1-дәріс-тезистары. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Жоспар


Бактериальды аурулар- мерез, туберкулез, соз



бет8/10
Дата15.03.2023
өлшемі33,04 Kb.
#172615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
umkd po mikrob.i virusol.

2. Бактериальды аурулар- мерез, туберкулез, соз. Адамдар мен жануарларды зақымдандыру үшін түрлі жұқпалы ауруларды қоздыратын бактерияларды да пайдалануы мүмкін.
Мерез (сифилис)- өте ауыр, адам организмінің кез келген органын бұзатын, тұқым қуалау арқылы берілетін созылмалы ауру. Қоздырғышы сұр (бледная) трепанема немесе спирохетта- бұл микроб сыртқы түрімен 8-12 оралымды спиральді еске түсіреді. Ол төменгі температураға, ылғалға төзімді. Қышқылды ортада өледі. Қоздырғышы адамға ғана әсер етеді. Спирохетта сырт пішінімен штопорға ұқсас. Бұл ауру жыныс қатынасы арқылы жұқтырылады. Аурудың алғашқы даму кезеңі 3-4 аптаға созылады. Ал кейбір адамдарда бұл уақыт қысқа 10-15 күн, ұзақ 3 айға дейін болады

13 дәріс. Микроорганизмдер көмегімен күкірт, фосфор және темір қосылыстарының өзгеріске ұшырауы.


Жоспар:
1.Күкірт қосылыстарының өзгерістері
2.Темір қосылыстарының өзгерістері
3.Фосфор қосылыстарының өзгерістері


1. Күкірт қосылыстарының өзгерістері. Табиғаттағы күкірт айналымына физикалық, химиялық факторлармен қатар биологиялық процестерде әсер етеді. Әдетте күкірт тірі организмдер цитоплазмасында кездеседі. Өсімдік қалдықтары мен жануарлар өлекселері ыдыраған кезде, олардан күкірт бөлінеді. Бұл қосылыстың түзілуі құрамында күкірті бар белок заттарының ыдырауына байланысты. Белокты осындай өзгеріске ұшырататын — шіріту бақтериялары. Сонымен катар күкірттің әр түрлі қосылыстары (SО2, SО3, Н2S) түрлі вулкандардың атқылауы кезінде газ күйінде бөлініп атмосфераға таралады. Топырақта түрлі биологиялық процестер әсерінен пайда болған сутегі құрамында күкірті бар амин қышқылдарын тотықсыздандырады да күкірт сутегін түзеді. Сонымен қатар күкірт сутегі күкірт және күкіртті қышқылдар тұздарының сутегі ионының тотықсыздандырғыш әрекеті нәтижесінде пайда болады. Мұндай тотықсыздану қабілеті, әсіресе күкірт бактерияларынан байқалады. Олардың негізгі өкілдерінің біріне Спириллум десульфуриканс жатады. Ол ұсақ спираль тәрізді таяқша бактерия. Негізінен екі түрі болатындығын анықталды. Оның біріншісі — вибрио, екіншісі — слоровибрио. Олар құрамында органикалық қышқылдар мен спирттер бар ортада жақсы өніп-өседі де күкірт қышқылының тұздары — сульфаттарды оңай тотықсыздандырады. Бұл процесс ауасыз жерде өте қарқынды жүреді. Егер ортада қант болмай органикалық қышкылдар немесе көміртегінің басқа қосылыстары болса, реакцияның бағыты өзгермегенмен одан шығатын заттардың арақатынасы бірдей болмайды. Осындай микробиологиялық процестің нәтижесінде топырақта немесе суда пайда болған күкірт сутегі тірі организмдерді уландырады. Күкірт сутегінің біртіндеп жиналуы нәтижесінде мұндай орталарда тіршілік бірте-бірте тоқталады. Мәселен, Қара теңіздің кейбір бөліктерінде 200 метр тереңдікте күкірт сутегінің көп жиналуынан тіршілік жойылып кеткен. Организмдер бір қалыпты тіршілік етуі үшін күкірт сутегінің күкірт қышқылына дейін тотығуы қажет. Сонда ғана күкірт сутегінің улылық қасиеті жойылып, өсімдіктердің сіңімді қосылысына айналады. Бұл процесс табиғатта үздіксіз жүріп жатады. Процестің жүруіне себепші болатын организмдер- күкірт және тион бактериялары. Тион бактерияларының тек күкірт сутегі ғана емес, сонымен қатар күкірттің кейбір қосылыстарын, молекула күйіндегі күкіртті тотықтыра алатын қабілеті бар. Күкірт бактерияларының барлығы да автотрофты организмдер, яғни денесіндегі органикалық заттарды көмір қышқылынан құрайды. Бұған қажетті энергияны күкіртті тотықтыру кезінде алады. Оны мына реакциядан көруге болады:
14 дәріс. Топырақтағы микробиологиялық процесстер (микроорганизмдер экологиясы)
Жоспар:

  1. Топырақтағы микроорганизмдерге пестицидтердің әсері

  2. Микроорганимдердің таралуы.




  1. Топырақтағы микроорганизмдерге пестицидтердің әсері. Ауыл шаруашылық дақылдарын түрлі зиянкестерден сақтауда кеңінен қолданылып жүрген химиялық заттарды — пестицидтер деп атайды. Бұлардың ішінде арам шөптерге қарсы күресуде қолданылатын — гербицидтер, ауру қоздырушы саңырауқұлақтардан өсімдіктерді қорғайтын — фунгицид препараттары, насекомдардан қорғайтын инсектицидтер, нематод және басқа да зиянкестерге қарсы қолданылатын — нематоцидтер бар.

Ауыл шаруашылығына түрлі зиянкестер орасан зор зиянын тигізеді. Сондықтан пестицидтерді өндіру тез көбейтілді. Мәселен, тек Америка Құрама Штаттарында жылына 400 миллион доллардай әр түрлі химиялық қорғаныш заттар өндіріледі.
Пестицидтер тиімді болғанымен топырақта едәуір мөлшерде жиналып қалатынын ескеру керек. Ол — мал және адам үшін аса қауіпті. Санитариялық ережелер бойынша қазіргі кезде кейбір тағамдарда (сүт, ет, астық т. б.) пестицидтер мүлдем болмауы тиіс. Бұл ереже сақталмаса адамның ауруға шалдығуы мүмкін. Жер шарының 50 елінде 30 мыңдай адам осы пестицидтермен уланғандығы мәлім болып отыр. Бұлардың басым көпшілігі Америка Кұрама Штаттары мен Жапонияда байқалады. Өйткені бұлар пестицидтерді ең кеп қолданатын мемлекеттер.
Қазіргі кезде арам шөптерге қарсы қолданылатын пестицидтердің ішінде — гербицидтер олардың жеке түріне ғана әсер етеді, ал мәдени өсімдіктерге зиянын тигізбейді.
Гербицидтерге дихлормай қышқылы, дихлор-3-аминобензой қышқылы және симазин жатады. Топырақта бұл препараттар өзгеріске ұшырайды. Олардың бірқатар бөлігі ауаға таралады, қалғандары микроорганизмдер әрекетінен ыдырайды. Ондай микроорга-низмдерге псевдомонас булъгарис, норкадиа кораллина, азотобактер, триходерма т. 6. жатады. Кейде топырақ қышқылды болса гербицидтер микроорганизмдерге жойқын әсер етеді. Сондықтан оларды нейтралды топыраққа қолданып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет