Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
25
әрі зат есім, 3 сөз туынды зат есім болып анықталады. Егер оны шартты
қысқартулармен алсақ, ЕСЗ болып шығады. Демек, сөзжасамдағы тізбек
құрылымындағы сөз табына қатысты құрылым моделі осылай. Зерттеуші
Б.Есімсейітов сөз таптық үлгі деген терминді қолданады, термин әлі де
тұрақталмаған, басқа термин болуы мүмкін.
Әр сөзжасамдық тізбекті алып қарасақ, оның құрамындағы туынды түбірлер
бір түп негіз сөзден бастау алады.
1.
Сөзжасамдық тізбектің құрамында міндетті түрде түп негіз сөз
болуы керек.
Сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшесі - түп негіз сөзден жасалған туынды
сөздер. Тізбектің құрамындағы туынды сөз біреу де, бірнешеу де болады (ой-
ойла-ойлан-ойландыр-ойландырт - 4 сөз; жұп-жұптық - 1 -сөз; жыр-жырла-
жырлас - 2 сөз).
2. Туынды сөздердің саны тізбекте түрлі болады. Түп негіз саны тұрақты,
туынды сөздің саны - тұрақсыз болады. Сөзжасамдық тізбектегі түп негіз сөз
бір морфемалы сөзден болады. Ал туынды сөз екі морфемалы, я одан да көп
морфемалы сөзден болады: жан-жандан-жансыз-жансыздан.
3. Тізбектің бір мүшесі ғана бір морфемалы сөз болады, қалған мүшелері екі
не одан да көп морфемалы сөзден тұрады: жара-жарасым-жарасымдық-
жарасымпаз.
• Сөзжасамдық тізбектің жаңа буынынан сөзтізбек жалғасып, жаңа, тың
мағына жасала береді. Әр сөзжасамдық тізбек негіз сөзден, туынды түбірден
жасалады да, содан әрі қарай өзінің мағына тудыру шегіне жеткенше
тізбектеліп кете береді. Туынды түбір сөздер жұрнақтар арқылы
жасалатындықтан, ол сөз құрамындағы морфеманың санын арттырады. Ал
тізбекте бір туындыдан екінші туынды жасала беретіндіктен, ондай
туындылардың морфемдік саны көбейе береді (бас-басқар-басқарма).
Туынды сөздердің құрамындағы морфемалар негізгі морфема және көмекші
морфемалар деп бөлінеді. Тізбектегі негізгі түбірлердің құрамындағы негізгі
морфема - түп негіз сөз, көмекші морфемалар - жұрнақтар. Мысалы: ас/ас-тық-
/ас-тық-ты. Барлық сөзде ас негізгі түбірі бар және бұл заңдылық барлық
сөзжасамдық тізбекке тән. Бұдан туынды сөздердің бір түбірден жасалғанын
көреміз. Мұндай бір түбір сөзден жасалған туынды түбірлер түбірлес сөздер
болып саналады. «Сіңісу процесінде сөздің түбірлес, төркіндес сөздердің
байланысы күңгірттеніп жойылады да, элементтері өзара кірігіп кеткен сөздер
өзімен төркіндес сөздерден оқшауланып алшақтайды (жақ-жағу, жану, жарық,
жалын) сөздері бір ғана түбірден жа- тарағанмен, қазірде бұл сөздер түбірлес
сөздер емес, мағына жақындағы бар сөздер ретінде үғынылады» (Тіл біліміне
кіріспе. 283-бет)
4. Сөзжасамдық тізбек тек қана түбірлес сөздерден құралады.
|