Тақырып: Бастауыш сынып мұғалімдерінің, тәрбиеші, мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы
Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы. Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде. Мұғалімнің өз бетінше кәсіптік білімін көтеруі және жетілуі. Қарым-қатынас деп аталатын процесс - аса кең және сиымды түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады.
Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.
Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып, қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: «не айту керек, қай жерде айту керек және қалай айту керек». Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды, себебі «небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар мен лебіздер түрін ұстануға жол береді».
Біздің заманымызда бұл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі - сөйлеудің формасы мен мазмұнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі. Шешеннің үш міндетті - «не, қайда және қалай сөйлеуді» сақтауының негізінде, Цицерон шешендер түрлерін анықтаған, кімнің сөзі «орынды болса», сол шырқау шегіне жеткен шешен болған. Қарым-катынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл - бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Қарым-қатынастың мұндай түсіндірмесі келесі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді.
Қарым-қатынас функциясының неғұрлым жете талдауы контакттілік, ақпараттык, түрткі болушы, үйлестіруші, түсіну функциясын, қатынастар орнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын саралап жіктеуге мүмкіндік береді (Л.А. Карпенко).
Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен психологиялық қатынаста байланысқан адамдар арасындағы мақсатты, тура немесе қайсы бір құралдармен жанамаланған контакт орнату және қолдау процесі ретінде анықтай отырып, А.А. Леонтьев оның келесі сипаттамаларын бөледі: контактілік, бағдарланғандық, бағыттылық, арнайы семиотикалық пен процестің психологиялық динамикасы.
Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.
Автократиялық стильді қолдануында құрылған оқу орнында “мектеп-фабриканың” белгілері болады, ал демократиялық бағытталған оқу орнында “мектеп-отбасының” белгілері болады, бірақ қазіргі кезге дейін педагогикалық жүйелердің артықшылықтары анықталған жоқ: “мектеп-фабрикаларда” әдетте үлгерім жоғары, ал “мектеп-отбасында” қатысушылардың мазасыздығы төмең, микроклиматы жақсырақ болады.
Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы» деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды: педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады. Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде). Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.
Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады. Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |