1-дәріс-тезистары. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Жоспар



бет7/10
Дата15.03.2023
өлшемі33,04 Kb.
#172615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
umkd po mikrob.i virusol.

1. Патогендік микробтар. Жұқпалы аурулардың қоздырғышы — патоген микробтар. Әрине жұқпалы ауру адамға немесе жануарларға таралуы үшін белгілі бір жағдай қажет. Оларға адам және мал организмдерінің осы ауруларға бейімділігі, яғни қабыл алғыш қасиеті жатады. Мәселен, топалаңнан өлген малдың етінен бөлініп алынған микробтардың сау организмді тез арада қатты ауруға шалдықтыратын қасиеті бар. Осындай микробтардың болмашы мөлшері үй қоянын сеспей қатырады. Ал осы микробты лаборатория жағдайында бірнеше уақыт бір қоректік ортада сақтағаннан кейін қоянға жұқтырса, ол ауруға шалдықпайды, өйткені қолайсыз жағдайда топалаң микробы өзгеріп, әлсізденіп қалады.
Жұқпалы аурулардың таралуы адам мен жануарлар организмінің беріктігіне, яғни сол ауруға қарсы тұра алатындық қасиетіне байланысты. Мәселен, тауық топалаңмен мүлде ауырмайды, тіпті оларға топалаң микробын қолдан жұқтырсаңыз да ауырмайды. Егерде Л. Пастер жасағандай етіп, тауық аяғын салқын суда ұзақ ұстап, содан кейін топалаң микробын жұқтырсаңыз, ол тез арада ауыра бастайды. Мұнда тауықтың топалаң микробына төзімділігі нашарлайды. Мәселен, адам өкпесіне туберкулез микробы енді делік, бірақ денсаулық күшті болса бұл адам ол аурумен мүлде ауырмайды. Егер де, басқа бір аурумен ауырып, адам денесі нашарласа, онда туберкулез микробына организмнің қарсы тұрарлық қасиеті әлсірейді де, адам туберкулезбен ауырады. Жұқпалы ауру қоздырғыштары біздің организмге түрліше зиянды әсер етеді. Зиянды микробтардың көпшілігі организмді улайтын, нерв жүйесін, жүрек қызметін, қан тамырларын және ішкі органдардың барлығын зақымдайтын түрлі улар бөліп шығарады.
Ауру қоздырушы, яғни патоген микробтар бір адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мәселен, мерез ауруын қоздырушы гонококк микробы, әсіресе әйел мен еркектің жыныстық қатынасы кезінде, ал әр түрлі іш аурулары кір қол немесе заттар арқылы таралады. Мәселен, оба және іш-сүзегімен ауырған адамдардың төсек орны және баска да заттары арқылы сау адамдарға жұғады. Көптеген зиянды микробтар науқас адамдар тыныс алғанда ауаға тарайды. Осы ауамен дем алған сау адамның науқастануы да ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет