1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Сәбилік кезең
Дәріс жоспары:
Сәбилік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама
Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры
Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері
Сөздің дыбыстық, ерекшеліктерінің қалыптасуы
Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар
Әдебиеттер:
1. Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова. Балалар психологиясы. Нур-принт. 2015.
2. Ф. Жұмабекова, Н. Нұрғазиева. Психология. Фолиант. 2015.
3. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Тыңдаушыға арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Нұр-Сұлтан.2019
4.Возрастная психология: учебник для бакалавров. Л.Ф. Обухова. - 2014.
1.Сәбилік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама
Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды.
Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында көбінесе сұйық тамақпен тамақтанады. Алғашқы жылмен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы 3 есе артады. Екі жасқа келгенде салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай сайын 1 см өсіп, балаларда 20 сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты ырғаққа келеді.
Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады. Осы кезде ай сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста миының салмағы 1100-1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы баяулайды:
7 жасқа келгенде 1250 г болады
8-9 жасқа келгенде 1300 г бболады
15 жасқа келгенде 1350 г болады
21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады.
Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте тез дамиды [1].
2.Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры
Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300-ге тарта сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес ( автономиялық) сөз деп аталады. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдей бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады. (ням-ням, мам-мам,ня-ня) тамақ ішемін деген сөзі және баланың мұндай дербес сөздері үлкендердің нағыз сөзінен бұрмаланып алынған сөз болады. Мысалы: сүт- түт, шәй-тәй, ішемін-тем.
Бала тілінің тез шығып, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие жұмысына байланысты. Сөздік қорының молаюы, олардың психикасының дамуына да әсер ертеді.
Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды жақсы қабылдап, есінде сақтап, зейінін шоғырландырып, кең көлемде ойлайтын, қиялы ерекше дамыған сезімтал болады. Өзінің қоршаған орта туралы түсінігі де кең болып, жан-жақты дамиды.
Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл –ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.
Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды.
Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы
Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.
Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.
Автономды сөйлеу балада тез ( әдетте жарты жыл көлемінде) өзгеріске түсіп, жылдам жойылып кетеді. Айтылуы және мәні жағынан түсініксіз сөздер «үлкендердің» сөзімен алмаса бастайды [2].
3 жасқа қарай баланың белсенді сөздік қоры 1000-1500 сөзге жетеді. Шамамен 1,5 жастағы сөйлемі 2-3 сөзден тұрады. Бұл көбінесе субьект және оның әрекеті (« мамам келе жатыр»), әрекет және объект әрекеті (« мам берші») немесе әрекет және әрекет орны (« кітап анда») 3 жасқа қарай ана тілінің негізгі грамматикалық және негізгі синтаксистік құрылымдарын меңгере бастайды.
Бала сөзінде барлық сөздер бөлігі кездеседі, мысалы: « Есіңде ме суға барғанымыз, әкем мен Мерей шомылды, ал анам қайда болды?», « Мен әкем мен анамның баласымын, атам мен апамның немересімін», « Мен сенің келгеніңе өте қуаныштымын».
Баланың сөйлеу белсенділігі көбінесе 2-3 жас аралығында дамиды.
3.Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері
Баланың тілінің дамуы. 2 жастың өзінде бала атқаратын қызметіне байланысты:
-1) бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіретін кезі болады. Ф-ф-ф-ф-ф-у- сіріңке, темекі, пеш,газ,шам, т.б тамақ ішем, ет жеймін су ішемін.
-2) тұрған орынына қарай
-3) сыртқы ұқсастығына қарай бөлу: га-га-га- қаз тұмсығы созылып тұрған саз балшықты құсқа ұқсатады, жүннен тоқылған затты бөки дейді.
-4) дыбысты бойынша атау. Ля-ля- радио, музыка, ән. Қоқ-қоқ тауық, мияу- мысық деген сияқты т.б.
2 жастың соңында бала үлкендермен үнемі қарым-қатынас жасау нәтижесінде сөздік қоры жылдам артады. Үлкендерден білмегендерін сұрайды, үлкендердің сұрағына жауап береді. Алғашқы сұрағы бұл не? Бұл қалай аталады?- деп сұрап, әр заттың өз атауы болатынын біледі.
1 жастың соңында 18-25 активтік сөз болса, 3 жаста 1000-1200 сөз. Екі жастың соңында да баланың тілі анық емес, грамматикалық тұрғыда байланысы жоқ болады. Сөздің грамматикалық құрылымын игерудің белгілі бір заңдылығы болады:
60-70 сөзге жеткен соң қарапайым сөйлем құрастырады.
Сөзді тыңдап отырып қайталайды.
Ситуациялық сөз.
Баланың жалпы даму деңгейіне байланысты, яғни ақыл-ойының, дербестігінің дамуына байланысты.
1-ден 3- жасқа дейінгі аралықта баланың сөзді меңгеруінің өзіндік мәні болады. Бала айналасындағы құрбы-құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі танып біледі.
Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде әр заттың қасиетімен атқаратын қызметін ажыратады.
Қоршаған ортадағы заттарды таңдау, топтау, жалпылау негізінде қабылдап негізгі белгілерін ажыратады.
Заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынас байланыстарын ажыратады.
Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде алдына мақсат қойып ерікті әрекет етуге, дербестікке үйренеді.
Үнемі үлкендермен қарым-қатынас негізінде тәлім-тәрбие нәтижелерін игеретін болады,болмайды деген сөздер мәнін түсінеді
Бала өзін өзгелермен салыстырып қоғамдағы өз орнын түсінеді.
Өзіне және өзгелерге баға беріп, басқа біреулер үшін жауап беріп, жауапкершілік сезімі оянады.
Практикалық ойлауы дамиды. Тақпақ жаттау,ертегі,әңгіме айту, дидактикалық ойын ойнауы жүзеге асады.
Осы кезде бала тілінің дамуының үш жағын байқауға болады.
Психофизикалық
Психологиялық
Логикалық, грамматикалық, фонематикалық
Психофизиологиялық даму үшке бөлінеді:
Бақыру ( жылау)
Былдырлауы
Нағыз сөзі
Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта өтеді:
Үлкендердің сөзін түсінуі жоғарғы бағытта өтеді
Сәбидің өзіндік белсенді сөздік қоры қалыптасады.
Балада дыбыстарды есту негізі қалыптасады. Бірте – бірте өңделіп, сөздік дыбыстар құрайды, ақырында балада алғашқы сөзді түсінуі мен құрастыру дағдысы қалыптасады да үлкендермен айналасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артып кеңейеді. Сәбилік кезеңде баланың тілінің дамуы үшін үлкендермен қарым-қатынас жасау мен заттармен әрекет етудің маңызы зор.
Кейбір үлкендермен сирек араласатын баланың тілі кеш дамиды. Тағы да ескертетін жай баланың барлық талап – тілектерін, айтқанын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыратын болсақ, бала көпке дейін сөйлей алмайтын болады.
Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40 тан 100 ге дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады. Бір жарым жастан соң кенет өзгеріп, бала сөйлеуге ынталы боып, тек заттың атын атап қана қоймай, оны затпен байланыстырып айтатын болады [2].
4.Сөздің дыбыстық ерекшеліктерінің қалыптасуы
Белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.
Грамматикалық құрылысты, игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін – түбірлі сөздержен құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады. Заттарды өз қолымен ұстап, әрекет етіп көріп, қасиетін ажыратады. Осының өзі баланың сөздік қорын дамытады. « Киіміңді әкел! «Әжені шақыр! «Атаға таяғын алып бер» десе баланың түсінігі кеңейіп, қарым-қатынас шеңбері артады. 3 жасқа қарағанда әр сөздің мәнін, қолданылатын орнын ажыратып, түсінеді. 2 жастың соңында сөздің мәні мен мазмұңын түсініп, қысқаша қызықты ертегіні тыңдап, бірнеше қайталап айтып беруі талап етеді. Әңгіме, ертегіні тыңдау арқылы қабылдау, есте сақтау, зейін қою, ойлаудың алғашқы белгілері байқалады [4].
5. Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар
Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас дағдарысы болады. Өзінің «менін» бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау. Бала бағыты өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский, Э.Келлер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттейді [3].
3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:
Негативизм - бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.
Қыңырлық ( упрямство)- бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.
Наразылық – бүлікші (қасарыспалық)- кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездеесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.
Деспотоизм (шексіз билеушілік)- отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.
Бағасыздану (обесценивание)- 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Сәбилік кезеңде пайда болатын негізгі әрекеті рөлддік дидактикалық қимылды ойындар. Осы кезде бала үлкендердің әрбір әрекетіне еліктеп, көптеген заттармен әрекет етуді меңгереді. Қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді. Барлық психикалық үрдістер дамиды. Заттар мен әрекеті де ойын арқылы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |