изд-во КарГУ , 2014.

  • Электронные лекции по информатике (по специальностям). КарГУ им. Е.А. Букетова.

  • Ахманова Д.М., Бейсенова Д.Р., Шегирова Д.К., Қосыбаева Ү.А., Қауымбек И.С. «Информатика» пәні бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқау, Қарағанды, 2015 ж.

  • www.obrasovanie.ru

  • www.znanie.ksu.kz

  • www.znanie.kz

    6 лекция тақырыбы Оқу нәтижесін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесі. Жинақталушы баға портфолио.
    Жоспар

    1. Оқу нәтижесін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесі.

    2. Жинақталушы баға портфолио.

    Мұғалiм мен оқушының бағалауда бiрге жұмыс iстеуі маңызды. Оқушылардың табыстарын бағалайтын басты белгiлерді пайдаланғанда формативті және суммтивті бағалаулар да қолданылады. Мұғалімдер мен оқушылар портфолиоға енгізілетін маңызды және нақты жұмыстарды барлық оқу жылы ағымында шынайы ынтымақтастықта анықтай алады. Бұдан басқа, олар баллдар жүйесi мен бағаларды жетілдіріп, соның көмегімен портфолиодағы жұмыстар бағаланады. Айдарлар, ережелер және баллдар портфолиодағы әрбiр бөлiм үшiн де жасала алады. Сонымен қатар, жұмыстарға қойылған белгілер (бағалар, баллдар) суммативті бағалау үшін қосылу керек. Суммативті бағалау процесі кезінде портфолионың барлық бөлімдері мұқият талданып, шешім қабылдау процесі мен жұмыстарды бағалағанда мұғалімді, оқушыны, сарапшылар тобын қатыстыру керек.


    Портфолио толтыру кезеңдерi
    1-шi кезең
    Ұйымдастыру және жоспарлау – бұл портфолионы толтырудың бастапқы кезеңі. Бұған оқушы мен мұғалім портфолионың қандай болуы керек екендігін және оған қандай жұмыстар кiруi керектігін бірге шешеді. Оқушылар толық іріктеп алған мәселелеріне жауап бергенде портфолионың негізгі мақсатын және оның мәнін түсіне алады (барлау құралы ретінде және өзінің дамуын бағалауда).
    Мұғалiм және оқушы келесi сұрақтарға жауап беруi керек:

    • осы пән бойынша оқылатын сұрақтарды бейнелеу үшін мен материалдарды қанша және қалай іріктеуді жоспарлаймын?

    • мен жинағандарымды қалай ұйымдастыруды және нәрселерді, материалдарды көрсетуді қалай жоспарлаймын?

    • портфолионың толтырылуы, мазмұны және сақталуы қалай жоспарланады?

    2-шi кезең
    Жиын - бұл жинақталған мағыналы жұмыстардан тұратын, оқудың мақсаттары мен оқушылардың табыстарын қамтып көрсететiн жұмыстар. Портфолионың мазмұны туралы шешім әдейі осыған анықталған, осы кезеңде қабылдануы тиіс болып табылады мақсаттар мен міндеттерге негізделген.
    Ірiктеп алынған жұмыстар және материалдардың әр түрлi факторларға негiзделуi керек. Оларға жататындары:

    • нақты тақырыптың мазмұны;

    • оқыту процесі;

    • арнайы жобалар, тақырыптар немесе бөлiмдер.

    Портфолиоға іріктеп алынған барлық материалдар бағалаудың стандарттары мен белгілерін ашық қамтып көрсету тиiс.
    3-шi кезең
    Рефлексия – оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел. Рефлексия күнделікті ойлаудың және басқа формалардағы тапсырмалардың орындалуының талдауындағы ойлау процесстерінде сонымен қатар оқушылардың нақты уақыт аралығындағы есепті шешу үшін қолданылып, идеяларды жазудың формасына айналады.
    Оқушылардың портфолиосында көрсетiлгендей мұғалiмнiң рефлексиясымен ата-аналардың түпкi мақсатты процесі біріктірілуі тиiстi. Көрсетiлген тiзiм межелік бағалау емес. Қазіргі уақытта мұғалімдер қандай да бір қалыптасқан бағалау жүйесін қолданып жүр. Мұғалім қалыптасқан бағалау жүйесін пайдаланғанда ең үлкен әсер (эффект) беру үшін мақсаттылық пен жүйелiлікті қолдану керек. Оқытудың және бағалаудың әр түрлi жүйесін қолдану кез келген сыныптағы таныстыру әдiстерінің көпшiлiгiн жетiлдiруде мұғалiмге үлкен мүмкiндiк береді. Әр түрлі бағалау жүйесін қолдану - бағытталған әр түрлі оқыту стильдеріне және оқушылардың қажеттіліктерін өтеуге, олардың даралығын есепке алуға мүмкіндік береді.
    Оқушылардың білімін, білгірлігін және дағдысын тексеру үшін мұғалім оқушыларға бір тақырыптан әр қилы формадағы тапсырмалар беру арқылы олардың даралығын, әр түрлі парасаттылығын ескереді.
    Портфолионың түрлері. Портфолионың әр түрі бар, олардың әрқайсысы оқытуда және бағалауда бағдарламаның бiр бөлiгi сияқты нақтылы мақсаттарға қызмет көрсете алады. Портфолио түрлерiнің төменде келтiрiлген тiзiмi ғылыми әдебиетте жиi берiледi:

    • құжатты немесе «жұмысты» портфолио: Ол нақтылы мерзiм iшiндегі iрiктеп алынған жұмыстарды жинақтайды және жоспарланған нәтижелеріне қарап оқушының табыстарының өзгерiсiн көрсетедi. Құжатты портфолио барлық мидағы жазылған идеялардан, жобалардан және оқушының толық бiтiрiлген жұмыстарын қамтиды (презентация, шығарма, эссе тағы сол сияқтылар). Портфолио материалдары нақты бір бiлiм беретiн мақсаттарға бағытталғанда ғана мағыналы болып қалыптасады. Портфолиоға күштi және әлсiз жұмыстар да кiре алады.

    • Портфолио процесі: Мұндай портфолио барлық тұрғыларды немесе оқытудағы процесстiң фазасын құжаттайды. Бұл портфолио түрі барлық оқу процесін құжаттауға келгенде өте пайдалы. Ол оқушының бойына сiңiрген нақтылы бiлiмін немесе дағдыларын және негiзгi деңгейден жоғары деңгейге алға басуын көрсете алады. «Портфолио процесі» оқушының рефлексиясын оқу туралы процеске күшейтедi. Мұндай портфолио ойлау күнделiктерiнің, жазылған идеялардың және тағы басқа оқушы рефлексиясының қолданылуын ескередi.

    • демонстрациялық (көрсетпелі) портфолио. Бұл портфолио түрі суммативті бағалауда өте көп қолданылады. Ол мұғалім мен оқушылардың таңдап алған жақсы жұмыстарынан тұрады. Тек қана толық аяқталған жұмыстар осы портфолио түріне кiредi. Бұл портфолио түрін көбінесе көрнекiлiк құралдарымен толықтырады: фотосурет, бейнежазбалармен, компьютер арқылы есептелген нәтижелермен. Демонстрациялық портфолио оқушының қандай жұмыстарды осы портфолио түріне еңгізетіні туралы шешім қабылдауда жазған ойларынан тұрады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет