2-дәріс. Тақырыбы: Оқулық – білім алудың басты құралы
Оқулық теориясы кеңестік педагогикада Н.К.Крупская, П.П.Болонский, Е.И.Перовский, М.Н.Покровский, Н.А.Менчинский, Ф.П.Кровкин, Л.В.Занков, Д.Д.Зуев, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.П.Беспалько, А.А.Гречихина, Г.Г.Гранник сынды педагог-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып келді. Оқулықтардың теориялық негізін, білім берудің дидактикалық принциптеріне қарай оның мазмұндық, құрылымдық ерекшеліктерін зерттеген Ресей ғалымдарының қатарында: В.Г.Бейлинсон, Д.Д.Зуев, П.Г.Буга, В.В.Краевский, Н.Ф.Талызина, Л.В.Занков, С.Г. Шаповаленко, В.П.Беспалько, И.К. Журавлев айналысқандығын білеміз. Сонымен қатар педагог Г.М. Донской оқулық мазмұнының дамуы мен атқаратын қызметін, А.М. Сохор оқулықтардағы ғылыми материалдарды дидактикалық өңдеу туралы, И.П.Товпинец, Ю.К.Бабанский, В.В.Сорокин, Л.С.Гузей, Р.П.Суровцева, В.П.Максаковский, А.З.Рахимов, Н.И. Кондаков, М.Н. Скаткин және т.б. еңбектерінде оқулық құрылымы мен оны құру жолдарын талдаған. Ал, ғалым Дайнеко оқулық тиімділігін арттыру жолдарын, К.Швинге, Л.Я.Зорина, Л.М.Кузнецова оқулық функцияларының оның құрылымына әсері туралы тұжырымдарды ұсынған.А.Қ.Құсайынов, Ұ.А.Асылов, оқулықтанудың өзекті мәселелерін қарастырса, А.Е.Әбілқасымова Қазақстандағы жаңа буын оқулықтары қандай болу керек, қазіргі14 жағдайы және олардың сапасын кешенді бағалау мәселелерін қарастырған.Қазіргі қоғамға әлеуметтік жағынан бейімделу үшін адам баласына тек білім ғана емес, оны күнделікті өмірде, практикада шығармашылықпен қолдана білуі қажет. Бұл үшін, біріншіден, өмір сүруге қажетті дүниежүзілік және жалпы ұлттық мәселелерді шеше білу икемдігі; екіншіден, жоғары технологиялармен қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық жаңару жолдарын таба білу біліктілігі қажет. Бұл мәселелерді шешуге жастарды дайындау үшін тіл ғылымының жеткен жетістіктерін білім жүйесіне ендіру, оқушылардың теорияны толық меңгеруіне жағдай жасау, қоршаған өмірде кездесетін нақты деректерді олардың көзімен көріп, қолымен ұстауына, олар арқылы тәжірибе мен эксперименттер жасай отырып, өздерінің ізденуі арқылы шындыққа көз жеткізетіндей материалдар қамтылуға тиіс. Мұндай іс-әрекетті ұйымдастыру қазақ тілі пәнін оқытуды жаңаша құрып, жаңа технологияларды кеңінен қолданумен тығыз байланысты.Еліміздегі мектеп оқулықтарының мәселесін саралап, зерттеп, жүйелей отырып және оқулықтарды дайындаудағы озық тәжірибелерді таразылай келе, жаңа буын оқулықтарын мазмұндық, құрылымдық жағынан жетілдіре түсудің керектігі байқалады. Мұнда алға қойылатын мәселе оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұндық, жүйелік байланысы және сол байланысты білім беруде сақтай отырып жүзеге асыру болып табылады. Біз педагог- ғалым И.Я.Лернердің пікіріне жүгінсек, оқулық бірден көзге шалына қоймайтын үш бөлімнен тұратынын білеміз. Оның