№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет41/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
41 
оған «аталған қосымшалардың, біріншіден, сапалық сын есімдердің бәріне 
жалғана бермей, сөз тудырушы жұрнақтар тәрізді сөзге талғап жалғанатынын, 
екіншіден, бұл қосымшалардан соң -лау, -леу, -рақ, -рек формаларының 
жалғана беретіндігін» дәлел ретінде келтіреді [3, 10]. 
«Қазақ грамматикасында» аталған қосымшаларды салыстырмалы шырай 
жұрнақтары ретінде қарастырып, одан кейін шырай жұрнақтарының 
жалғануын тілдік құбылыстардың, заңдылықтардың өзгеріп отыруымен 
байланысты түсіндіреді. 
Сондықтан сапалық сын есімнің шырай категориясының түрлері, шырай 
формалары, олардың қызметіне қатысты кейбір мәселелер әлі де болса 
нақтылауды қажет етеді.
Сөз таптарының өзара қарым-қатынасы мәселесінде сын есімдердің зат 
есіммен және үстеумен байланысын да ескерген жөн. Бұл байланыс тілде 
субстантивтену және адвербиалдану құбылыстарымен түсіндіріледі. Сын есім, 
зат есім, үстеу сөз таптарының бірінің орнына бірі алмасып қолданылуы бір 
жақты құбылыс емес.
Жоғарыда аталған құбылыстарға қарама-қарсы, яғни басқа сөз таптарынан 
сын есімге ауысатын сөздер де бар.
Субстантивтену – сын есімнің және басқа да сөз таптарының зат есім орнына 
қолданылуы.
Адъективтену – зат есімнің және басқа да сөз таптарының сын есім орнына 
қолданылуы.
Адвербиалдану – сапалық сын есімдердің үстеу орнына жұмсалуы.
Адъективтену құбылысы сын есімнің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы 
ретінде де қарастырылады /4 262/. Оған тілдегі алаған, береген, қабаған 
тәріздес сөздер дәлел бола алады.
Сондай-ақ бастапқы мағынаның делексикалануы немесе бастапқы 
тұлғасының өзгеруі, яғни деформалануы арқылы да қалыптасқан сын есімдер 
осы құбылыстың нәтижесі.
«Қазақ грамматикасында» (2002) адъективтену құбылысын құрамына қарай 
жалаң, күрделі, шығу тегіне қарай сын есімді, етістік негізді және аралас 
түрдегі адъектив деп бөледі. 
Ал сын есімдерге септік, көптік, тәуелдік жалғауларының бірі жалғанып 
қолданылуы субстантивтену, яғни заттану құбылысымен байланысты. Н. 
Оралбаева сын есімнің заттануын контекстік және лексикалық заттану деп 
екіге бөледі /5, 159/. 
А. Ысқақов кейбір сын есімнің әрі анықтауыш, әрі пысықтауыш болуын
сондай-ақ оның әрі зат есімге, әрі етістікке тіркесуін сын есімге тән 
ерекшеліктің бірі деп танып, онда (сын есімде) әрі адъективтік, әрі 
адвербиалдық қызмет бар екендігін айтады (4, 239).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет