2. Жалпы дамыту жататығу кешенін құрастыру.
Ырғақты би- бала үшін қозғалыс арқылы өз-өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ал, қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын.
Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік , шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, жалпақтабандылық, омыртқа қисаю ауруларының алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ырғақты би балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады.
Бимен айналысу арқа, іш және аяқ бұлшық еттерін нығайтады әрі бүкіл ағзадағы және буындар мен омыртқадағы қан айналымын, сондай-ақ зат алмасу процесін жақсартады. Сонымен қатар қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін арттырып, дене бітімін жетілдіруге, тыныс алу жүйесін жаттықтыруға көметеседі.
Музыкалық-ырғақтық іс-әрекет ырғақ сабақ жұмысының мазмұны болады да, оның нәтижесінде оқушылар музыкаға қосылып, қозғалыс арқылы өзін, яғни «мен» дегенді көрсетеді. Күрделі емес музыкалық формаларды меңгеруі, музыкамен әртүрлі қозғалыстарды – жүгіру, секіру, би және гимнастикалық жаттығуларды орындау, оқушылардың қозғалысьдағдыларын, кеңістік бағдарын және қозғалыс тепе-тендігін жақсартуға көмектеседі.
Ырғақ – оқушының эмоционалдық қалпын және тәртібін қалпына
келтірудің жақсы құралы болып келеді.
Әдебиеттер:
1. С.Гиппиус «Актиерский тренинг» «Гимнастика чувств» М.,2009.
2. Немеровский А. “Пластическая выразительность актера”. М., 1988.
3. Способности ваших детей. Сост. Линькова Н.П., Шумилин Е.А.М., «Просвещение». 1969 г.
4. ПуртоваТ.В., Беликова А.Н., Кветная О.В. Учите детей танцевать. М.,
Достарыңызбен бөлісу: |