№1 дәріс Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет46/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Дәріс жоспары
1. Есімдіктердің зерттелуі. 


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
46 
2. Есімдіктердің лексика-грамматикалық сипаты. 
3.Синтаксистік қызметі. 
Негізгі ұғымдар
: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болжалдық, 
жалпылау есімдіктері, прономиналдану, субстантивтік, атрибутивтік, дейксис. 
Дәріс мәтіні 
Есімдіктер сан жағынан аса көп болмағанымен, есім сөз таптарының орнына 
жиі қолданылып, орынбасар сөз табы ретінде қызметінде жұмсалады.
Сондықтан сөз табы ретінде есімдікке тән жалпы қасиеттер мен 
заңдылықтарды, олардың қалыптасу тарихы мен жүйесін анықтауға 
бағытталған еңбектер аз емес. Алтай тілдеріндегі есімдіктерді зерттеу 
жұмысын алғаш рет ғалым Кастрен қолға алды.
Есімдіктердің қазақ тіл білімінде зерттелуіне келсек, бұл салада 
Н.Сауранбаевтың 
(«Есімдіктер»), 
Ш.Сарыбаевтың 
(«К 
вопросу 
о 
местоимении в казахском языке»), Ә.Төлеуовтің («Қазақ тіліндегі есімдіктер») 
еңбектерін атауға болады /1,4/. 
Аталған еңбектердің барлығында есімдіктердің тарихы, құрамы мен 
қалыптасу жүйесі, мағыналық сипаты жан-жақты қарастырылған.
Есімдіктерді дербес сөз табы ретінде тануда таптастырудың лексика-
семантикалық және грамматикалық ұстанымдары негізге алынады.
Есімдіктер сөйлемнен тыс немесе сөйлем ішінде қолданылғанымен, өзіне 
қатысты басқа сөздерден бөлек алынғанда мағыналары дәл, нақты болмай, 
қашанда жалпылама қалыпта кездесіп отырады.
Жалпы грамматикалық ұғымдардың түрлеріне қатысына қарай заттық 
есімдіктер, белгі есімдіктері және сандық есімдіктер болып үш түрге бөлінеді 
/4, 183/. Бұл жерде заттық және белгі есімдіктері алдыңғы топтастырудағы 
субстантивтік және атрибутивтік есімдіктермен бірдей. Ал сандық мәнді 
кейбір сұрау, белгісіздік есімдіктері үшінші топта қарастырылады.
«Қазақ грамматикасында» есімдіктің аталған тобының септелу жүйесіндегі 
ерекшеліктердің үш түрі берілген /2, 483-484/, ал ол есімдігінің (ІІІ ж.) септік 
жалғауларын қабылдаудағы өзгеруі сөз етілмеген.
Синтаксистік қызметі жағынан есімдіктер, орынбасар сөз табы ретінде
мағыналық ерекшеліктеріне қарай белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде 
жұмсалады. Атрибутивтік есімдіктерге қарағанда, субстантивтік есімдіктер 
тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер қызметін атқарады. Ал атрибутивтік есімдіктер 
негізінен анықтауыштық қызмет атқарып, тек субстантивтенгенде ғана басқа 
сөйлем мүшелерінде жұмсалады.
Есімдіктердің грамматикалық қызметіндегі бір ерекшелігі – дейксистік қызмет 
атқаруы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет