1-дәріс. Тақырыбы



бет3/3
Дата15.05.2024
өлшемі27,43 Kb.
#202235
түріОқулық
1   2   3
Байланысты:
Лингводидактика

бірінші бөлімі теориялық бөлім бұл оқулықтағы мәтіндердің мазмұны. Екінші бөлім, әдістемелік бұл әрбір тақырыптарға байланысты берілген сұрақтар мен тапсырмалар. Әдістемелік бөлім оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың өзіндік жұмысқа талпынысын,зерттеушілігі мен шығармашылығын дамытуға арналған негізгі бөлім деп қарауымыз керек. Сондықтан, мұнда сұрақтар мен тапсырмалар деңгейлеп беріле отырып, әр оқушының білім деңгейі мен мүмкіндіктеріне қарай қолданылатыны белгілі. Оқулықтың үшінші бөлімі бұл эстетикалық бөлім. Мұнда тақырыпқа байланысты сызбалар, суреттер, бейнелі көрнекіліктер т.б. орналасады. Бұл бөлімінің маңызы тақырыппен тікелей байланысты бола отырып, оның мазмұнын толық ашуға және оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындауды жүзеге асыруға көмектеседі. Осы үш бөлімнің тығыз байланыстылығын жақсы меңгерген педагог және білім беруде оқулықтың негізгі мазмұнын оқу құралдары мазмұнымен тиімді әдістер арқылы байланыстыра алған оқытушы оқушылардың тілдік білімдерін тереңдетіп, олардың шығармашылық арқылы білімді саналы меңгеруін қамтамасыз ете алады.Білімді меңгеру тек кітапты оқумен жүзеге аспайды. Ол күнделікті өмірден, өзін қоршаған ортадан, маңайындағылармен қарым-қатынастан білім шеңберін кеңейте түсетіні белгілі. Бірақ, ғылыми білім мен ұғым адамзат тарихында арнаулы сыннан өткен, ғылыми ізденістердің нәтижесінде қол жеткізген материалдардың негізінде меңгерілетінін білеміз. Әр ғылым саласы бойынша мұндай материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқулықтарда жазылған ғылыми деректер арқылы беріледі. Олай болса, мектеп жағдайында білім мен ғылымды меңгерудің көзі–оқулық болып саналады.2. Эциклопедияда оқулыққа мынандай анықтама беріледі: Оқулық – оқу бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап. Оқулық оқу орындарының типіне қарай (бастауыш, орта, кәсіптік-мектеп, жоғары оқу орындары) жасалады. Д.Д. Зуeв оқулық құру талаптарына мыналарды жатқызады: идeологиялық, психологиялық, логикалық, лингвистикалық, әдістeмeлік, дидактикалық, эстeтикалық, полиграфиялық, гигиeналық, экономикалық . Алайда заман өзгeрістeрінe қарай оқулық құруға қойылған кeйбір талаптар күшейіп, кeйбірeулeрі бәсeңдeй түсуі мүмкін. Қазіргі таңда оқулықтарға қойылатын талаптар оқушылардың жан-жақты дамуына және дүниені біртұтастықта түсінуіне ықпал ететіндей болу жағынан қарастырылуда. Мысалы: мынадай педагогикалық, дидактикалық талаптар: мына төмендегідей мазмұнда болмақ: - пәннің базалық ғылыми мазмұнының сақталуы, теориялардың, заңдардың ережелердің дұрыс берілуі, ғылыми жаңалықтар мен инновациялардың қамтылуы; - құндылық бағдарлылығы оқушыларды жалпы рухани адамгершілік, ұлттық - мәдени және жалпы адами құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағытталған материалдардың болуы; - мазмұнының бағдарлама ұсынылған талаптарға сәйкестігі, әрі түсініктілігі; - материалдарының оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкестігі; - Қазақстандық компоненттердің берілуі, мәтін мазмұнының дәл және анық, нақты деректер негізінде берілуі; - тәжірибе жасауға, сыни тұрғыдан ойлануға бағыттайтын тапсырмалардың берілуі; - зерттеу дағдыларын, өзіндік және шығармашылық жұмыстармен айналысуға бағыттайтын тапсырмалар мен жаттығулардың болуы; - тілдің жатық, ғылыми, әдеби және ықшам болып, оқушылардың ұғымына сәйкес келуімен қатар олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталуы; - оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей және көрнекілікті күшейтетіндей, иллюстрация, сурет, кесте, диаграмма, сызба т.б. көрнекіліктермен безендіріліуі; - сыртқы пішінінің тартымдылығы. Жалпы кітап атаулының бәрі адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің жемісі. Бірақ, жалпы неше түрлі тақырыптарға арналған кітаппен оқулықтың үлкен айырмашылығы бар. Кітап– адамға дайын ақпараттарды ұсынып қана қоймай, олардың бойындағы сезімін оятып, өзіндік ойлауға үйрете отырып, білім береді. Адамды ізденімпаздыққа жетелейді, ой-өрісін ұштайды, рухани тұрғыдан байытады. Дегенмен, оны арнаулы салада арнаулы пән бойынша дайындалған оқулықпен салыстыруға болмайды. Оқулықта оқу пәндерінің мазмұны бойынша жүйеленген материалдар беріледі. Оқулық – білім беру мазмұнын, меңгеруге жататын оқу ақпаратын толық көрсететін құрал. Оқулық - белгілі бір ақпарат тасымалдаушы ғана емес, ол ғылыми білімнің көзі. Оқулықтың құрылымы ақпараттық құрамы бойынша, оқу және тәрбиелеу функциялары бойынша маңызы әртүрлі компоненттерден тұрады. Оқулықта ғылым негіздерін, оның заңдары мен әдістерін жай ғана баяндап қоймайды. Ол ең алдымен сол пән бойынша теориялық материалды меңгерту мақсатына арналынып жазылады. Ол материалдар сол сыныптағы оқушылардың жас ерекшелігіне негізделеді. Оған енетін материалдардың берілуі өзінің бірізділігімен, жүйелілігімен, тұжырымдылығымен ерекшеленеді. Біз оқулық пен оқу құралдарын құрудың дидактикалық негізіне сүйенетін болғандықтан, дидактиканың білім мазмұнын анықтаудағы орынына тоқталмай өте алмаймыз. Дидактика -білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы. Яғни, білімді, дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын, білім мазмұнының, оның көлемі мен құрылымын, білім берудің әдістері мен формаларын зерттейді. Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. «Дидактика» терминін XVII ғасыр да чехғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет қолданды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптерді ғылыми тұрғыдан тұжырымдады. Бұл идея XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоции, неміс ғалымы Ф.А.Дистервег, Ресейде К.Д. Ушинский өз еңбектерінде одан әрі дамытты.Дидактикалық ойлар Әбу Насыр әл Фарабидің, Қожа Ахмет Иасауидің, Махмұд Қашқаридің, Жүсіп Баласағұнның және т.б. алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерінде де көрініс тапты. Олар дидактикалық талаптарды көбіне жастарды тәрбиелеу мәселесіне байланысты қолданды. Ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлының философиялық ойларында да дидактикалық тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында ағартушыпедагог – Ы.Алтынсарин өз еңбектерінде дидактика мәселелерін әр қырынан сөз етті. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев,т.б. еңбектерінде дидактика мәселелері жан-жақты талқыланды.А.Байтұрсынұлының оқыту әдістерін талдаған мақалалары мен әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Қазақстанда оқыту теориясымен айналысқан педагог-ғалымдар: Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б. әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді. Қазіргі заманғы дидактика оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптерін анықтайтын ғылыми білім беру теориясы. Ол өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді.В.С.Ледневтың пікірі бойынша оқулық мазмұнын оқушылардың ісәрекетіне қарап анықтауға болады дейді. Ал, В.В.Краевскийдің - педагогикалық теориясында білім беру мазмұны қоғамның, ғылымымның, мәдениеттің дамуымен сәйкес келуі керек деп көрсетеді. Сонымен қатар, ол оқулықты тек білім мазмұнын беруші құралы ғана емес, сонымен бірге ол оқытушының әдістемелік кітабы деп көрсетеді. Бұл екі пікірмен де келісуге болады. Себебі, оқушылардың ізденісі, өзіндік іс-әрекеті негізінен оқулықтағы берілген материал мазмұнынан туындайтыны белгілі.В.В.Краевскийдің пікіріндегі әр заманның, қоғамның даму деңгейімен оқулық мазмұнының сәйкес келуі қазіргі талаптармен қабысып жатқан пікір десек артық емес.Қазақстанда білім берудің дидактикалық негізіне көп көңіл бөлген ғалым профессор Т.Сабыров болды. Ол негізінен бастауыш сыныптарда берілетін білім мазмұнына көп көңіл бөлді. Бірақ, ғалымның «Оқушылардың бойында нақты ғылым қоры болмаса, оның өздігінен жұмыс атқаруы мүмкін емес»-деген пікірі білім берудің қай саласына болса да негіз болатын қағида. Шын мәнінде оқушыға білім беру құралы оқулық болатын болса, оның мазмұны мен құрылымы оқушыға қойылатын талаптарды орындатудың негізі болып табылады. Кейінгі кездерде оқулық жазудың теориялық және практикалық мәселелерін сөз етіп жүрген авторлар баршылық. Соның бірі А.М. Таганова өз пікірінде жалпы оқулықтың мына төмендегідей қызметін атап өтеді: - білімді хабарлау, баяндау; - оқушыларды әртүрлі дағдыларға жаттықтыру; - алған білімді өмір кәдесіне жарата білуге үйрету; - белгілі пәнді білмекке ынталандыру, қызықтыру; - білімді оқушылардың өздігінен пайдалануына жағдай жасау. Әрине, бұл жалпы оқулықтың маңызын ашуға тырысқан пікір деп қараймыз. Бірақ, оқулықтың атқаратын қызметі бұдан да күрделі. Әсіресе, химия оқулығынан берілетін білімнің ғылыми теориялық негізін оқушыға баяндап қана қоймайды, оны проблемалық жағдаяттар тұрғысынан оқушылардың өздігінен шешуіне бағыттайды. Қазіргі таңда оқулық білімді тек хабарлаушы емес, оны оқушылардың өздігінен ізденуіне бағыттаушы құрал десек те болады. Оқулық жазу мәселесінің теориялық тұстарымен көп айналысып жүрген ғалым А.Қ.Құсайынов өзінің бір сұқбатында «қазіргі оқулық жазушылар оқулықта берілетін білімді көбіне, өмірдегі нақты жағдаяттармен, адамның тұрмыс-тіршілігімен ұштастырыла бермейді»- дей келіп, нақты мысал келтіреді. Ол мысалы химияны орта мектепте толық оқыған мұғалімдерден қазіргі ыдыс-аяқ жууға арналған сұйықтардың сыртындағы жазылған химиялық қосындыларын ажыратып беруді сұрағанда олардың бірде-бірінің жауап бере алмағандығын айтады.Бұл оқулық мазмұнына тек ғылыми негіз енгенмен, оның күнделікті өмірге керекті материалдармен байланысының жоқтығын көрсетеді. Дамыған елдер оқушыларды тек білім алушы ғана емес, оқу үдерісіне белсене араласушы деңгейіне көтеру үшін,олардың өздігінен білім алу, оны өмірдегі жағдаяттарда пайдалана білу, ізденушілік құзыреттіліктерін қалыптастырып, дамытуды көздейді.И.Я.Лернердің айтуынша, оқулық оқыту үдерісін жан-жақты ұйымдастырушы ретінде қызмет атқарады. Осыған байланысты ол жаңа оқыту жүйесін сипаттайтын әрбір оқулықтың төрт негізгі элементін атап көрсетеді: 20 - бірінші, ақпараттық, яғни вербальды немесе материалдың мазмұны көрнекі құралдар арқылы түсіндіру үшін ұсынылған болуы; - екінші, репродуктивті, мұнда берілетін білім оқушылардың іс- әрекетін ұйымдастыруға бағытталуы; - үшінші, теориялық материалдың мазмұны шығармашылық іс-әрекетке жұмылдыратындай, ынталандырушы бағытта болуы; - төртінші, әлеуметтік тұрғыдан бағытталған эмоционалдық қарымқатынасты игеруге ықпал етуші ретінде қызмет көрсетуі қажет. Оқулыққа қойылатын талаптың күрделілігіне байланысты оны құрастыру мәселесі теориялық тұрғыдан да, әдістемелік тұрғыдан да көп ізденуді талап етеді. Белгілі педагог-ғалым Д.Д. Зуев оқулықтың пәндік мазмұнның оқушылардың танымдық шығармашылық жұмыстарының түрлерін ұйымдастырушылық мүмкіндігін жоғары бағалайды. И.Зверев «Жоғары білікті оқулық-ойлылық пен эмоционалдықты, ғылым мен көркемдікті, бейнелі баяндаумен ұштастыру үлгісі»- деп атап көрсетті. Оқулық–Білім және ғылым министрлігімен бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес оқу пәні мазмұнының жүйелі баяндалуын қамтитын оқутеориялық басылым және бұл мемлекеттік құжат болып есептеледі. Егер оқу бағдарламасы пән бойынша берілетін білімнің тақырыптарын анықтап және оған қанша сағат бөлінетінін көрсетсе,оқулық сол тақырыптардың әрқайсысының мазмұнын ашып көрсетеді.Оқулықтың көлемі мен құрылымы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес болуы қажет және онда көрсетілген білім мазмұны толықтай қамтылуы тиіс. Оқулық басқа басылымдардан атқаратын өзіндік қызметтері, мазмұны мен мәтініне қойылатын талаптар және ерекше құрылымы арқылы ажыратылады.Қай кезеңде болса да, оқулық мазмұнының ғылыми тілінің түсінікті, деректерінің нақты болуы және оқушылардың күнделікті қоршаған ортадан кездестіретін заттармен байланыстылығы білім алушының сол пәнге деген қызығушылығын оятуына түрткі болады. Оқулықтың сапалылығы оқушылардың білімділігінің кепілі екендігі туралы оның аса күрделі мәселелер қатарына жататындығын ғалымдар мойындайды. Бұл туралы В.П. Беспалько «Оқулық жазу оңай шаруа емес, нағыз оқулықтар жасайтындай болып кемелдену үшін, педагогика жөніндегі қазіргі ғылыми монографияларды байыбына жете зерттеп оқыған жөн» деп сипаттаған. Жоғары мектепке арналған оқулықтарды зерттеумен айналысқан ғалым П.Г.Буга ЖОО арналған оқулықтарды дайындауда жіберілетін кемшіліктерді көрсетеді: - оқу материалын бергенде пәнаралық байланыстың ескерілмеуі; 22 - әртүрлі пәндер бойынша берілген материалдың әлсіз сабақтастығы; - оқу кітабындағы анықтамалық аппаратының әлсіз берілуі; - жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының талаптарының жеткілікті ескерілмеуі; - бағдарламалық материалды мазмұндауда болашақ маман иесінің жеткілікті ескерілмеуі; - кітап мазмұнында дүниетанымдық, әдіснамалық сипаттағы материалдардың жеткіліксіз болуы; - оқу материалының қайталануы; - оқу кітаптары құрылымының және оның авторлық-ілеспе аппаратының әртүрлі берілуі; - ұғым, түсінік категорияларының әртүрлі түсіндірілуі. Осы көрсетіліп отырған кемшіліктердің көпшілігі орта мектепке арналған оқулықтарда да орын алатындығы белгілі. Оқулықтың маңыздылығын сипаттай келе, оның білім саласында жетістікке жетудегі көмекші құрал ғана емес, ел болашағы үшін жауапты қызмет атқаратынына көз жеткіземіз. Себебі, оқулық болашақтың иесі жастардың ғылыми ұғымының негізін қалайтын, олардың іскерлігі мен ізденушілігінің көзін ашатын, білімге құштарлығын дамытатын ақпарат көзі, және осы айтылғандардың бәріне бағыттаушы құралы. Оқулықтар мен оқу құралдары орта мектептегі оқу үдерісінің оқу ақпаратының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Заманауи оқулықтар мен оқу құралдарынсыз жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және нәтижеге жету мүмкін еместігі белгілі. Жаңа түрдегі заманауи оқулықтарды дайындап, шығару авторлардың психологиялық-педагогикалық, арнайы дайындығы мен ауқымды күш және құралдарды қажет етеді. Оқулықтың қазіргі таңда бірнеше түрі бар. Олар қағазға басылған түрімен қатар, электронды тасмылдағыш түрі де болуы мүмкін. Бірақ, бұл оқулықтың мәнін, білімдік, дамытушылық, тәрбиелік яғни, педагогикалық бағыттылығын өзгерпейді. Оқулықтар мен оқу құралдары білім трансферінің, стереотиптік қабілеттің, мәдени және эмоционалды-бағалы қызметтің негізгі құралы болған және солай болып қала береді. Оқулықтың сапасы білім беру ортасының құрамдас бөлігіретінде оқушылардың интетеллектуалды-танымдық даму қажеттіліктеріне сәйкес сезімдік құндылықты, әлеуметтік жеке және эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді.Қазіргі таңда педагогиканың ерекше саласы – оқулықтану ғылымы қалыптасты. Ол педагогиканың, психология, дидактиканың жетістіктеріне негіздей отырып, оқулықтарға қойылатын талаптарды жетілдіре түсу жайлы ғылым. Олардың осы таңдағы көрсеткен бағасы бойынша оқулықтардың сапасын әлі де жоғары деп санауға келмейтіндігіПрофессор С.М.Исаев жалпы оқулықтар құрастыру туралы сөз еткенде оқулық жазған авторлардың үнемі ойынан оқулық мазмұнының үш адамға арналатындығын шығармауға тиістігін айтады. Ең алдымен дейді, ғалым оқулық оқушыларға арналады. Мұнда ғылыми тексерістің барлық деңгейінен өткен, өмір шындығымен шыңдалған, нақты ғылыми деректерге негізделген, сол оқулықты пайдаланатын жастардың жас ерекшеліктеріне лайықты деңгейде, түсінікті тілде, жеткілікті көлеммен берілген материалдарды оқушыға арнайды. Екінші жағдайда, осы материалды сыни көзбен қарап, жетіспейтін ұғымдарын толықтырып, берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орынды жерінде, оқушылардың мүмкіндігіне қарай қолдануға дайындалатын мұғалімге арналады. Үшінші жағдайда, балаларының түсінбеген жерлерін 26 толықтыру, сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге көмекке келу үшін оқулықты ата-аналар да пайдаланады. Сондықтан да, оқулықтағы көрнекіліктердің орынды берілуі, әдістемелік аппараттың дұрыс құрылуы оқулық үшін негізгі талаптардың бірі.Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесіОқулық атауы: Авторлары: Оқыту тілі: ҚазақСыныбы:Баспа: І.Нормативтік бағалау ІІ. Оқулықтың мазмұндық жағы, жалпы құрылымы ІІІ. Оқулық мәтіні, тақырыптарға бөлінуі ІV. Өмірмен сәйкестілігі V. Тапсырмалардың күрделілігі, жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі VI. Мәтін тілі және стилі VII. Баспа қателерінің болуы VIII. Түптелуі IX. Шрифт, безендірілуіОқулық бойынша ұсыныстар:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет