№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет36/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
36 
А. Байтұрсынов зат есімдерді семантикалық сипатына қарай деректі, дерексіз, 
жалпы, жалқы [2, 203], А. Ысқақов нақты, абстрактілік, жалпы, жалқы, 
даралау, жинақтау, жеке және топтау деп бөледі [3, 195]. 
А. Ысқақов эмоциялы-экспрессивтік, персондық, бейперсондық зат есімдерді 
де зат есімнің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар тобы 
ретінде көрсетеді [сонда]. 
Н. Оралбай зат есімдерді адамзат, ғаламзат атаулары; жалпы, жалқы зат 
есімдер; деректі-дерексіз; дара жинақтық мағыналы; әр түрлі реңк мәнді зат 
есімдер тәрізді топтарға бөледі [4, 86]. 
«Қазақ грамматикасында» зат есімнің лексика-грамматикалық топтары 
адамзат, ғаламзат, жалпы және жалқы, көптік мәнді, реңдік және үстеулік 
мәнді, эмоция-экспрессия реңі бар түрлерге жіктелген [5, 442]. 
Зат есімнің мағыналық топтарының ішінде адамзат және ғаламзат есімдері 
бұған дейінгі еңбектерде кімдік, нелік, бейперсондық, персондық болып 
түрліше аталып келген. 
Морфологиялық құрылымы жағынан зат есімдер, түбір, туынды сөздерден, 
біріккен, қос, қысқарған сөздерден, сондай-ақ күрделі құрылымнан тұрады. 
Зат есімдердің түрлену жүйесі оның грамматикалық категорияларымен 
анықталады. Грамматикалық категорияларға қатысы тұрғысынан көптелу, 
септелу, тәуелдену жүйесіндегі мағыналық ерекшеліктері көптік, септік, 
тәуелдік категорияларымен байланысты. 
Зат есімдердің сан-мөлшерлік, тәуелділік немесе меншіктілік-объективтілік 
сияқты грамматикалық мағыналары және олардың сөйлемде басқа сөздермен 
грамматикалық қарым-қатынасқа түсуі көптік, тәуелдік және септік 
жалғаулары арқылы жүзеге асады. 
Көптік жалғауының жалғануы зат есімдерді жекеше, көпше топтарға бөлуге 
ғана негіз болмай, өзі жалғанған сөздерге көптік мағынамен қатар жинақтау, 
сый тұту, құрметтеу, тұспалдау, болжау мағыналарын да үстейді. Көптік 
жалғауының қолданысындағы мұндай ерекшеліктер оның жалпы сөз бен сөзді 
байланыстырушылық қызметінен басқа да қызмет атқаруынан көрінеді. А. 
Ысқақов, С. Исаевтардың еңбектерінде көптік жалғауының қызметіндегі 
мұндай ерекшеліктер кеңірек қарастырылып, ғылыми негізде дәлелденген. 
Зат есімдердің тәуелденуі, яғни тәуелдік категориясы – түркі тілдерін басқа 
жүйедегі тілдерден құрылымдық жағынан ерекшелендіретін белгілердің бірі. 
Белгілі бір заттың иеленуші үш жақтың біріне меншіктілігін білдіруде 
тәуелдік категориясы арқылы меншіктеуші жақ пен меншіктелуші зат қатар 
көрсетіледі. Осы орайда тәуелдік категориясының бір тәсілі ретінде тәуелдік 
жалғаулары да ерекше қызмет атқарады. Түркі тілдеріндегі тәуелдеу 
категориясы бір заттың екінші затқа меншіктелуін ғана білдіріп қоймайды, 
сонымен бірге оның қай жаққа қатысты екендігін де білдіреді [6, 150]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет